ملة الإسلام

السورة 44 · 59 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة الدخان باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة الدخان (1,230 قارئاً)
مكيةسورة الدخان٥٩ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

حمٓ ١Ха. Мим وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ ٢Анық Кітаппен ант етемін إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةٍ مُّبَٰرَكَةٍۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ ٣Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз فِيهَا يُفۡرَقُ كُلُّ أَمۡرٍ حَكِيمٍ ٤Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді أَمۡرًا مِّنۡ عِندِنَآۚ إِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ ٥Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық رَحۡمَةً مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ ٦Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ ٧Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٨Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы بَلۡ هُمۡ فِي شَكٍّ يَلۡعَبُونَ ٩Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр فَٱرۡتَقِبۡ يَوۡمَ تَأۡتِي ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ ١٠Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт يَغۡشَى ٱلنَّاسَۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ ١١Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап رَّبَّنَا ٱكۡشِفۡ عَنَّا ٱلۡعَذَابَ إِنَّا مُؤۡمِنُونَ ١٢Олар / : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكۡرَىٰ وَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٌ مُّبِينٌ ١٣Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой ثُمَّ تَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ وَقَالُواْ مُعَلَّمٌ مَّجۡنُونٌ ١٤Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді إِنَّا كَاشِفُواْ ٱلۡعَذَابِ قَلِيلًاۚ إِنَّكُمۡ عَآئِدُونَ ١٥(Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар يَوۡمَ نَبۡطِشُ ٱلۡبَطۡشَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ ١٦Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз ۞ وَلَقَدۡ فَتَنَّا قَبۡلَهُمۡ قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَ وَجَآءَهُمۡ رَسُولٌ كَرِيمٌ ١٧Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді أَنۡ أَدُّوٓاْ إِلَيَّ عِبَادَ ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٨Ол / : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін وَأَن لَّا تَعۡلُواْ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنِّيٓ ءَاتِيكُم بِسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ١٩Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім وَإِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمۡ أَن تَرۡجُمُونِ ٢٠Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім وَإِن لَّمۡ تُؤۡمِنُواْ لِي فَٱعۡتَزِلُونِ ٢١Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَٰٓؤُلَآءِ قَوۡمٌ مُّجۡرِمُونَ ٢٢Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды فَأَسۡرِ بِعِبَادِي لَيۡلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ ٢٣Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі وَٱتۡرُكِ ٱلۡبَحۡرَ رَهۡوًاۖ إِنَّهُمۡ جُندٌ مُّغۡرَقُونَ ٢٤Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді كَمۡ تَرَكُواْ مِن جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٢٥Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды وَزُرُوعٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ ٢٦егіндер мен кең салтанатты орын жайларды وَنَعۡمَةٍ كَانُواْ فِيهَا فَٰكِهِينَ ٢٧әрі өздері рахатын көрген игіліктерді كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا قَوۡمًا ءَاخَرِينَ ٢٨Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік فَمَا بَكَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَا كَانُواْ مُنظَرِينَ ٢٩Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді وَلَقَدۡ نَجَّيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ مِنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ ٣٠Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық مِن فِرۡعَوۡنَۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيًا مِّنَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ ٣١Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді وَلَقَدِ ٱخۡتَرۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ عِلۡمٍ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ ٣٢Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық وَءَاتَيۡنَٰهُم مِّنَ ٱلۡأٓيَٰتِ مَا فِيهِ بَلَٰٓؤٌاْ مُّبِينٌ ٣٣Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ ٣٤Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады إِنۡ هِيَ إِلَّا مَوۡتَتُنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُنشَرِينَ ٣٥«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз فَأۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ٣٦Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп أَهُمۡ خَيۡرٌ أَمۡ قَوۡمُ تُبَّعٍ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ مُجۡرِمِينَ ٣٧Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا لَٰعِبِينَ ٣٨Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз مَا خَلَقۡنَٰهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ٣٩Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ مِيقَٰتُهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٤٠Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім يَوۡمَ لَا يُغۡنِي مَوۡلًى عَن مَّوۡلًى شَيۡـًٔا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ ٤١Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٤٢тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ ٤٣Күдіксіз, заққұм ағашы طَعَامُ ٱلۡأَثِيمِ ٤٤күнәһардың тамағы كَٱلۡمُهۡلِ يَغۡلِي فِي ٱلۡبُطُونِ ٤٥Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды كَغَلۡيِ ٱلۡحَمِيمِ ٤٦қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай خُذُوهُ فَٱعۡتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ ٤٧Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар ثُمَّ صُبُّواْ فَوۡقَ رَأۡسِهِۦ مِنۡ عَذَابِ ٱلۡحَمِيمِ ٤٨Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар ذُقۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡكَرِيمُ ٤٩Сонда сенбеушілерге / : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمۡتَرُونَ ٥٠Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٍ ٥١Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٥٢Жәннат бақтары мен бұлақтарында يَلۡبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسۡتَبۡرَقٍ مُّتَقَٰبِلِينَ ٥٣Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады كَذَٰلِكَ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٍ ٥٤Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз يَدۡعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ ٥٥Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلۡمَوۡتَ إِلَّا ٱلۡمَوۡتَةَ ٱلۡأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ ٥٦Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған فَضۡلًا مِّن رَّبِّكَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ ٥٧Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ ٥٨Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік فَٱرۡتَقِبۡ إِنَّهُم مُّرۡتَقِبُونَ ٥٩Енді күт, негізінде олар да күтуде

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.