Millat al-Islam

Chapter 104 · 9 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Humaza in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Humaza (1273 reciters)
Meccanسورة الهمزة9 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَيۡلٌ لِّكُلِّ هُمَزَةٍ لُّمَزَةٍ ١Әрбір айып таққышқа, балағаттаушыға қасірет бар ٱلَّذِي جَمَعَ مَالًا وَعَدَّدَهُۥ ٢Сондай мал-дүние жиып, оны санаушыға يَحۡسَبُ أَنَّ مَالَهُۥٓ أَخۡلَدَهُۥ ٣Ол байлығы, өзін мәңгі қалдырады деп ойлайды كـَلَّاۖ لَيُنۢبَذَنَّ فِي ٱلۡحُطَمَةِ ٤Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде Хутамаға тасталынады وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡحُطَمَةُ ٥«Хутаманың» не екенін саған не білдірді نَارُ ٱللَّهِ ٱلۡمُوقَدَةُ ٦Ол - Аллаһтың жандырылған оты ٱلَّتِي تَطَّلِعُ عَلَى ٱلۡأَفۡـِٔدَةِ ٧сондай, жүректерге жететін إِنَّهَا عَلَيۡهِم مُّؤۡصَدَةٌ ٨Ақиқатында ол / от / олардың үстерінен жауып тұрады فِي عَمَدٍ مُّمَدَّدَةِۭ ٩созылған діңгектермен

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.