بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱقۡتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلۡقَمَرُ ١Қиямет жақындады, ай жарылды وَإِن يَرَوۡاْ ءَايَةً يُعۡرِضُواْ وَيَقُولُواْ سِحۡرٌ مُّسۡتَمِرٌّ ٢Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді وَكَذَّبُواْ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَكُلُّ أَمۡرٍ مُّسۡتَقِرٌّ ٣Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّنَ ٱلۡأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزۡدَجَرٌ ٤Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды حِكۡمَةُۢ بَٰلِغَةٌۖ فَمَا تُغۡنِ ٱلنُّذُرُ ٥Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡۘ يَوۡمَ يَدۡعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَيۡءٍ نُّكُرٍ ٦(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады خُشَّعًا أَبۡصَٰرُهُمۡ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ كَأَنَّهُمۡ جَرَادٌ مُّنتَشِرٌ ٧Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке құсап шығады مُّهۡطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِۖ يَقُولُ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا يَوۡمٌ عَسِرٌ ٨Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бұл ауыр күн" дейді ۞ كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٍ فَكَذَّبُواْ عَبۡدَنَا وَقَالُواْ مَجۡنُونٌ وَٱزۡدُجِرَ ٩Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَغۡلُوبٌ فَٱنتَصِرۡ ١٠Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер" деп, жалбарынған فَفَتَحۡنَآ أَبۡوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٍ مُّنۡهَمِرٍ ١١Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық وَفَجَّرۡنَا ٱلۡأَرۡضَ عُيُونًا فَٱلۡتَقَى ٱلۡمَآءُ عَلَىٰٓ أَمۡرٍ قَدۡ قُدِرَ ١٢Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды وَحَمَلۡنَٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلۡوَٰحٍ وَدُسُرٍ ١٣Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық تَجۡرِي بِأَعۡيُنِنَا جَزَآءً لِّمَن كَانَ كُفِرَ ١٤Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты وَلَقَد تَّرَكۡنَٰهَآ ءَايَةً فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ١٥Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ ١٦Азабым, ескертуім қалай екен وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ١٧Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма كَذَّبَتۡ عَادٌ فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ ١٨Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحًا صَرۡصَرًا فِي يَوۡمِ نَحۡسٍ مُّسۡتَمِرٍّ ١٩Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٍ مُّنقَعِرٍ ٢٠Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ ٢١Азабым, ескертуім қалай екен وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ٢٢Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ ٢٣Сәмұд елі ескертушіні жасынға айналдырды فَقَالُوٓاْ أَبَشَرًا مِّنَّا وَٰحِدًا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذًا لَّفِي ضَلَٰلٍ وَسُعُرٍ ٢٤Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді أَءُلۡقِيَ ٱلذِّكۡرُ عَلَيۡهِ مِنۢ بَيۡنِنَا بَلۡ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٌ ٢٥Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді سَيَعۡلَمُونَ غَدًا مَّنِ ٱلۡكَذَّابُ ٱلۡأَشِرُ ٢٦Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі إِنَّا مُرۡسِلُواْ ٱلنَّاقَةِ فِتۡنَةً لَّهُمۡ فَٱرۡتَقِبۡهُمۡ وَٱصۡطَبِرۡ ٢٧Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді) وَنَبِّئۡهُمۡ أَنَّ ٱلۡمَآءَ قِسۡمَةُۢ بَيۡنَهُمۡۖ كُلُّ شِرۡبٍ مُّحۡتَضَرٌ ٢٨Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р) فَنَادَوۡاْ صَاحِبَهُمۡ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ ٢٩Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ ٣٠Сонда азабым, ескертуім қалай екен إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ صَيۡحَةً وَٰحِدَةً فَكَانُواْ كَهَشِيمِ ٱلۡمُحۡتَظِرِ ٣١Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның ұматылған қу жапырағындай болды وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ٣٢Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطِۭ بِٱلنُّذُرِ ٣٣Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٍۖ نَّجَّيۡنَٰهُم بِسَحَرٍ ٣٤Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (С. 33-А) نِّعۡمَةً مِّنۡ عِندِنَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي مَن شَكَرَ ٣٥Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз وَلَقَدۡ أَنذَرَهُم بَطۡشَتَنَا فَتَمَارَوۡاْ بِٱلنُّذُرِ ٣٦Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады وَلَقَدۡ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيۡفِهِۦ فَطَمَسۡنَآ أَعۡيُنَهُمۡ فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ ٣٧Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар وَلَقَدۡ صَبَّحَهُم بُكۡرَةً عَذَابٌ مُّسۡتَقِرٌّ ٣٨Расында оларға тәңертең ерте бір азап келді فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ ٣٩Ал азабым, ескертуім қалай екен وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ٤٠Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма وَلَقَدۡ جَآءَ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ ٱلنُّذُرُ ٤١Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذۡنَٰهُمۡ أَخۡذَ عَزِيزٍ مُّقۡتَدِرٍ ٤٢Олар мұғжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық أَكُفَّارُكُمۡ خَيۡرٌ مِّنۡ أُوْلَٰٓئِكُمۡ أَمۡ لَكُم بَرَآءَةٌ فِي ٱلزُّبُرِ ٤٣Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма أَمۡ يَقُولُونَ نَحۡنُ جَمِيعٌ مُّنتَصِرٌ ٤٤Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме سَيُهۡزَمُ ٱلۡجَمۡعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ ٤٥Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوۡعِدُهُمۡ وَٱلسَّاعَةُ أَدۡهَىٰ وَأَمَرُّ ٤٦Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл إِنَّ ٱلۡمُجۡرِمِينَ فِي ضَلَٰلٍ وَسُعُرٍ ٤٧Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда يَوۡمَ يُسۡحَبُونَ فِي ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ ذُوقُواْ مَسَّ سَقَرَ ٤٨Ол күні, олар, тозақта етпетінен сұйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді) إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٍ ٤٩Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық وَمَآ أَمۡرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٌ كَلَمۡحِۭ بِٱلۡبَصَرِ ٥٠Әміріміз бір-ақ қас қаққандай وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَآ أَشۡيَاعَكُمۡ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٍ ٥١Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма وَكُلُّ شَيۡءٍ فَعَلُوهُ فِي ٱلزُّبُرِ ٥٢Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген وَكُلُّ صَغِيرٍ وَكَبِيرٍ مُّسۡتَطَرٌ ٥٣Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٍ وَنَهَرٍ ٥٤Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында فِي مَقۡعَدِ صِدۡقٍ عِندَ مَلِيكٍ مُّقۡتَدِرِۭ ٥٥Ықпалды үкім иесінің хұзырындағы қалаған орнында