Millat al-Islam

Chapter 85 · 22 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Burooj in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Burooj (1318 reciters)
Meccanسورة البروج22 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡبُرُوجِ ١Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡمَوۡعُودِ ٢және уәде етілген Күнмен وَشَاهِدٍ وَمَشۡهُودٍ ٣Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін قُتِلَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأُخۡدُودِ ٤Жойылып кетсін ордың иелері ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلۡوَقُودِ ٥ішінде отыны бар отты / ордың إِذۡ هُمۡ عَلَيۡهَا قُعُودٌ ٦Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді وَهُمۡ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ شُهُودٌ ٧имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып وَمَا نَقَمُواْ مِنۡهُمۡ إِلَّآ أَن يُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ ٨Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ شَهِيدٌ ٩Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُواْ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَتُوبُواْ فَلَهُمۡ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمۡ عَذَابُ ٱلۡحَرِيقِ ١٠Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّٰتٌ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡكَبِيرُ ١١Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік إِنَّ بَطۡشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ ١٢Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты إِنَّهُۥ هُوَ يُبۡدِئُ وَيُعِيدُ ١٣Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلۡوَدُودُ ١٤Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші ذُو ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡمَجِيدُ ١٥Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы فَعَّالٌ لِّمَا يُرِيدُ ١٦қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡجُنُودِ ١٧Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме فِرۡعَوۡنَ وَثَمُودَ ١٨Фиръаун және Сәмүдтықтардың بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي تَكۡذِيبٍ ١٩Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ ٢٠Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы بَلۡ هُوَ قُرۡءَانٌ مَّجِيدٌ ٢١Сөзсіз, ол - ұлы Құран فِي لَوۡحٍ مَّحۡفُوظِۭ ٢٢Ләухул-Махфузда

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.