Millat al-Islam

Chapter 36 · 83 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Ya-Sin in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Ya-Sin (1353 reciters)
Meccanسورة يس83 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

يسٓ ١Йа, Син وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡحَكِيمِ ٢Хикметті Құранмен ант етемін إِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٣Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің عَلَىٰ صِرَٰطٍ مُّسۡتَقِيمٍ ٤тура жолдағы تَنزِيلَ ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ ٥Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені لِتُنذِرَ قَوۡمًا مَّآ أُنذِرَ ءَابَآؤُهُمۡ فَهُمۡ غَٰفِلُونَ ٦аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін لَقَدۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَىٰٓ أَكۡثَرِهِمۡ فَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ ٧Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді إِنَّا جَعَلۡنَا فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ أَغۡلَٰلًا فَهِيَ إِلَى ٱلۡأَذۡقَانِ فَهُم مُّقۡمَحُونَ ٨Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады وَجَعَلۡنَا مِنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ سَدًّا وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ سَدًّا فَأَغۡشَيۡنَٰهُمۡ فَهُمۡ لَا يُبۡصِرُونَ ٩Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді وَسَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ ءَأَنذَرۡتَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تُنذِرۡهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ ١٠Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلذِّكۡرَ وَخَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِۖ فَبَشِّرۡهُ بِمَغۡفِرَةٍ وَأَجۡرٍ كَرِيمٍ ١١Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَنَكۡتُبُ مَا قَدَّمُواْ وَءَاثَٰرَهُمۡۚ وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ فِيٓ إِمَامٍ مُّبِينٍ ١٢Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / Ш есептеп қойдық وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلًا أَصۡحَٰبَ ٱلۡقَرۡيَةِ إِذۡ جَآءَهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ ١٣Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді إِذۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمُ ٱثۡنَيۡنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزۡنَا بِثَالِثٍ فَقَالُوٓاْ إِنَّآ إِلَيۡكُم مُّرۡسَلُونَ ١٤Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді قَالُواْ مَآ أَنتُمۡ إِلَّا بَشَرٌ مِّثۡلُنَا وَمَآ أَنزَلَ ٱلرَّحۡمَٰنُ مِن شَيۡءٍ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا تَكۡذِبُونَ ١٥Кент халқы / : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді قَالُواْ رَبُّنَا يَعۡلَمُ إِنَّآ إِلَيۡكُمۡ لَمُرۡسَلُونَ ١٦Елшілер / : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз وَمَا عَلَيۡنَآ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ ١٧Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді قَالُوٓاْ إِنَّا تَطَيَّرۡنَا بِكُمۡۖ لَئِن لَّمۡ تَنتَهُواْ لَنَرۡجُمَنَّكُمۡ وَلَيَمَسَّنَّكُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌ ١٨Кент халқы / : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді قَالُواْ طَٰٓئِرُكُم مَّعَكُمۡ أَئِن ذُكِّرۡتُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٌ مُّسۡرِفُونَ ١٩Елшілер / : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді وَجَآءَ مِنۡ أَقۡصَا ٱلۡمَدِينَةِ رَجُلٌ يَسۡعَىٰ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱتَّبِعُواْ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٢٠Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер ٱتَّبِعُواْ مَن لَّا يَسۡـَٔلُكُمۡ أَجۡرًا وَهُم مُّهۡتَدُونَ ٢١Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер وَمَالِيَ لَآ أَعۡبُدُ ٱلَّذِي فَطَرَنِي وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ ٢٢Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін ءَأَتَّخِذُ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً إِن يُرِدۡنِ ٱلرَّحۡمَٰنُ بِضُرٍّ لَّا تُغۡنِ عَنِّي شَفَٰعَتُهُمۡ شَيۡـًٔا وَلَا يُنقِذُونِ ٢٣Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды إِنِّيٓ إِذًا لَّفِي ضَلَٰلٍ مُّبِينٍ ٢٤Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын إِنِّيٓ ءَامَنتُ بِرَبِّكُمۡ فَٱسۡمَعُونِ ٢٥Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді قِيلَ ٱدۡخُلِ ٱلۡجَنَّةَۖ قَالَ يَٰلَيۡتَ قَوۡمِي يَعۡلَمُونَ ٢٦Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді بِمَا غَفَرَ لِي رَبِّي وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ ٢٧Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді

Juz 23

۞ وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِن جُندٍ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا كُنَّا مُنزِلِينَ ٢٨Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةً وَٰحِدَةً فَإِذَا هُمۡ خَٰمِدُونَ ٢٩Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті يَٰحَسۡرَةً عَلَى ٱلۡعِبَادِۚ مَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ٣٠Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар أَلَمۡ يَرَوۡاْ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ أَنَّهُمۡ إِلَيۡهِمۡ لَا يَرۡجِعُونَ ٣١Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін وَإِن كُلٌّ لَّمَّا جَمِيعٌ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ ٣٢Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады وَءَايَةٌ لَّهُمُ ٱلۡأَرۡضُ ٱلۡمَيۡتَةُ أَحۡيَيۡنَٰهَا وَأَخۡرَجۡنَا مِنۡهَا حَبًّا فَمِنۡهُ يَأۡكُلُونَ ٣٣Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық وَجَعَلۡنَا فِيهَا جَنَّٰتٍ مِّن نَّخِيلٍ وَأَعۡنَٰبٍ وَفَجَّرۡنَا فِيهَا مِنَ ٱلۡعُيُونِ ٣٤Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық لِيَأۡكُلُواْ مِن ثَمَرِهِۦ وَمَا عَمِلَتۡهُ أَيۡدِيهِمۡۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ ٣٥оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَزۡوَٰجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلۡأَرۡضُ وَمِنۡ أَنفُسِهِمۡ وَمِمَّا لَا يَعۡلَمُونَ ٣٦Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк وَءَايَةٌ لَّهُمُ ٱلَّيۡلُ نَسۡلَخُ مِنۡهُ ٱلنَّهَارَ فَإِذَا هُم مُّظۡلِمُونَ ٣٧Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады وَٱلشَّمۡسُ تَجۡرِي لِمُسۡتَقَرٍّ لَّهَاۚ ذَٰلِكَ تَقۡدِيرُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ ٣٨Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені وَٱلۡقَمَرَ قَدَّرۡنَٰهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَٱلۡعُرۡجُونِ ٱلۡقَدِيمِ ٣٩Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық لَا ٱلشَّمۡسُ يَنۢبَغِي لَهَآ أَن تُدۡرِكَ ٱلۡقَمَرَ وَلَا ٱلَّيۡلُ سَابِقُ ٱلنَّهَارِۚ وَكُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسۡبَحُونَ ٤٠Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді وَءَايَةٌ لَّهُمۡ أَنَّا حَمَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُمۡ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ ٤١Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі وَخَلَقۡنَا لَهُم مِّن مِّثۡلِهِۦ مَا يَرۡكَبُونَ ٤٢Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік وَإِن نَّشَأۡ نُغۡرِقۡهُمۡ فَلَا صَرِيخَ لَهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنقَذُونَ ٤٣Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды إِلَّا رَحۡمَةً مِّنَّا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٍ ٤٤тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُواْ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيكُمۡ وَمَا خَلۡفَكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ ٤٥Қашан оларға / имансыздарға / : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса وَمَا تَأۡتِيهِم مِّنۡ ءَايَةٍ مِّنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِمۡ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ ٤٦әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ أَنفِقُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنُطۡعِمُ مَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطۡعَمَهُۥٓ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ مُّبِينٍ ٤٧Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ٤٨Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيۡحَةً وَٰحِدَةً تَأۡخُذُهُمۡ وَهُمۡ يَخِصِّمُونَ ٤٩Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ تَوۡصِيَةً وَلَآ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ يَرۡجِعُونَ ٥٠Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ يَنسِلُونَ ٥١Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرۡقَدِنَاۜۗ هَٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَصَدَقَ ٱلۡمُرۡسَلُونَ ٥٢Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / : «Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةً وَٰحِدَةً فَإِذَا هُمۡ جَمِيعٌ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ ٥٣Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады فَٱلۡيَوۡمَ لَا تُظۡلَمُ نَفۡسٌ شَيۡـًٔا وَلَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٥٤Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі إِنَّ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ ٱلۡيَوۡمَ فِي شُغُلٍ فَٰكِهُونَ ٥٥Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды هُمۡ وَأَزۡوَٰجُهُمۡ فِي ظِلَٰلٍ عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ ٥٦Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады لَهُمۡ فِيهَا فَٰكِهَةٌ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ ٥٧Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар سَلَٰمٌ قَوۡلًا مِّن رَّبٍّ رَّحِيمٍ ٥٨Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады وَٱمۡتَٰزُواْ ٱلۡيَوۡمَ أَيُّهَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ ٥٩Қиямет күні кәпірлерге / : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар ۞ أَلَمۡ أَعۡهَدۡ إِلَيۡكُمۡ يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ أَن لَّا تَعۡبُدُواْ ٱلشَّيۡطَٰنَۖ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوٌّ مُّبِينٌ ٦٠Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба وَأَنِ ٱعۡبُدُونِيۚ هَٰذَا صِرَٰطٌ مُّسۡتَقِيمٌ ٦١Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп وَلَقَدۡ أَضَلَّ مِنكُمۡ جِبِلًّا كَثِيرًاۖ أَفَلَمۡ تَكُونُواْ تَعۡقِلُونَ ٦٢Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ ٦٣Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы ٱصۡلَوۡهَا ٱلۡيَوۡمَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡفُرُونَ ٦٤Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар ٱلۡيَوۡمَ نَخۡتِمُ عَلَىٰٓ أَفۡوَٰهِهِمۡ وَتُكَلِّمُنَآ أَيۡدِيهِمۡ وَتَشۡهَدُ أَرۡجُلُهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ ٦٥Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді وَلَوۡ نَشَآءُ لَطَمَسۡنَا عَلَىٰٓ أَعۡيُنِهِمۡ فَٱسۡتَبَقُواْ ٱلصِّرَٰطَ فَأَنَّىٰ يُبۡصِرُونَ ٦٦Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді وَلَوۡ نَشَآءُ لَمَسَخۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ مَكَانَتِهِمۡ فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مُضِيًّا وَلَا يَرۡجِعُونَ ٦٧Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді وَمَن نُّعَمِّرۡهُ نُنَكِّسۡهُ فِي ٱلۡخَلۡقِۚ أَفَلَا يَعۡقِلُونَ ٦٨Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме وَمَا عَلَّمۡنَٰهُ ٱلشِّعۡرَ وَمَا يَنۢبَغِي لَهُۥٓۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٌ وَقُرۡءَانٌ مُّبِينٌ ٦٩Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап لِّيُنذِرَ مَن كَانَ حَيًّا وَيَحِقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ ٧٠оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا خَلَقۡنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتۡ أَيۡدِينَآ أَنۡعَٰمًا فَهُمۡ لَهَا مَٰلِكُونَ ٧١Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді وَذَلَّلۡنَٰهَا لَهُمۡ فَمِنۡهَا رَكُوبُهُمۡ وَمِنۡهَا يَأۡكُلُونَ ٧٢Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді وَلَهُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَمَشَارِبُۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ ٧٣және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةً لَّعَلَّهُمۡ يُنصَرُونَ ٧٤Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَهُمۡ وَهُمۡ لَهُمۡ جُندٌ مُّحۡضَرُونَ ٧٥Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз فَلَا يَحۡزُنكَ قَوۡلُهُمۡۘ إِنَّا نَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَ ٧٦Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз أَوَلَمۡ يَرَ ٱلۡإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقۡنَٰهُ مِن نُّطۡفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُّبِينٌ ٧٧Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы وَضَرَبَ لَنَا مَثَلًا وَنَسِيَ خَلۡقَهُۥۖ قَالَ مَن يُحۡيِ ٱلۡعِظَٰمَ وَهِيَ رَمِيمٌ ٧٨Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді قُلۡ يُحۡيِيهَا ٱلَّذِيٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةٍۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلۡقٍ عَلِيمٌ ٧٩Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلشَّجَرِ ٱلۡأَخۡضَرِ نَارًا فَإِذَآ أَنتُم مِّنۡهُ تُوقِدُونَ ٨٠Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар أَوَلَيۡسَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۚ بَلَىٰ وَهُوَ ٱلۡخَلَّٰقُ ٱلۡعَلِيمُ ٨١Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші إِنَّمَآ أَمۡرُهُۥٓ إِذَآ أَرَادَ شَيۡـًٔا أَن يَقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ ٨٢Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады فَسُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيۡءٍ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ ٨٣Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.