Millat al-Islam

Chapter 78 · 40 verses · Khalifah Altai

Surah An-Naba in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah An-Naba (1413 reciters)
Meccanسورة النبأ40 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ ١Олар не нәрседен сұрасады عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ ٢Зор уақиғадан ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ ٣Олар, ол жөнде таласуда كـَلَّا سَيَعۡلَمُونَ ٤Әсте олай емес, олар тез біледі ثُمَّ كـَلَّا سَيَعۡلَمُونَ ٥Тағы олай емес, олар тез біледі أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدًا ٦Жерді бір төсеніш қылмадық па وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادًا ٧Тауларды қазық... (С. 27-А) وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجًا ٨Сендерді жүп-жүп жараттық وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتًا ٩Ұйқыларыңды дем алыс қылдық وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسًا ١٠Түнді жамылғы қылдық وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشًا ١١Күндізді тіршілікке жараттық وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعًا شِدَادًا ١٢Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық وَجَعَلۡنَا سِرَاجًا وَهَّاجًا ١٣Жарқыраған шырақ (күн) жараттық وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءً ثَجَّاجًا ١٤Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبًّا وَنَبَاتًا ١٥Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا ١٦Және ну бақшалар إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتًا ١٧Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجًا ١٨ұрілген күні, топ-топ келесіңдер وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبًا ١٩Көктер сетінеп есіктер пайда болады وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا ٢٠Таулар жүргізіліп, сағым болады إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادًا ٢١Әлбетте тозақ күтіп тұрады لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابًا ٢٢Азғындардың барар жері لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابًا ٢٣Олар онда ғасырларша тұрады لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدًا وَلَا شَرَابًا ٢٤Олар онда салқындамайды да сусын татпайды إِلَّا حَمِيمًا وَغَسَّاقًا ٢٥Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді جَزَآءً وِفَاقًا ٢٦Қылмыстарына сай бір жаза إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابًا ٢٧Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابًا ٢٨Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبًا ٢٩Әр нәрсені жазып, сақтадық فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا ٣٠Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді) إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا ٣١Негізінде тақуалар үшін құтылу бар حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبًا ٣٢Бақшалар, жүзімдер бар وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابًا ٣٣Жас өспірім құрдас қыздар бар. (С. 52-А., 56-С. 37-А) وَكَأۡسًا دِهَاقًا ٣٤Толып, тасыған кәсе бар لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا وَلَا كِذَّٰبًا ٣٥Олар онда бос сөз және өтірік естімейді جَزَآءً مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابًا ٣٦Раббыңнан толық бір сыйлық رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابًا ٣٧Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفًّاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابًا ٣٨Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا ٣٩Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابًا قَرِيبًا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا ٤٠Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді

Translation: Khalifah Altai.