Millat al-Islam

Chapter 89 · 30 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Fajr in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Fajr (1331 reciters)
Meccanسورة الفجر30 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلۡفَجۡرِ ١Таңғы араймен ант етемін وَلَيَالٍ عَشۡرٍ ٢Әрі он түнмен وَٱلشَّفۡعِ وَٱلۡوَتۡرِ ٣және жұп әрі тақпен وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَسۡرِ ٤және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін هَلۡ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٌ لِّذِي حِجۡرٍ ٥Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін / жеткілікті / ант емес пе أَلَمۡ تَرَ كَيۡفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ ٦Ей, Мұхаммед! / Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе إِرَمَ ذَاتِ ٱلۡعِمَادِ ٧ұзын бағаналары бар Ирамға ٱلَّتِي لَمۡ يُخۡلَقۡ مِثۡلُهَا فِي ٱلۡبِلَٰدِ ٨Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді وَثَمُودَ ٱلَّذِينَ جَابُواْ ٱلصَّخۡرَ بِٱلۡوَادِ ٩Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға وَفِرۡعَوۡنَ ذِي ٱلۡأَوۡتَادِ ١٠және қазықтар иесі Фиръаунға ٱلَّذِينَ طَغَوۡاْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ ١١Олар елдерде шектен шығып فَأَكۡثَرُواْ فِيهَا ٱلۡفَسَادَ ١٢әрі онда бұзықтықты көбейткен еді فَصَبَّ عَلَيۡهِمۡ رَبُّكَ سَوۡطَ عَذَابٍ ١٣Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды إِنَّ رَبَّكَ لَبِٱلۡمِرۡصَادِ ١٤Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы فَأَمَّا ٱلۡإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكۡرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَكۡرَمَنِ ١٥Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді وَأَمَّآ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ فَقَدَرَ عَلَيۡهِ رِزۡقَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَهَٰنَنِ ١٦Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді كـَلَّاۖ بَل لَّا تُكۡرِمُونَ ٱلۡيَتِيمَ ١٧Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер وَلَا تَحَٰٓضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ ١٨және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар وَتَأۡكُلُونَ ٱلتُّرَاثَ أَكۡلًا لَّمًّا ١٩әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер وَتُحِبُّونَ ٱلۡمَالَ حُبًّا جَمًّا ٢٠Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер كـَلَّآۖ إِذَا دُكَّتِ ٱلۡأَرۡضُ دَكًّا دَكًّا ٢١Жоқ, олай емес! Жер / сілкініп / теп-тегіс болған кезде وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلۡمَلَكُ صَفًّا صَفًّا ٢٢әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде وَجِاْيٓءَ يَوۡمَئِذِۭ بِجَهَنَّمَۚ يَوۡمَئِذٍ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكۡرَىٰ ٢٣және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде - міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда يَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي قَدَّمۡتُ لِحَيَاتِي ٢٤Ол: «Әттең! Өмірім үшін / ізгі амалдар / жіберген болсам еді»,- дейді فَيَوۡمَئِذٍ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُۥٓ أَحَدٌ ٢٥Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُۥٓ أَحَدٌ ٢٦әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды يَٰٓأَيَّتُهَا ٱلنَّفۡسُ ٱلۡمُطۡمَئِنَّةُ ٢٧Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан ٱرۡجِعِيٓ إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةً مَّرۡضِيَّةً ٢٨Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт فَٱدۡخُلِي فِي عِبَٰدِي ٢٩Енді құлдарымның қатарына кір وَٱدۡخُلِي جَنَّتِي ٣٠Әрі Менің жәннатыма кір

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.