ملة الإسلام

السورة 70 · 44 آية · Khalifah Altai

سورة المعارج باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة المعارج (1,289 قارئاً)
مكيةسورة المعارج٤٤ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

سَأَلَ سَآئِلُۢ بِعَذَابٍ وَاقِعٍ ١Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (С. 32-А) لِّلۡكَٰفِرِينَ لَيۡسَ لَهُۥ دَافِعٌ ٢Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ مِّنَ ٱللَّهِ ذِي ٱلۡمَعَارِجِ ٣Ол азап биік дәреже иесі Алладан تَعۡرُجُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٍ كَانَ مِقۡدَارُهُۥ خَمۡسِينَ أَلۡفَ سَنَةٍ ٤Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады فَٱصۡبِرۡ صَبۡرًا جَمِيلًا ٥(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет إِنَّهُمۡ يَرَوۡنَهُۥ بَعِيدًا ٦Олар қияметті ұзақ көреді وَنَرَىٰهُ قَرِيبًا ٧Біз жақын көреміз يَوۡمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلۡمُهۡلِ ٨Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ ٩Таулар, түтілген жүндей болады وَلَا يَسۡـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمًا ١٠Дос, достың халін сұрамайды يُبَصَّرُونَهُمۡۚ يَوَدُّ ٱلۡمُجۡرِمُ لَوۡ يَفۡتَدِي مِنۡ عَذَابِ يَوۡمِئِذِۭ بِبَنِيهِ ١١Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді وَصَٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ ١٢Әйелін де туысын да وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِي تُـٔۡوِيهِ ١٣Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعًا ثُمَّ يُنجِيهِ ١٤Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді كـَلَّآۖ إِنَّهَا لَظَىٰ ١٥Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от نَزَّاعَةً لِّلشَّوَىٰ ١٦Теріні сояды تَدۡعُواْ مَنۡ أَدۡبَرَ وَتَوَلَّىٰ ١٧Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады وَجَمَعَ فَأَوۡعَىٰٓ ١٨Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады ۞ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا ١٩Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعًا ٢٠Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз وَإِذَا مَسَّهُ ٱلۡخَيۡرُ مَنُوعًا ٢١Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң إِلَّا ٱلۡمُصَلِّينَ ٢٢Бірақ намаз оқушылар басқа ٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ دَآئِمُونَ ٢٣Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды وَٱلَّذِينَ فِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقٌّ مَّعۡلُومٌ ٢٤Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ ٢٥Сұрағанға да сұрамағанға да. (С. 19-А) وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ ٢٦Тағы сондай қиямет күнін растағандар وَٱلَّذِينَ هُم مِّنۡ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشۡفِقُونَ ٢٧Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمۡ غَيۡرُ مَأۡمُونٍ ٢٨Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ ٢٩Сондай ұятты жерлерін сақтағандар إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ ٣٠Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ ٣١Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ ٣٢Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَٰدَٰتِهِمۡ قَآئِمُونَ ٣٣Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ يُحَافِظُونَ ٣٤Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер أُوْلَٰٓئِكَ فِي جَنَّٰتٍ مُّكۡرَمُونَ ٣٥Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ قِبَلَكَ مُهۡطِعِينَ ٣٦(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ ٣٧Оңнан, солдан топ-топ болып أَيَطۡمَعُ كُلُّ ٱمۡرِيٍٕ مِّنۡهُمۡ أَن يُدۡخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٍ ٣٨Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме كـَلَّآۖ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّمَّا يَعۡلَمُونَ ٣٩Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық فَلَآ أُقۡسِمُ بِرَبِّ ٱلۡمَشَٰرِقِ وَٱلۡمَغَٰرِبِ إِنَّا لَقَٰدِرُونَ ٤٠Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيۡرًا مِّنۡهُمۡ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ ٤١Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды فَذَرۡهُمۡ يَخُوضُواْ وَيَلۡعَبُواْ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ ٤٢(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын يَوۡمَ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ سِرَاعًا كَأَنَّهُمۡ إِلَىٰ نُصُبٍ يُوفِضُونَ ٤٣Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٌۚ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلَّذِي كَانُواْ يُوعَدُونَ ٤٤Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн

الترجمة: Khalifah Altai.