بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
هَلۡ أَتَىٰ عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ حِينٌ مِّنَ ٱلدَّهۡرِ لَمۡ يَكُن شَيۡـًٔا مَّذۡكُورًا ١Адамға ол еске алынбаған кезінен / жаратылғанға дейін / біраз уақыт өтпеді ме إِنَّا خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٍ أَمۡشَاجٍ نَّبۡتَلِيهِ فَجَعَلۡنَٰهُ سَمِيعَۢا بَصِيرًا ٢Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік إِنَّا هَدَيۡنَٰهُ ٱلسَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرًا وَإِمَّا كَفُورًا ٣Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ سَلَٰسِلَاْ وَأَغۡلَٰلًا وَسَعِيرًا ٤Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ يَشۡرَبُونَ مِن كَأۡسٍ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا ٥Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен / сусын / ішеді عَيۡنًا يَشۡرَبُ بِهَا عِبَادُ ٱللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفۡجِيرًا ٦Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны / қалағанынша / ағызады يُوفُونَ بِٱلنَّذۡرِ وَيَخَافُونَ يَوۡمًا كَانَ شَرُّهُۥ مُسۡتَطِيرًا ٧Олар нәзірді / Аллаһ жолына атағанын / орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады وَيُطۡعِمُونَ ٱلطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ مِسۡكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا ٨Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді إِنَّمَا نُطۡعِمُكُمۡ لِوَجۡهِ ٱللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمۡ جَزَآءً وَلَا شُكُورًا ٩Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз إِنَّا نَخَافُ مِن رَّبِّنَا يَوۡمًا عَبُوسًا قَمۡطَرِيرًا ١٠Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», - дейді فَوَقَىٰهُمُ ٱللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمِ وَلَقَّىٰهُمۡ نَضۡرَةً وَسُرُورًا ١١Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді وَجَزَىٰهُم بِمَا صَبَرُواْ جَنَّةً وَحَرِيرًا ١٢және сабыр еткендері үшін оларға / Жәннаттағы / бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِۖ لَا يَرَوۡنَ فِيهَا شَمۡسًا وَلَا زَمۡهَرِيرًا ١٣Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді وَدَانِيَةً عَلَيۡهِمۡ ظِلَٰلُهَا وَذُلِّلَتۡ قُطُوفُهَا تَذۡلِيلًا ١٤Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады وَيُطَافُ عَلَيۡهِم بِـَٔانِيَةٍ مِّن فِضَّةٍ وَأَكۡوَابٍ كَانَتۡ قَوَارِيرَا۠ ١٥Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді قَوَارِيرَاْ مِن فِضَّةٍ قَدَّرُوهَا تَقۡدِيرًا ١٦Ал шынысы - күмістен. бұл ыдыстар / сайма-сай / өлшеніп қойылған وَيُسۡقَوۡنَ فِيهَا كَأۡسًا كَانَ مِزَاجُهَا زَنجَبِيلًا ١٧Әрі оларға зәнжәбил / сусыны / араластырылған кеседен ішкізіледі عَيۡنًا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلۡسَبِيلًا ١٨«Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан ۞ وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٌ مُّخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيۡتَهُمۡ حَسِبۡتَهُمۡ لُؤۡلُؤًا مَّنثُورًا ١٩Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың وَإِذَا رَأَيۡتَ ثَمَّ رَأَيۡتَ نَعِيمًا وَمُلۡكًا كَبِيرًا ٢٠Әрі көрген кезде, онда / жәннатта / игілік әрі ұлы патшалықты көресің عَٰلِيَهُمۡ ثِيَابُ سُندُسٍ خُضۡرٌ وَإِسۡتَبۡرَقٌۖ وَحُلُّوٓاْ أَسَاوِرَ مِن فِضَّةٍ وَسَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ شَرَابًا طَهُورًا ٢١Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді إِنَّ هَٰذَا كَانَ لَكُمۡ جَزَآءً وَكَانَ سَعۡيُكُم مَّشۡكُورًا ٢٢Оларға / : «Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ تَنزِيلًا ٢٣Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп / біртіндеп / түсірдік فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تُطِعۡ مِنۡهُمۡ ءَاثِمًا أَوۡ كَفُورًا ٢٤Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба وَٱذۡكُرِ ٱسۡمَ رَبِّكَ بُكۡرَةً وَأَصِيلًا ٢٥Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَٱسۡجُدۡ لَهُۥ وَسَبِّحۡهُ لَيۡلًا طَوِيلًا ٢٦Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ يُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ وَيَذَرُونَ وَرَآءَهُمۡ يَوۡمًا ثَقِيلًا ٢٧Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады نَّحۡنُ خَلَقۡنَٰهُمۡ وَشَدَدۡنَآ أَسۡرَهُمۡۖ وَإِذَا شِئۡنَا بَدَّلۡنَآ أَمۡثَٰلَهُمۡ تَبۡدِيلًا ٢٨Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз إِنَّ هَٰذِهِۦ تَذۡكِرَةٌۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلًا ٢٩Анығында, бұл - еске салу / насихат / . Енді кім қаласа, Раббысына / апаратын / жол ұстанады وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًا ٣٠Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана يُدۡخِلُ مَن يَشَآءُ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ وَٱلظَّٰلِمِينَ أَعَدَّ لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمَۢا ٣١Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі