بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
تَبَارَكَ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡفُرۡقَانَ عَلَىٰ عَبۡدِهِۦ لِيَكُونَ لِلۡعَٰلَمِينَ نَذِيرًا ١Әлемдерге / насихат етіп / ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды / Құранды / түсірген Ол -аса Берекелі ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَمۡ يَتَّخِذۡ وَلَدًا وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٌ فِي ٱلۡمُلۡكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَيۡءٍ فَقَدَّرَهُۥ تَقۡدِيرًا ٢Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً لَّا يَخۡلُقُونَ شَيۡـًٔا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ وَلَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ ضَرًّا وَلَا نَفۡعًا وَلَا يَمۡلِكُونَ مَوۡتًا وَلَا حَيَوٰةً وَلَا نُشُورًا ٣Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّآ إِفۡكٌ ٱفۡتَرَىٰهُ وَأَعَانَهُۥ عَلَيۡهِ قَوۡمٌ ءَاخَرُونَۖ فَقَدۡ جَآءُو ظُلۡمًا وَزُورًا ٤Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / : «бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты وَقَالُوٓاْ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٱكۡتَتَبَهَا فَهِيَ تُمۡلَىٰ عَلَيۡهِ بُكۡرَةً وَأَصِيلًا ٥Сондай-ақ олар: « / Бұл / - бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», - деді قُلۡ أَنزَلَهُ ٱلَّذِي يَعۡلَمُ ٱلسِّرَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّهُۥ كَانَ غَفُورًا رَّحِيمًا ٦Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мұны / Құранды / аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол - кешірімді, мейірімді», - деп وَقَالُواْ مَالِ هَٰذَا ٱلرَّسُولِ يَأۡكُلُ ٱلطَّعَامَ وَيَمۡشِي فِي ٱلۡأَسۡوَاقِ لَوۡلَآ أُنزِلَ إِلَيۡهِ مَلَكٌ فَيَكُونَ مَعَهُۥ نَذِيرًا ٧Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді أَوۡ يُلۡقَىٰٓ إِلَيۡهِ كَنزٌ أَوۡ تَكُونُ لَهُۥ جَنَّةٌ يَأۡكُلُ مِنۡهَاۚ وَقَالَ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلًا مَّسۡحُورًا ٨Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», - деді ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَٰلَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلًا ٩Ей, Мұхаммед! / Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды تَبَارَكَ ٱلَّذِيٓ إِن شَآءَ جَعَلَ لَكَ خَيۡرًا مِّن ذَٰلِكَ جَنَّٰتٍ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ وَيَجۡعَل لَّكَ قُصُورَۢا ١٠Ол / Аллаһ / аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан / олардың айтқанынан / жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді بَلۡ كَذَّبُواْ بِٱلسَّاعَةِۖ وَأَعۡتَدۡنَا لِمَن كَذَّبَ بِٱلسَّاعَةِ سَعِيرًا ١١Жоқ! / Негізінде / олар Сағатты / Қияметті / жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік إِذَا رَأَتۡهُم مِّن مَّكَانِۭ بَعِيدٍ سَمِعُواْ لَهَا تَغَيُّظًا وَزَفِيرًا ١٢Қашан ол / тозақ / оларды алыс жердей көргеннен, олар оның / ашу-ызамен / бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді وَإِذَآ أُلۡقُواْ مِنۡهَا مَكَانًا ضَيِّقًا مُّقَرَّنِينَ دَعَوۡاْ هُنَالِكَ ثُبُورًا ١٣Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, / тозақтағы / тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді لَّا تَدۡعُواْ ٱلۡيَوۡمَ ثُبُورًا وَٰحِدًا وَٱدۡعُواْ ثُبُورًا كَثِيرًا ١٤Оларға / : «Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер», -делінеді قُلۡ أَذَٰلِكَ خَيۡرٌ أَمۡ جَنَّةُ ٱلۡخُلۡدِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۚ كَانَتۡ لَهُمۡ جَزَآءً وَمَصِيرًا ١٥Ей, Мұхаммед! / Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны», - деп لَّهُمۡ فِيهَا مَا يَشَآءُونَ خَٰلِدِينَۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعۡدًا مَّسۡـُٔولًا ١٦Олар онда / жәннатта / мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл - Раббың міндетіне алған, ол туралы / құлдары / тілейтін уәде وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ فَيَقُولُ ءَأَنتُمۡ أَضۡلَلۡتُمۡ عِبَادِي هَٰٓؤُلَآءِ أَمۡ هُمۡ ضَلُّواْ ٱلسَّبِيلَ ١٧Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» - дейді قَالُواْ سُبۡحَٰنَكَ مَا كَانَ يَنۢبَغِي لَنَآ أَن