Millat al-Islam

Chapter 44 · 59 verses · Khalifah Altai

Surah Ad-Dukhan' in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Ad-Dukhan' (1216 reciters)
Meccanسورة الدخان59 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

حمٓ ١Ха. Мим وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ ٢Ашық баян етуші Құранға серт إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةٍ مُّبَٰرَكَةٍۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ ٣Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (С. 1-А) فِيهَا يُفۡرَقُ كُلُّ أَمۡرٍ حَكِيمٍ ٤Ол кеште барлық хикметті істер айрылады أَمۡرًا مِّنۡ عِندِنَآۚ إِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ ٥Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз رَحۡمَةً مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ ٦(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ ٧Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٨Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы بَلۡ هُمۡ فِي شَكٍّ يَلۡعَبُونَ ٩Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда فَٱرۡتَقِبۡ يَوۡمَ تَأۡتِي ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ ١٠(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р) يَغۡشَى ٱلنَّاسَۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ ١١Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап رَّبَّنَا ٱكۡشِفۡ عَنَّا ٱلۡعَذَابَ إِنَّا مُؤۡمِنُونَ ١٢Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكۡرَىٰ وَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٌ مُّبِينٌ ١٣Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген ثُمَّ تَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ وَقَالُواْ مُعَلَّمٌ مَّجۡنُونٌ ١٤Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді إِنَّا كَاشِفُواْ ٱلۡعَذَابِ قَلِيلًاۚ إِنَّكُمۡ عَآئِدُونَ ١٥Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар يَوۡمَ نَبۡطِشُ ٱلۡبَطۡشَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ ١٦Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз ۞ وَلَقَدۡ فَتَنَّا قَبۡلَهُمۡ قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَ وَجَآءَهُمۡ رَسُولٌ كَرِيمٌ ١٧Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген أَنۡ أَدُّوٓاْ إِلَيَّ عِبَادَ ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٨Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді وَأَن لَّا تَعۡلُواْ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنِّيٓ ءَاتِيكُم بِسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ١٩Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім وَإِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمۡ أَن تَرۡجُمُونِ ٢٠Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым وَإِن لَّمۡ تُؤۡمِنُواْ لِي فَٱعۡتَزِلُونِ ٢١Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَٰٓؤُلَآءِ قَوۡمٌ مُّجۡرِمُونَ ٢٢Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды فَأَسۡرِ بِعِبَادِي لَيۡلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ ٢٣(Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі وَٱتۡرُكِ ٱلۡبَحۡرَ رَهۡوًاۖ إِنَّهُمۡ جُندٌ مُّغۡرَقُونَ ٢٤(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер كَمۡ تَرَكُواْ مِن جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٢٥Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды وَزُرُوعٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ ٢٦Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де وَنَعۡمَةٍ كَانُواْ فِيهَا فَٰكِهِينَ ٢٧Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا قَوۡمًا ءَاخَرِينَ ٢٨Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық فَمَا بَكَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَا كَانُواْ مُنظَرِينَ ٢٩Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б) وَلَقَدۡ نَجَّيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ مِنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ ٣٠Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық مِن فِرۡعَوۡنَۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيًا مِّنَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ ٣١Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді وَلَقَدِ ٱخۡتَرۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ عِلۡمٍ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ ٣٢Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық وَءَاتَيۡنَٰهُم مِّنَ ٱلۡأٓيَٰتِ مَا فِيهِ بَلَٰٓؤٌاْ مُّبِينٌ ٣٣Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ ٣٤Күдіксіз олар, бүйдейді إِنۡ هِيَ إِلَّا مَوۡتَتُنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُنشَرِينَ ٣٥Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз فَأۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ٣٦Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші أَهُمۡ خَيۡرٌ أَمۡ قَوۡمُ تُبَّعٍ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ مُجۡرِمِينَ ٣٧(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا لَٰعِبِينَ ٣٨Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық مَا خَلَقۡنَٰهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ٣٩Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ مِيقَٰتُهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٤٠Расында олардың бір араға жиналатын билік күні يَوۡمَ لَا يُغۡنِي مَوۡلًى عَن مَّوۡلًى شَيۡـًٔا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ ٤١Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٤٢Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ ٤٣Шынында заққүм ағашы; (С. 62-А) طَعَامُ ٱلۡأَثِيمِ ٤٤Күнәкарлардың тамағы كَٱلۡمُهۡلِ يَغۡلِي فِي ٱلۡبُطُونِ ٤٥Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды كَغَلۡيِ ٱلۡحَمِيمِ ٤٦Қайнаған су құсаған خُذُوهُ فَٱعۡتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ ٤٧Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар ثُمَّ صُبُّواْ فَوۡقَ رَأۡسِهِۦ مِنۡ عَذَابِ ٱلۡحَمِيمِ ٤٨Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар ذُقۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡكَرِيمُ ٤٩(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمۡتَرُونَ ٥٠Шынында күдіктенген нәрселерің осы إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٍ ٥١Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٥٢Бақшаларда бұлақтарда يَلۡبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسۡتَبۡرَقٍ مُّتَقَٰبِلِينَ ٥٣Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады كَذَٰلِكَ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٍ ٥٤Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз يَدۡعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ ٥٥Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلۡمَوۡتَ إِلَّا ٱلۡمَوۡتَةَ ٱلۡأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ ٥٦Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған فَضۡلًا مِّن رَّبِّكَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ ٥٧Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ ٥٨(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық فَٱرۡتَقِبۡ إِنَّهُم مُّرۡتَقِبُونَ ٥٩Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде

Translation: Khalifah Altai.