بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلۡحَآقَّةُ ١Әл-Хаққа / міндетті түрде болатын مَا ٱلۡحَآقَّةُ ٢«Міндетті түрде болатын», - деген не وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡحَآقَّةُ ٣Ей, Мұхаммед! / Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді كَذَّبَتۡ ثَمُودُ وَعَادُۢ بِٱلۡقَارِعَةِ ٤Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» / Қиямет күнін / өтірік санады فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهۡلِكُواْ بِٱلطَّاغِيَةِ ٥Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» / шектен тыс қуатты нәрсемен / жойылды وَأَمَّا عَادٌ فَأُهۡلِكُواْ بِرِيحٍ صَرۡصَرٍ عَاتِيَةٍ ٦Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды سَخَّرَهَا عَلَيۡهِمۡ سَبۡعَ لَيَالٍ وَثَمَٰنِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًاۖ فَتَرَى ٱلۡقَوۡمَ فِيهَا صَرۡعَىٰ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٍ خَاوِيَةٍ ٧Ол / Аллаһ / оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің فَهَلۡ تَرَىٰ لَهُم مِّنۢ بَاقِيَةٍ ٨Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе وَجَآءَ فِرۡعَوۡنُ وَمَن قَبۡلَهُۥ وَٱلۡمُؤۡتَفِكَٰتُ بِٱلۡخَاطِئَةِ ٩Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі / біле тұра / қате істеді فَعَصَوۡاْ رَسُولَ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَهُمۡ أَخۡذَةً رَّابِيَةً ١٠Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол / Аллаһ / оларды өте қатты ұстаумен тұтты إِنَّا لَمَّا طَغَا ٱلۡمَآءُ حَمَلۡنَٰكُمۡ فِي ٱلۡجَارِيَةِ ١١Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік لِنَجۡعَلَهَا لَكُمۡ تَذۡكِرَةً وَتَعِيَهَآ أُذُنٌ وَٰعِيَةٌ ١٢оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін / істедік فَإِذَا نُفِخَ فِي ٱلصُّورِ نَفۡخَةٌ وَٰحِدَةٌ ١٣Ал, қашан сүр бір рет үрілгенде وَحُمِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ وَٱلۡجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةً وَٰحِدَةً ١٤әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде فَيَوۡمَئِذٍ وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ ١٥міне, сол күні Уақиъа / Қиямет / басталады وَٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَهِيَ يَوۡمَئِذٍ وَاهِيَةٌ ١٦Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз / берік емес / күйде болады وَٱلۡمَلَكُ عَلَىٰٓ أَرۡجَآئِهَاۚ وَيَحۡمِلُ عَرۡشَ رَبِّكَ فَوۡقَهُمۡ يَوۡمَئِذٍ ثَمَٰنِيَةٌ ١٧Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз / періште / көтеріп тұрады يَوۡمَئِذٍ تُعۡرَضُونَ لَا تَخۡفَىٰ مِنكُمۡ خَافِيَةٌ ١٨Сол күні сендер / Аллаһтың / алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды فَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَيَقُولُ هَآؤُمُ ٱقۡرَءُواْ كِتَٰبِيَهۡ ١٩Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَٰقٍ حِسَابِيَهۡ ٢٠Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», - дейді فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَّاضِيَةٍ ٢١Сөйтіп ол разы болатын өмірде فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ ٢٢биік / Жәннат / бағында болады قُطُوفُهَا دَانِيَةٌ ٢٣сондай жемістері төніп тұратын كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَآ أَسۡلَفۡتُمۡ فِي ٱلۡأَيَّامِ ٱلۡخَالِيَةِ ٢٤Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», - делінеді وَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِشِمَالِهِۦ فَيَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي لَمۡ أُوتَ كِتَٰبِيَهۡ ٢٥Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді وَلَمۡ أَدۡرِ مَا حِسَابِيَهۡ ٢٦Есебімнің не екенін білмесем еді يَٰلَيۡتَهَا كَانَتِ ٱلۡقَاضِيَةَ ٢٧Әттең, бұл / өлімім бәрін / бітіруші болғанда еді مَآ أَغۡنَىٰ عَنِّي مَالِيَهۡۜ ٢٨Мал-дүнием мені құтқармады هَلَكَ عَنِّي سُلۡطَٰنِيَهۡ ٢٩Менің билігім / күш-қуатым / жойылды», - дейді خُذُوهُ فَغُلُّوهُ ٣٠Тозақ сақшыларына бұйырылады / : «Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар ثُمَّ ٱلۡجَحِيمَ صَلُّوهُ ٣١Кейін оны Жахимға салыңдар ثُمَّ فِي سِلۡسِلَةٍ ذَرۡعُهَا سَبۡعُونَ ذِرَاعًا فَٱسۡلُكُوهُ ٣٢Содан кейін оны / денесін / ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер إِنَّهُۥ كَانَ لَا يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ ٱلۡعَظِيمِ ٣٣Себебі ол ұлы Аллаһқа сенбеген еді وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ ٣٤әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген / өзгелерді шақырмаған / еді فَلَيۡسَ لَهُ ٱلۡيَوۡمَ هَٰهُنَا حَمِيمٌ ٣٥Бүгін мұнда оған бір жақын / дос / жоқ وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنۡ غِسۡلِينٍ ٣٦және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ لَّا يَأۡكُلُهُۥٓ إِلَّا ٱلۡخَٰطِـُٔونَ ٣٧Оны біле тұра қателескендерден / күнәһарлардан / басқа ешкім жемейді فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَا تُبۡصِرُونَ ٣٨Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін وَمَا لَا تُبۡصِرُونَ ٣٩Әрі көрмей тұрғандарыңмен де إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ ٤٠Ақиқатында, бұл / Құран / - ардақты бір Елшінің / Аллаһтан жеткізген / сөзі وَمَا هُوَ بِقَوۡلِ شَاعِرٍۚ قَلِيلًا مَّا تُؤۡمِنُونَ ٤١Бұл - ақынның сөзі емес. Сендер қандай аз сенесіңдер وَلَا بِقَوۡلِ كَاهِنٍۚ قَلِيلًا مَّا تَذَكَّرُونَ ٤٢Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٤٣Бұл - әлемдердің Раббысынан түсірілген وَلَوۡ تَقَوَّلَ عَلَيۡنَا بَعۡضَ ٱلۡأَقَاوِيلِ ٤٤Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса لَأَخَذۡنَا مِنۡهُ بِٱلۡيَمِينِ ٤٥онда оны оң қолынан ұстап алатын едік ثُمَّ لَقَطَعۡنَا مِنۡهُ ٱلۡوَتِينَ ٤٦кейін оның күре тамырын үзер едік فَمَا مِنكُم مِّنۡ أَحَدٍ عَنۡهُ حَٰجِزِينَ ٤٧Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді وَإِنَّهُۥ لَتَذۡكِرَةٌ لِّلۡمُتَّقِينَ ٤٨Әрі шын мәнінде, бүл / Құран / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін бір еске салу وَإِنَّا لَنَعۡلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ ٤٩Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз وَإِنَّهُۥ لَحَسۡرَةٌ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ ٥٠Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер / теріске шығарушылар / үшін өкініш وَإِنَّهُۥ لَحَقُّ ٱلۡيَقِينِ ٥١Және күдіксіз, ол - айқын ақиқат فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ ٥٢Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте