بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ ١Қиямет уақиғасы болған кезде لَيۡسَ لِوَقۡعَتِهَا كَاذِبَةٌ ٢Оның болуын өтірік деуші болмас خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ ٣(Ол) төмендетеді, жоғарлатады إِذَا رُجَّتِ ٱلۡأَرۡضُ رَجًّا ٤Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі وَبُسَّتِ ٱلۡجِبَالُ بَسًّا ٥Таулар мүлде үгітіледі فَكَانَتۡ هَبَآءً مُّنۢبَثًّا ٦Ұшқан тозаңдай болады وَكُنتُمۡ أَزۡوَٰجًا ثَلَٰثَةً ٧Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер فَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ ٨(Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ ٩(Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلسَّٰبِقُونَ ١٠Озаттар алдынғы қатарда болады أُوْلَٰٓئِكَ ٱلۡمُقَرَّبُونَ ١١Міне солар, Аллаға жақын болғандар فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ١٢Ұжмақта нығметке бөленеді ثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٣Бұрынғылардан көбірек وَقَلِيلٌ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ ١٤Соңғылардан азырақ عَلَىٰ سُرُرٍ مَّوۡضُونَةٍ ١٥Безенген тақтар үстінде مُّتَّكِـِٔينَ عَلَيۡهَا مُتَقَٰبِلِينَ ١٦Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады يَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٌ مُّخَلَّدُونَ ١٧Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді بِأَكۡوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأۡسٍ مِّن مَّعِينٍ ١٨Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен لَّا يُصَدَّعُونَ عَنۡهَا وَلَا يُنزِفُونَ ١٩Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды وَفَٰكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ ٢٠Қалаған жемістері бар وَلَحۡمِ طَيۡرٍ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ ٢١Көңілдері соққан құс еті бар وَحُورٌ عِينٌ ٢٢Бота көз хұрлар бар كَأَمۡثَٰلِ ٱللُّؤۡلُوِٕ ٱلۡمَكۡنُونِ ٢٣Сақтаулы інжу сияқты جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٢٤Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы لَا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا وَلَا تَأۡثِيمًا ٢٥Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді إِلَّا قِيلًا سَلَٰمًا سَلَٰمًا ٢٦Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ ٢٧Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты فِي سِدۡرٍ مَّخۡضُودٍ ٢٨Олар тікенсіз сидыр (ағаштары) وَطَلۡحٍ مَّنضُودٍ ٢٩Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының وَظِلٍّ مَّمۡدُودٍ ٣٠Созылған көлеңкенің астында болады وَمَآءٍ مَّسۡكُوبٍ ٣١Сарқырап аққан су бар وَفَٰكِهَةٍ كَثِيرَةٍ ٣٢Мол жеміс бар لَّا مَقۡطُوعَةٍ وَلَا مَمۡنُوعَةٍ ٣٣Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын وَفُرُشٍ مَّرۡفُوعَةٍ ٣٤Биік төсектерде болады إِنَّآ أَنشَأۡنَٰهُنَّ إِنشَآءً ٣٥Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б) فَجَعَلۡنَٰهُنَّ أَبۡكَارًا ٣٦Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз عُرُبًا أَتۡرَابًا ٣٧Күйеуін сүйгіш құрдас болады لِّأَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٣٨Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады ثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ٣٩Бір топ бұрынғылардан وَثُلَّةٌ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ ٤٠Бір топ соңғылардан وَأَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ ٤١Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай فِي سَمُومٍ وَحَمِيمٍ ٤٢Олар ыстық бу, қайнар суда болады وَظِلٍّ مِّن يَحۡمُومٍ ٤٣Қара түнек көлеңкеде болады لَّا بَارِدٍ وَلَا كَرِيمٍ ٤٤Салқын да емес, жайлы да емес إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُتۡرَفِينَ ٤٥Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді وَكَانُواْ يُصِرُّونَ عَلَى ٱلۡحِنثِ ٱلۡعَظِيمِ ٤٦Зор күнәда қасарысушы еді وَكَانُواْ يَقُولُونَ أَئِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ ٤٧Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ ٤٨Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді) قُلۡ إِنَّ ٱلۡأَوَّلِينَ وَٱلۡأٓخِرِينَ ٤٩(Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де لَمَجۡمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَٰتِ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ٥٠Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де) ثُمَّ إِنَّكُمۡ أَيُّهَا ٱلضَّآلُّونَ ٱلۡمُكَذِّبُونَ ٥١Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер لَأٓكِلُونَ مِن شَجَرٍ مِّن زَقُّومٍ ٥٢Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ ٥٣Одан қарындарыңды толтырасыңдар فَشَٰرِبُونَ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡحَمِيمِ ٥٤Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер فَشَٰرِبُونَ شُرۡبَ ٱلۡهِيمِ ٥٥Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер هَٰذَا نُزُلُهُمۡ يَوۡمَ ٱلدِّينِ ٥٦Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары نَحۡنُ خَلَقۡنَٰكُمۡ فَلَوۡلَا تُصَدِّقُونَ ٥٧Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар أَفَرَءَيۡتُم مَّا تُمۡنُونَ ٥٨Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ تَخۡلُقُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡخَٰلِقُونَ ٥٩Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба نَحۡنُ قَدَّرۡنَا بَيۡنَكُمُ ٱلۡمَوۡتَ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ ٦٠Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ أَمۡثَٰلَكُمۡ وَنُنشِئَكُمۡ فِي مَا لَا تَعۡلَمُونَ ٦١Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз وَلَقَدۡ عَلِمۡتُمُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُولَىٰ فَلَوۡلَا تَذَكَّرُونَ ٦٢Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме أَفَرَءَيۡتُم مَّا تَحۡرُثُونَ ٦٣Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ تَزۡرَعُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلزَّٰرِعُونَ ٦٤Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе لَوۡ نَشَآءُ لَجَعَلۡنَٰهُ حُطَٰمًا فَظَلۡتُمۡ تَفَكَّهُونَ ٦٥Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер إِنَّا لَمُغۡرَمُونَ ٦٦Расында зиянға ұшырадық بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ ٦٧Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер) أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلۡمَآءَ ٱلَّذِي تَشۡرَبُونَ ٦٨Ішкен суларыңды көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ أَنزَلۡتُمُوهُ مِنَ ٱلۡمُزۡنِ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنزِلُونَ ٦٩Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба لَوۡ نَشَآءُ جَعَلۡنَٰهُ أُجَاجًا فَلَوۡلَا تَشۡكُرُونَ ٧٠Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي تُورُونَ ٧١Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме ءَأَنتُمۡ أَنشَأۡتُمۡ شَجَرَتَهَآ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنشِـُٔونَ ٧٢Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па نَحۡنُ جَعَلۡنَٰهَا تَذۡكِرَةً وَمَتَٰعًا لِّلۡمُقۡوِينَ ٧٣Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ ٧٤(Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте ۞ فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَوَٰقِعِ ٱلنُّجُومِ ٧٥Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін وَإِنَّهُۥ لَقَسَمٌ لَّوۡ تَعۡلَمُونَ عَظِيمٌ ٧٦Егер білсеңдер, ол, зор серт إِنَّهُۥ لَقُرۡءَانٌ كَرِيمٌ ٧٧Шын мәнінде ол ардақты Құран فِي كِتَٰبٍ مَّكۡنُونٍ ٧٨Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы لَّا يَمَسُّهُۥٓ إِلَّا ٱلۡمُطَهَّرُونَ ٧٩Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды) تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٨٠Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген أَفَبِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَنتُم مُّدۡهِنُونَ ٨١Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме وَتَجۡعَلُونَ رِزۡقَكُمۡ أَنَّكُمۡ تُكَذِّبُونَ ٨٢Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж) فَلَوۡلَآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلۡحُلۡقُومَ ٨٣Ал жан жұтқыншаққа келген кезде وَأَنتُمۡ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ ٨٤Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُبۡصِرُونَ ٨٥Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер فَلَوۡلَآ إِن كُنتُمۡ غَيۡرَ مَدِينِينَ ٨٦Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар تَرۡجِعُونَهَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ٨٧Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы فَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ ٨٨Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса فَرَوۡحٌ وَرَيۡحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ ٨٩Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٩٠Ал енді өлі оңшылдардан болса فَسَلَٰمٌ لَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ ٩١Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді) وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٱلضَّآلِّينَ ٩٢Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса فَنُزُلٌ مِّنۡ حَمِيمٍ ٩٣Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады وَتَصۡلِيَةُ جَحِيمٍ ٩٤Әрі тозаққа салынады إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ ٱلۡيَقِينِ ٩٥Сөзсіз міне анық шындық осы فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ ٩٦(Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте