بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ ١Әл-Уақиъа / Қиямет / болған кезде لَيۡسَ لِوَقۡعَتِهَا كَاذِبَةٌ ٢оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ ٣ол төмендетеді, жоғарылатады إِذَا رُجَّتِ ٱلۡأَرۡضُ رَجًّا ٤Жер сілкініп қозғалтылған кезде وَبُسَّتِ ٱلۡجِبَالُ بَسًّا ٥және таулар қирап, талқандалып فَكَانَتۡ هَبَآءً مُّنۢبَثًّا ٦әрі шашылған тозаңға айналған кезде وَكُنتُمۡ أَزۡوَٰجًا ثَلَٰثَةً ٧сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер فَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ ٨Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ ٩Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلسَّٰبِقُونَ ١٠Әрі озушылар, / олар / - озушылар أُوْلَٰٓئِكَ ٱلۡمُقَرَّبُونَ ١١Міне, солар - жақындатылғандар فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ١٢Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады ثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٣Олар / әуелгілерден көбірек وَقَلِيلٌ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ ١٤соңғылардан азырақ عَلَىٰ سُرُرٍ مَّوۡضُونَةٍ ١٥Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда مُّتَّكِـِٔينَ عَلَيۡهَا مُتَقَٰبِلِينَ ١٦оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады يَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٌ مُّخَلَّدُونَ ١٧Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді بِأَكۡوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأۡسٍ مِّن مَّعِينٍ ١٨қайнар бұлақтан / толтырылған / көзе, құмыралар және кеселермен لَّا يُصَدَّعُونَ عَنۡهَا وَلَا يُنزِفُونَ ١٩одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды وَفَٰكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ ٢٠әрі олар таңдаған жемістерімен وَلَحۡمِ طَيۡرٍ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ ٢١және қалаған кұс етімен وَحُورٌ عِينٌ ٢٢Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі / хурлар كَأَمۡثَٰلِ ٱللُّؤۡلُوِٕ ٱلۡمَكۡنُونِ ٢٣бейне бір / қабығы ашылмаған / сақтаулы інжу секілді / жұбайлар бар جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٢٤Бұлар - істеген амалдарының қайтарым сыйы لَا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا وَلَا تَأۡثِيمًا ٢٥Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді إِلَّا قِيلًا سَلَٰمًا سَلَٰمًا ٢٦Тек: «Сәләм! Сәләм! / Бейбітшілік болсын! Амандық болсын! / » - деген сөзді ғана / естиді وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ ٢٧Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не فِي سِدۡرٍ مَّخۡضُودٍ ٢٨Тікенегі жоқ лотос / ас-сидр / өсімдіктері وَطَلۡحٍ مَّنضُودٍ ٢٩және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында وَظِلٍّ مَّمۡدُودٍ ٣٠әрі жайылып жатқан көлеңкеде وَمَآءٍ مَّسۡكُوبٍ ٣١және сарқырап аққан су وَفَٰكِهَةٍ كَثِيرَةٍ ٣٢мол жемістер арасында لَّا مَقۡطُوعَةٍ وَلَا مَمۡنُوعَةٍ ٣٣сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын وَفُرُشٍ مَّرۡفُوعَةٍ ٣٤әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде / болады إِنَّآ أَنشَأۡنَٰهُنَّ إِنشَآءً ٣٥Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық فَجَعَلۡنَٰهُنَّ أَبۡكَارًا ٣٦әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік عُرُبًا أَتۡرَابًا ٣٧күйеулеріне сүйікті, құрбылас لِّأَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٣٨Бұл / оң жақтағылар үшін ثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ٣٩Олар / әуелгілерден көп وَثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ ٤٠әрі кейінгілерден де көп وَأَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ ٤١Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не فِي سَمُومٍ وَحَمِيمٍ ٤٢Олар / саммум / денені тесіп өтетін ыстық ауа / және қайнап тұрған суда وَظِلٍّ مِّن يَحۡمُومٍ ٤٣және қара түтіннің көлеңкесінде / болады لَّا بَارِدٍ وَلَا كَرِيمٍ ٤٤салқын емес әрі жақсылығы да жоқ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُتۡرَفِينَ ٤٥Негізінде, олар бұдан бұрын / дүниеде / сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін وَكَانُواْ يُصِرُّونَ عَلَى ٱلۡحِنثِ ٱلۡعَظِيمِ ٤٦және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын وَكَانُواْ يَقُولُونَ أَئِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ ٤٧Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ ٤٨Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» - дейтін قُلۡ إِنَّ ٱلۡأَوَّلِينَ وَٱلۡأٓخِرِينَ ٤٩Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де لَمَجۡمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَٰتِ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ٥٠белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады ثُمَّ إِنَّكُمۡ أَيُّهَا ٱلضَّآلُّونَ ٱلۡمُكَذِّبُونَ ٥١Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар لَأٓكِلُونَ مِن شَجَرٍ مِّن زَقُّومٍ ٥٢Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ ٥٣әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар فَشَٰرِبُونَ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡحَمِيمِ ٥٤Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер فَشَٰرِبُونَ شُرۡبَ ٱلۡهِيمِ ٥٥сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», - деп هَٰذَا نُزُلُهُمۡ يَوۡمَ ٱلدِّينِ ٥٦Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” - осы نَحۡنُ خَلَقۡنَٰكُمۡ فَلَوۡلَا تُصَدِّقُونَ ٥٧Сендерді Біз жараттық. Неге / қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер أَفَرَءَيۡتُم مَّا تُمۡنُونَ ٥٨Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме / ол жайлы ойладыңдар ма ءَأَنتُمۡ تَخۡلُقُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡخَٰلِقُونَ ٥٩Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба نَحۡنُ قَدَّرۡنَا بَيۡنَكُمُ ٱلۡمَوۡتَ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ ٦٠Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды / кедергі келтіре алмайд عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ أَمۡثَٰلَكُمۡ وَنُنشِئَكُمۡ فِي مَا لَا تَعۡلَمُونَ ٦١сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда وَلَقَدۡ عَلِمۡتُمُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُولَىٰ فَلَوۡلَا تَذَكَّرُونَ ٦٢Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма أَفَرَءَيۡتُم مَّا تَحۡرُثُونَ ٦٣Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ تَزۡرَعُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلزَّٰرِعُونَ ٦٤Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе لَوۡ نَشَآءُ لَجَعَلۡنَٰهُ حُطَٰمًا فَظَلۡتُمۡ تَفَكَّهُونَ ٦٥Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып إِنَّا لَمُغۡرَمُونَ ٦٦«Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ ٦٧Оған қоса несібемізден де айрылдық», - дейтін едіңдер أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلۡمَآءَ ٱلَّذِي تَشۡرَبُونَ ٦٨Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ أَنزَلۡتُمُوهُ مِنَ ٱلۡمُزۡنِ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنزِلُونَ ٦٩Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе لَوۡ نَشَآءُ جَعَلۡنَٰهُ أُجَاجًا فَلَوۡلَا تَشۡكُرُونَ ٧٠Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер / болмай ма أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي تُورُونَ ٧١Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ أَنشَأۡتُمۡ شَجَرَتَهَآ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنشِـُٔونَ ٧٢Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе نَحۡنُ جَعَلۡنَٰهَا تَذۡكِرَةً وَمَتَٰعًا لِّلۡمُقۡوِينَ ٧٣Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі ' жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ ٧٤Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте ۞ فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَوَٰقِعِ ٱلنُّجُومِ ٧٥Жұлдыздардың орындарымен ант етемін وَإِنَّهُۥ لَقَسَمٌ لَّوۡ تَعۡلَمُونَ عَظِيمٌ ٧٦Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл - ұлы ант إِنَّهُۥ لَقُرۡءَانٌ كَرِيمٌ ٧٧Ақиқатында, бұл - Құран Кәрим / игілігі мол Құран فِي كِتَٰبٍ مَّكۡنُونٍ ٧٨Ол сақталынған Кітапта / Ләухул-Махфузда لَّا يَمَسُّهُۥٓ إِلَّا ٱلۡمُطَهَّرُونَ ٧٩Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٨٠Әлемдердің Раббысынан түсірілген أَفَبِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَنتُم مُّدۡهِنُونَ ٨١Сендер бұл Сөзге / Құранға / немқұрайлылық танытасыңдар ма وَتَجۡعَلُونَ رِزۡقَكُمۡ أَنَّكُمۡ تُكَذِّبُونَ ٨٢Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын / нәрсе / етесіңдер ме فَلَوۡلَآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلۡحُلۡقُومَ ٨٣Ал / жан / жұтқыншаққа жеткен кезде وَأَنتُمۡ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ ٨٤әрі сендер сол уақытта / өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُبۡصِرُونَ ٨٥Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер فَلَوۡلَآ إِن كُنتُمۡ غَيۡرَ مَدِينِينَ ٨٦Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге تَرۡجِعُونَهَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ٨٧оны / жанды / кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар فَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ ٨٨Ал, егер ол жақындатылғандардан / озушылардан / болса فَرَوۡحٌ وَرَيۡحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ ٨٩онда / оған / тыным, ризық / хош иіс / және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٩٠Ал, егер оң жақтағылардан болса فَسَلَٰمٌ لَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٩١онда оған: «Саған сәләм / бейбітшілік, амандық / болсын! Сен - оң жақтағылардансың», - делінеді وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٱلضَّآلِّينَ ٩٢Ал, егер / ол / жалғанға шығарушы, адасушылардан болса فَنُزُلٌ مِّنۡ حَمِيمٍ ٩٣онда / оның / «сыйы» - қайнап тұрған су وَتَصۡلِيَةُ جَحِيمٍ ٩٤әрі Жахимда (Тозақ) жану إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ ٱلۡيَقِينِ ٩٥Шын мәнінде, бұл / айтылғандар / - айқын ақиқат فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ ٩٦Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / бүкіл кемшіліктен / пәк деп дәріпте