نَّتَّخِذَ مِن دُونِكَ مِنۡ أَوۡلِيَآءَ وَلَٰكِن مَّتَّعۡتَهُمۡ وَءَابَآءَهُمۡ حَتَّىٰ نَسُواْ ٱلذِّكۡرَ وَكَانُواْ قَوۡمَۢا بُورًا ١٨Олар / олардыңтабынғандары / : «Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді», - дейді فَقَدۡ كَذَّبُوكُم بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسۡتَطِيعُونَ صَرۡفًا وَلَا نَصۡرًاۚ وَمَن يَظۡلِم مِّنكُمۡ نُذِقۡهُ عَذَابًا كَبِيرًا ١٩Серік қосушыларға / : «Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», - делінеді وَمَآ أَرۡسَلۡنَا قَبۡلَكَ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ إِلَّآ إِنَّهُمۡ لَيَأۡكُلُونَ ٱلطَّعَامَ وَيَمۡشُونَ فِي ٱلۡأَسۡوَاقِۗ وَجَعَلۡنَا بَعۡضَكُمۡ لِبَعۡضٍ فِتۡنَةً أَتَصۡبِرُونَۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرًا ٢٠Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші
۞ وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ لِقَآءَنَا لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَوۡ نَرَىٰ رَبَّنَاۗ لَقَدِ ٱسۡتَكۡبَرُواْ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ وَعَتَوۡ عُتُوًّا كَبِيرًا ٢١Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты يَوۡمَ يَرَوۡنَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ لَا بُشۡرَىٰ يَوۡمَئِذٍ لِّلۡمُجۡرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجۡرًا مَّحۡجُورًا ٢٢Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: «Тыйым салынды», -дейді وَقَدِمۡنَآ إِلَىٰ مَا عَمِلُواْ مِنۡ عَمَلٍ فَجَعَلۡنَٰهُ هَبَآءً مَّنثُورًا ٢٣Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِ يَوۡمَئِذٍ خَيۡرٌ مُّسۡتَقَرًّا وَأَحۡسَنُ مَقِيلًا ٢٤Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады وَيَوۡمَ تَشَقَّقُ ٱلسَّمَآءُ بِٱلۡغَمَٰمِ وَنُزِّلَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ تَنزِيلًا ٢٥Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі ٱلۡمُلۡكُ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡحَقُّ لِلرَّحۡمَٰنِۚ وَكَانَ يَوۡمًا عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ عَسِيرًا ٢٦Сол күні хақ билік - әр-Рахманда / аса Қайырымдыда / . Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады وَيَوۡمَ يَعَضُّ ٱلظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيۡهِ يَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي ٱتَّخَذۡتُ مَعَ ٱلرَّسُولِ سَبِيلًا ٢٧Ол күні әділетсіз / адам / қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге / оған еріп / , бір жолды ұстанған болсам еді يَٰوَيۡلَتَىٰ لَيۡتَنِي لَمۡ أَتَّخِذۡ فُلَانًا خَلِيلًا ٢٨Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді لَّقَدۡ أَضَلَّنِي عَنِ ٱلذِّكۡرِ بَعۡدَ إِذۡ جَآءَنِيۗ وَكَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لِلۡإِنسَٰنِ خَذُولًا ٢٩Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді وَقَالَ ٱلرَّسُولُ يَٰرَبِّ إِنَّ قَوۡمِي ٱتَّخَذُواْ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ مَهۡجُورًا ٣٠Әрі Елші: «Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»,- деді وَكَذَٰلِكَ جَعَلۡنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا مِّنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيًا وَنَصِيرًا ٣١Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَا نُزِّلَ عَلَيۡهِ ٱلۡقُرۡءَانُ جُمۡلَةً وَٰحِدَةًۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِۦ فُؤَادَكَۖ وَرَتَّلۡنَٰهُ تَرۡتِيلًا ٣٢Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік وَلَا يَأۡتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ وَأَحۡسَنَ تَفۡسِيرًا ٣٣Ей, Мұхаммед! / Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы / мән-мағынасын ашатын / түсіндірмені келтіреміз ٱلَّذِينَ يُحۡشَرُونَ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ إِلَىٰ جَهَنَّمَ أُوْلَٰٓئِكَ شَرٌّ مَّكَانًا وَأَضَلُّ سَبِيلًا ٣٤Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلۡنَا مَعَهُۥٓ أَخَاهُ هَٰرُونَ وَزِيرًا ٣٥Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік فَقُلۡنَا ٱذۡهَبَآ إِلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا فَدَمَّرۡنَٰهُمۡ تَدۡمِيرًا ٣٦Әрі / Оларға / : «Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды / фиръаундықтарды / жойып, жоқ еттік وَقَوۡمَ نُوحٍ لَّمَّا كَذَّبُواْ ٱلرُّسُلَ أَغۡرَقۡنَٰهُمۡ وَجَعَلۡنَٰهُمۡ لِلنَّاسِ ءَايَةًۖ وَأَعۡتَدۡنَا لِلظَّٰلِمِينَ عَذَابًا أَلِيمًا ٣٧Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік وَعَادًا وَثَمُودَاْ وَأَصۡحَٰبَ ٱلرَّسِّ وَقُرُونَۢا بَيۡنَ ذَٰلِكَ كَثِيرًا ٣٨Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да / жойдық وَكُلًّا ضَرَبۡنَا لَهُ ٱلۡأَمۡثَٰلَۖ وَكُلًّا تَبَّرۡنَا تَتۡبِيرًا ٣٩Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және / сенбегендердің / барлығын құртып, жойып жібердік وَلَقَدۡ أَتَوۡاْ عَلَى ٱلۡقَرۡيَةِ ٱلَّتِيٓ أُمۡطِرَتۡ مَطَرَ ٱلسَّوۡءِۚ أَفَلَمۡ يَكُونُواْ يَرَوۡنَهَاۚ بَلۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ نُشُورًا ٤٠Әрі олар / мүшріктер / пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді وَإِذَا رَأَوۡكَ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا ٱلَّذِي بَعَثَ ٱللَّهُ رَسُولًا ٤١Ей, Мұхаммед! / Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма إِن كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنۡ ءَالِهَتِنَا لَوۡلَآ أَن صَبَرۡنَا عَلَيۡهَاۚ وَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ حِينَ يَرَوۡنَ ٱلۡعَذَابَ مَنۡ أَضَلُّ سَبِيلًا ٤٢Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі أَرَءَيۡتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيۡهِ وَكِيلًا ٤٣Ей, Мұхаммед! / Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба أَمۡ تَحۡسَبُ أَنَّ أَكۡثَرَهُمۡ يَسۡمَعُونَ أَوۡ يَعۡقِلُونَۚ إِنۡ هُمۡ إِلَّا كَٱلۡأَنۡعَٰمِ بَلۡ هُمۡ أَضَلُّ سَبِيلًا ٤٤Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы أَلَمۡ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيۡفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوۡ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنًا ثُمَّ جَعَلۡنَا ٱلشَّمۡسَ عَلَيۡهِ دَلِيلًا ٤٥Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік ثُمَّ قَبَضۡنَٰهُ إِلَيۡنَا قَبۡضًا يَسِيرًا ٤٦Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ لِبَاسًا وَٱلنَّوۡمَ سُبَاتًا وَجَعَلَ ٱلنَّهَارَ نُشُورًا ٤٧Әрі Ол / Аллаһ / сендерге түнді - жамылғы, ұйқыны - тынығу етті және күндізді - / жан-жаққа / таралу еткен وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَرۡسَلَ ٱلرِّيَٰحَ بُشۡرَۢا بَيۡنَ يَدَيۡ رَحۡمَتِهِۦۚ وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً طَهُورًا ٤٨Және Ол / Аллаһ / Өз мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік لِّنُحۡـِۧيَ بِهِۦ بَلۡدَةً مَّيۡتًا وَنُسۡقِيَهُۥ مِمَّا خَلَقۡنَآ أَنۡعَٰمًا وَأَنَاسِيَّ كَثِيرًا ٤٩онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَٰهُ بَيۡنَهُمۡ لِيَذَّكَّرُواْ فَأَبَىٰٓ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورًا ٥٠Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды وَلَوۡ شِئۡنَا لَبَعَثۡنَا فِي كُلِّ قَرۡيَةٍ نَّذِيرًا ٥١Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік فَلَا تُطِعِ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَجَٰهِدۡهُم بِهِۦ جِهَادًا كَبِيرًا ٥٢Ей, Мұхаммед! / Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол / Құран / арқылы үлкен күрес жүргіз ۞ وَهُوَ ٱلَّذِي مَرَجَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ هَٰذَا عَذۡبٌ فُرَاتٌ وَهَٰذَا مِلۡحٌ أُجَاجٌ وَجَعَلَ بَيۡنَهُمَا بَرۡزَخًا وَحِجۡرًا مَّحۡجُورًا ٥٣Әрі Ол / Аллаһ / бірі сүйкімді - тұщы, ал бірі тұзды - ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ مِنَ ٱلۡمَآءِ بَشَرًا فَجَعَلَهُۥ نَسَبًا وَصِهۡرًاۗ وَكَانَ رَبُّكَ قَدِيرًا ٥٤Әрі Ол адамзатты судан / ұрық суынан / жаратып, оны / әке жағынан / туыстар және / неке жағынан /жекжатетті. Сенің Раббың - барлық нәрсеніЖасай алушы وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُهُمۡ وَلَا يَضُرُّهُمۡۗ وَكَانَ ٱلۡكَافِرُ عَلَىٰ رَبِّهِۦ ظَهِيرًا ٥٥Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرًا وَنَذِيرًا ٥٦Ей, Мұхаммед! / Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік قُلۡ مَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍ إِلَّا مَن شَآءَ أَن يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلًا ٥٧Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» - деп وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡحَيِّ ٱلَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِهِۦۚ وَكَفَىٰ بِهِۦ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرًا ٥٨Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ ٱلرَّحۡمَٰنُ فَسۡـَٔلۡ بِهِۦ خَبِيرًا ٥٩Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / . Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱسۡجُدُواْۤ لِلرَّحۡمَٰنِ قَالُواْ وَمَا ٱلرَّحۡمَٰنُ أَنَسۡجُدُ لِمَا تَأۡمُرُنَا وَزَادَهُمۡ نُفُورًا ۩ ٦٠Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады تَبَارَكَ ٱلَّذِي جَعَلَ فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجًا وَجَعَلَ فِيهَا سِرَٰجًا وَقَمَرًا مُّنِيرًا ٦١Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ / күн / және сәулеленген айды жасады وَهُوَ ٱلَّذِي جَعَلَ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ خِلۡفَةً لِّمَنۡ أَرَادَ أَن يَذَّكَّرَ أَوۡ أَرَادَ شُكُورًا ٦٢Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады وَعِبَادُ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلَّذِينَ يَمۡشُونَ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ هَوۡنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلۡجَٰهِلُونَ قَالُواْ سَلَٰمًا ٦٣Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: «Сәләм / Тыныштық болсын / !» - деп айтатындар وَٱلَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمۡ سُجَّدًا وَقِيَٰمًا ٦٤және түндерін өздерінің Раббысына / намазда / сәжде жасап және тік тұрып / қиямда / өткізетіндер وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا ٱصۡرِفۡ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا ٦٥және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты إِنَّهَا سَآءَتۡ مُسۡتَقَرًّا وَمُقَامًا ٦٦Шын мәнінде, ол - тұрақтың және орынның ең жаманы!» - дейтіндер وَٱلَّذِينَ إِذَآ أَنفَقُواْ لَمۡ يُسۡرِفُواْ وَلَمۡ يَقۡتُرُواْ وَكَانَ بَيۡنَ ذَٰلِكَ قَوَامًا ٦٧Әрі олар / дүниелерін / жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар وَٱلَّذِينَ لَا يَدۡعُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ وَلَا يَقۡتُلُونَ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَا يَزۡنُونَۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ يَلۡقَ أَثَامًا ٦٨Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады يُضَٰعَفۡ لَهُ ٱلۡعَذَابُ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَيَخۡلُدۡ فِيهِۦ مُهَانًا ٦٩Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَٰلِحًا فَأُوْلَٰٓئِكَ يُبَدِّلُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِهِمۡ حَسَنَٰتٍۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا ٧٠алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді وَمَن تَابَ وَعَمِلَ صَٰلِحًا فَإِنَّهُۥ يَتُوبُ إِلَى ٱللَّهِ مَتَابًا ٧١Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады وَٱلَّذِينَ لَا يَشۡهَدُونَ ٱلزُّورَ وَإِذَا مَرُّواْ بِٱللَّغۡوِ مَرُّواْ كِرَامًا ٧٢Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді وَٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ لَمۡ يَخِرُّواْ عَلَيۡهَا صُمًّا وَعُمۡيَانًا ٧٣және солар - өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды وَٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبۡ لَنَا مِنۡ أَزۡوَٰجِنَا وَذُرِّيَّٰتِنَا قُرَّةَ أَعۡيُنٍ وَٱجۡعَلۡنَا لِلۡمُتَّقِينَ إِمَامًا ٧٤және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр», - дейтіндер أُوْلَٰٓئِكَ يُجۡزَوۡنَ ٱلۡغُرۡفَةَ بِمَا صَبَرُواْ وَيُلَقَّوۡنَ فِيهَا تَحِيَّةً وَسَلَٰمًا ٧٥Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ حَسُنَتۡ مُسۡتَقَرًّا وَمُقَامًا ٧٦Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы قُلۡ مَا يَعۡبَؤُاْ بِكُمۡ رَبِّي لَوۡلَا دُعَآؤُكُمۡۖ فَقَدۡ كَذَّبۡتُمۡ فَسَوۡفَ يَكُونُ لِزَامَۢا ٧٧Ей, Мұхаммед! / Айт / мүшріктерге / : «Егер тілек, сиынуларың / Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың / болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді / сендерге азап / міндетті түрде болады», - деп