Millat al-Islam

Chapter 84 · 25 verses · Khalifah Altai

Surah Al-Inshiqaq in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Inshiqaq (1262 reciters)

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتۡ ١Аспан жарылған сәтте وَأَذِنَتۡ لِرَبِّهَا وَحُقَّتۡ ٢Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде وَإِذَا ٱلۡأَرۡضُ مُدَّتۡ ٣Жер созылған сәтте وَأَلۡقَتۡ مَا فِيهَا وَتَخَلَّتۡ ٤Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте وَأَذِنَتۡ لِرَبِّهَا وَحُقَّتۡ ٥Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡإِنسَٰنُ إِنَّكَ كَادِحٌ إِلَىٰ رَبِّكَ كَدۡحًا فَمُلَٰقِيهِ ٦Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың فَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ ٧Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе فَسَوۡفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا ٨Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі وَيَنقَلِبُ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ مَسۡرُورًا ٩Ол,үй ішіне-қуанып кайтады وَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ وَرَآءَ ظَهۡرِهِۦ ١٠Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе فَسَوۡفَ يَدۡعُواْ ثُبُورًا ١١Сонда ол,дереу өлім шақырады وَيَصۡلَىٰ سَعِيرًا ١٢Қайнаған тозаққа түседі إِنَّهُۥ كَانَ فِيٓ أَهۡلِهِۦ مَسۡرُورًا ١٣Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді إِنَّهُۥ ظَنَّ أَن لَّن يَحُورَ ١٤Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады بَلَىٰٓۚ إِنَّ رَبَّهُۥ كَانَ بِهِۦ بَصِيرًا ١٥Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді فَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلشَّفَقِ ١٦Жоқ,шапақ уақытына وَٱلَّيۡلِ وَمَا وَسَقَ ١٧Түнге әрі ішіндегі нәрсеге وَٱلۡقَمَرِ إِذَا ٱتَّسَقَ ١٨Толған айға серт لَتَرۡكَبُنَّ طَبَقًا عَن طَبَقٍ ١٩Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер فَمَا لَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ ٢٠Сонда оларға иман келтірмейтін не болды وَإِذَا قُرِئَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقُرۡءَانُ لَا يَسۡجُدُونَۤ ۩ ٢١Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُكَذِّبُونَ ٢٢Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا يُوعُونَ ٢٣Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі فَبَشِّرۡهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ ٢٤(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونِۭ ٢٥Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар

Translation: Khalifah Altai.