بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
نٓۚ وَٱلۡقَلَمِ وَمَا يَسۡطُرُونَ ١Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт مَآ أَنتَ بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ بِمَجۡنُونٍ ٢(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің وَإِنَّ لَكَ لَأَجۡرًا غَيۡرَ مَمۡنُونٍ ٣Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ ٤Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің فَسَتُبۡصِرُ وَيُبۡصِرُونَ ٥Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді بِأَييِّكُمُ ٱلۡمَفۡتُونُ ٦Жындылық қайсыларыңда екен إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ ٧Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі فَلَا تُطِعِ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٨Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба وَدُّواْ لَوۡ تُدۡهِنُ فَيُدۡهِنُونَ ٩Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М) وَلَا تُطِعۡ كُلَّ حَلَّافٍ مَّهِينٍ ١٠(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба هَمَّازٍ مَّشَّآءِۭ بِنَمِيمٍ ١١Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да مَّنَّاعٍ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٍ أَثِيمٍ ١٢Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да عُتُلِّۭ بَعۡدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ ١٣Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід) أَن كَانَ ذَا مَالٍ وَبَنِينَ ١٤Бұлар малды, балалы болса да إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٥Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді سَنَسِمُهُۥ عَلَى ٱلۡخُرۡطُومِ ١٦Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т) إِنَّا بَلَوۡنَٰهُمۡ كَمَا بَلَوۡنَآ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ إِذۡ أَقۡسَمُواْ لَيَصۡرِمُنَّهَا مُصۡبِحِينَ ١٧Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті وَلَا يَسۡتَثۡنُونَ ١٨Алла қаласа демеді فَطَافَ عَلَيۡهَا طَآئِفٌ مِّن رَّبِّكَ وَهُمۡ نَآئِمُونَ ١٩Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды فَأَصۡبَحَتۡ كَٱلصَّرِيمِ ٢٠Бақша қара түнектей болды فَتَنَادَوۡاْ مُصۡبِحِينَ ٢١Сонда олар, таң сәріден дабыстады أَنِ ٱغۡدُواْ عَلَىٰ حَرۡثِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰرِمِينَ ٢٢Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп فَٱنطَلَقُواْ وَهُمۡ يَتَخَٰفَتُونَ ٢٣Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты أَن لَّا يَدۡخُلَنَّهَا ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكُم مِّسۡكِينٌ ٢٤Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп وَغَدَوۡاْ عَلَىٰ حَرۡدٍ قَٰدِرِينَ ٢٥Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті فَلَمَّا رَأَوۡهَا قَالُوٓاْ إِنَّا لَضَآلُّونَ ٢٦Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ ٢٧Жоқ, біз құр қалған екенміз" (десті) قَالَ أَوۡسَطُهُمۡ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ لَوۡلَا تُسَبِّحُونَ ٢٨Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді قَالُواْ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ ٢٩Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَلَٰوَمُونَ ٣٠Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَآ إِنَّا كُنَّا طَٰغِينَ ٣١Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبۡدِلَنَا خَيۡرًا مِّنۡهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ ٣٢Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз كَذَٰلِكَ ٱلۡعَذَابُۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ ٣٣Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ٣٤Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар أَفَنَجۡعَلُ ٱلۡمُسۡلِمِينَ كَٱلۡمُجۡرِمِينَ ٣٥Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ ٣٦Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер أَمۡ لَكُمۡ كِتَٰبٌ فِيهِ تَدۡرُسُونَ ٣٧Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма إِنَّ لَكُمۡ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ ٣٨Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма أَمۡ لَكُمۡ أَيۡمَٰنٌ عَلَيۡنَا بَٰلِغَةٌ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ إِنَّ لَكُمۡ لَمَا تَحۡكُمُونَ ٣٩Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма سَلۡهُمۡ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ ٤٠(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен أَمۡ لَهُمۡ شُرَكَآءُ فَلۡيَأۡتُواْ بِشُرَكَآئِهِمۡ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ ٤١Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін يَوۡمَ يُكۡشَفُ عَن سَاقٍ وَيُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ ٤٢Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٌۖ وَقَدۡ كَانُواْ يُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ وَهُمۡ سَٰلِمُونَ ٤٣Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын فَذَرۡنِي وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِۖ سَنَسۡتَدۡرِجُهُم مِّنۡ حَيۡثُ لَا يَعۡلَمُونَ ٤٤(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз وَأُمۡلِي لَهُمۡۚ إِنَّ كَيۡدِي مَتِينٌ ٤٥Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرًا فَهُم مِّن مَّغۡرَمٍ مُّثۡقَلُونَ ٤٦(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ ٤٧Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلۡحُوتِ إِذۡ نَادَىٰ وَهُوَ مَكۡظُومٌ ٤٨(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (С. 139-147-А) لَّوۡلَآ أَن تَدَٰرَكَهُۥ نِعۡمَةٌ مِّن رَّبِّهِۦ لَنُبِذَ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ مَذۡمُومٌ ٤٩Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді فَٱجۡتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَجَعَلَهُۥ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ٥٠Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті وَإِن يَكَادُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَيُزۡلِقُونَكَ بِأَبۡصَٰرِهِمۡ لَمَّا سَمِعُواْ ٱلذِّكۡرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُۥ لَمَجۡنُونٌ ٥١Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكۡرٌ لِّلۡعَٰلَمِينَ ٥٢Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес