ملة الإسلام

السورة 40 · 85 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة غافر باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة غافر (1,259 قارئاً)
مكيةسورة غافر٨٥ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

حمٓ ١Ха. Мим تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ ٢Бұл Кітап бәрінен Үстем, барлық нәрсені Білуші Аллаһтан түсірілген غَافِرِ ٱلذَّنۢبِ وَقَابِلِ ٱلتَّوۡبِ شَدِيدِ ٱلۡعِقَابِ ذِي ٱلطَّوۡلِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ إِلَيۡهِ ٱلۡمَصِيرُ ٣күнәні кешіруші әрі істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтқанды / тәубені / Қабылдаушы, жаза беруде қатты, мол игілік Иесінен. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қайту -Оған مَا يُجَٰدِلُ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَلَا يَغۡرُرۡكَ تَقَلُّبُهُمۡ فِي ٱلۡبِلَٰدِ ٤Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аяттары жөнінде сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / ғана тартысады. Олардың елдерде айналып жүруі сені алдап қоймасын كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٍ وَٱلۡأَحۡزَابُ مِنۢ بَعۡدِهِمۡۖ وَهَمَّتۡ كُلُّ أُمَّةِۭ بِرَسُولِهِمۡ لِيَأۡخُذُوهُۖ وَجَٰدَلُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ لِيُدۡحِضُواْ بِهِ ٱلۡحَقَّ فَأَخَذۡتُهُمۡۖ فَكَيۡفَ كَانَ عِقَابِ ٥(Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі / солар секілді / топтар да / елшілерді / жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды / өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Менің жазалауым қандай екен وَكَذَٰلِكَ حَقَّتۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ ٦Міне, осылай күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / Отқа түсетіндігі ту­ралы Раббыңның сөзі шындыққа айналды ٱلَّذِينَ يَحۡمِلُونَ ٱلۡعَرۡشَ وَمَنۡ حَوۡلَهُۥ يُسَبِّحُونَ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَيُؤۡمِنُونَ بِهِۦ وَيَسۡتَغۡفِرُونَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْۖ رَبَّنَا وَسِعۡتَ كُلَّ شَيۡءٍ رَّحۡمَةً وَعِلۡمًا فَٱغۡفِرۡ لِلَّذِينَ تَابُواْ وَٱتَّبَعُواْ سَبِيلَكَ وَقِهِمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ ٧Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим / тозағының / азабынан сақтай гөр رَبَّنَا وَأَدۡخِلۡهُمۡ جَنَّٰتِ عَدۡنٍ ٱلَّتِي وَعَدتَّهُمۡ وَمَن صَلَحَ مِنۡ ءَابَآئِهِمۡ وَأَزۡوَٰجِهِمۡ وَذُرِّيَّٰتِهِمۡۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ ٨Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен ’Адн жәннатының бақтарына кіргіз әрі олардың әкелерінен, жұбайларынан және ұрпақтарынан ізгі болғандарды да. Ақиқатында, Сен бәрінен Үстем, аса Данасың وَقِهِمُ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ وَمَن تَقِ ٱلسَّيِّـَٔاتِ يَوۡمَئِذٍ فَقَدۡ رَحِمۡتَهُۥۚ وَذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ ٩Әрі оларды жаман істерден сақта. Сен кімді жаман істерден сақтасаң, сол / Қайта тірілу / күні оған рақым еткен боласың. Міне, осы ұлы жетістік», - дейді إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُنَادَوۡنَ لَمَقۡتُ ٱللَّهِ أَكۡبَرُ مِن مَّقۡتِكُمۡ أَنفُسَكُمۡ إِذۡ تُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلۡإِيمَٰنِ فَتَكۡفُرُونَ ١٠Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / : «Сендер иманға келіңдер деп шақырылып, сонда күпірлік еткен / қарсы келген / кездеріңде Аллаһтың сендерді жек көруі, сендердің өздеріңді / бүгінгі / жек көрулеріңнен үлкен»,- делінеді قَالُواْ رَبَّنَآ أَمَتَّنَا ٱثۡنَتَيۡنِ وَأَحۡيَيۡتَنَا ٱثۡنَتَيۡنِ فَٱعۡتَرَفۡنَا بِذُنُوبِنَا فَهَلۡ إِلَىٰ خُرُوجٍ مِّن سَبِيلٍ ١١Олар: «Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтірдің және екі рет тірілттің. Біз күнәларымызды мойындадық. Енді бізге шығатын жол бар ма?» - дейді ذَٰلِكُم بِأَنَّهُۥٓ إِذَا دُعِيَ ٱللَّهُ وَحۡدَهُۥ كَفَرۡتُمۡ وَإِن يُشۡرَكۡ بِهِۦ تُؤۡمِنُواْۚ فَٱلۡحُكۡمُ لِلَّهِ ٱلۡعَلِيِّ ٱلۡكَبِيرِ ١٢Бұл - сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің / иманға келмегендерің / , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім аса Жоғары, өте Үлкен Аллаһтікі هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ وَيُنَزِّلُ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ رِزۡقًاۚ وَمَا يَتَذَكَّرُ إِلَّا مَن يُنِيبُ ١٣Ол сондай, сендерге Өзінің белгі-дәлелдерін көрсетеді және аспаннан сендерге ризық түсіреді. Алайда, / Раббысына / қайтушылардан басқалар есіне алмайды فَٱدۡعُواْ ٱللَّهَ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ وَلَوۡ كَرِهَ ٱلۡكَٰفِرُونَ ١٤Сондықтан, дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Аллаһтан тілеңдер. Тіпті кәпірлер жек көргенмен де رَفِيعُ ٱلدَّرَجَٰتِ ذُو ٱلۡعَرۡشِ يُلۡقِي ٱلرُّوحَ مِنۡ أَمۡرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ لِيُنذِرَ يَوۡمَ ٱلتَّلَاقِ ١٥Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына / пайғамбарларға / кездесу Күнін / Қайта тірілу күнін / ескертіп, сақтандыру үшін рух / уахи / түсіреді يَوۡمَ هُم بَٰرِزُونَۖ لَا يَخۡفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِنۡهُمۡ شَيۡءٌۚ لِّمَنِ ٱلۡمُلۡكُ ٱلۡيَوۡمَۖ لِلَّهِ ٱلۡوَٰحِدِ ٱلۡقَهَّارِ ١٦Олар / қабірден / шығарылатын сол / қайта тірілу / күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. / Аллаһ / : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. / Кейін Өзі жауап береді / : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» - деп ٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَىٰ كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡۚ لَا ظُلۡمَ ٱلۡيَوۡمَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ ١٧Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам وَأَنذِرۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡأٓزِفَةِ إِذِ ٱلۡقُلُوبُ لَدَى ٱلۡحَنَاجِرِ كَٰظِمِينَۚ مَا لِلظَّٰلِمِينَ مِنۡ حَمِيمٍ وَلَا شَفِيعٍ يُطَاعُ ١٨Ей, Мұхаммед! / Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді / Қайта тірілу күнін / ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын / айтқаны қабыл болатын / ара түсушісі де болмайды يَعۡلَمُ خَآئِنَةَ ٱلۡأَعۡيُنِ وَمَا تُخۡفِي ٱلصُّدُورُ ١٩Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі وَٱللَّهُ يَقۡضِي بِٱلۡحَقِّۖ وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَقۡضُونَ بِشَيۡءٍۗ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ ٢٠Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың / серік қатушылардың / Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші ۞ أَوَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ كَانُواْ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُواْ هُمۡ أَشَدَّ مِنۡهُمۡ قُوَّةً وَءَاثَارًا فِي ٱلۡأَرۡضِ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُ بِذُنُوبِهِمۡ وَمَا كَانَ لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقٍ ٢١Олар жер бетінде / сапарлап / жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде соңында қалдырғандарымен мықты еді. Аллаһ оларды күнәлары үшін ұстады / жазалады / және оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмады ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَانَت تَّأۡتِيهِمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَكَفَرُواْ فَأَخَذَهُمُ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ قَوِيٌّ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ ٢٢Мұның себебі - Оларға елшілер анық дәлелдермен келсе де олардың күпірлік етуі / қарсы келуі / . Сонда Аллаһ оларды ұстады / жазалады / . Ақиқатында, Ол бәрінен Қуатты, жазалауда қатты وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ٢٣Біз Мұсаны Өз белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَقَٰرُونَ فَقَالُواْ سَٰحِرٌ كَذَّابٌ ٢٤Фиръаун, Һаман және Қарунға. Бірақ олар / оны / : «Сиқыршы әрі өтірікші», -деді فَلَمَّا جَآءَهُم بِٱلۡحَقِّ مِنۡ عِندِنَا قَالُواْ ٱقۡتُلُوٓاْ أَبۡنَآءَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ وَٱسۡتَحۡيُواْ نِسَآءَهُمۡۚ وَمَا كَيۡدُ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ ٢٥Ол / Мұса / оларға Бізден ақиқатпен келген кезде, олар: «Онымен бірге иманға келгендердің балаларын өлтіріңдер және әйелдерін тірі қалдырыңдар»,- деді. Бірақ кәпірлердің айла-шарғысы тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ ذَرُونِيٓ أَقۡتُلۡ مُوسَىٰ وَلۡيَدۡعُ رَبَّهُۥٓۖ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُبَدِّلَ دِينَكُمۡ أَوۡ أَن يُظۡهِرَ فِي ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡفَسَادَ ٢٦Фиръаун: «Мені қалдырыңдар, Мұсаны өлтірейін, қане ол Раббысын шақырсын. Мен оның діндеріңді өзгертуінен не жер бетінде / Мысырда / бұзғыншылық шығаруынан қорқамын», - деді وَقَالَ مُوسَىٰٓ إِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُم مِّن كُلِّ مُتَكَبِّرٍ لَّا يُؤۡمِنُ بِيَوۡمِ ٱلۡحِسَابِ ٢٧Мұса: «Мен Есеп күніне сенбеуші, әрбір өзін жоғары санаушыдан менің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорқауын сұраймын», - деді وَقَالَ رَجُلٌ مُّؤۡمِنٌ مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَكۡتُمُ إِيمَٰنَهُۥٓ أَتَقۡتُلُونَ رَجُلًا أَن يَقُولَ رَبِّيَ ٱللَّهُ وَقَدۡ جَآءَكُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ مِن رَّبِّكُمۡۖ وَإِن يَكُ كَٰذِبًا فَعَلَيۡهِ كَذِبُهُۥۖ وَإِن يَكُ صَادِقًا يُصِبۡكُم بَعۡضُ ٱلَّذِي يَعِدُكُمۡۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَنۡ هُوَ مُسۡرِفٌ كَذَّابٌ ٢٨Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым - Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды يَٰقَوۡمِ لَكُمُ ٱلۡمُلۡكُ ٱلۡيَوۡمَ ظَٰهِرِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَمَن يَنصُرُنَا مِنۢ بَأۡسِ ٱللَّهِ إِن جَآءَنَاۚ قَالَ فِرۡعَوۡنُ مَآ أُرِيكُمۡ إِلَّا مَآ أَرَىٰ وَمَآ أَهۡدِيكُمۡ إِلَّا سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ ٢٩Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» - деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім / қажет, жөн деп / білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», - деді وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوۡمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُم مِّثۡلَ يَوۡمِ ٱلۡأَحۡزَابِ ٣٠Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, / алдыңғы өздеріңдей / қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын مِثۡلَ دَأۡبِ قَوۡمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ وَٱلَّذِينَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡۚ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلۡمًا لِّلۡعِبَادِ ٣١Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды وَيَٰقَوۡمِ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ يَوۡمَ ٱلتَّنَادِ ٣٢Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын يَوۡمَ تُوَلُّونَ مُدۡبِرِينَ مَا لَكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِنۡ عَاصِمٍۗ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادٍ ٣٣Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ وَلَقَدۡ جَآءَكُمۡ يُوسُفُ مِن قَبۡلُ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَمَا زِلۡتُمۡ فِي شَكٍّ مِّمَّا جَآءَكُم بِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَا هَلَكَ قُلۡتُمۡ لَن يَبۡعَثَ ٱللَّهُ مِنۢ بَعۡدِهِۦ رَسُولًاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَنۡ هُوَ مُسۡرِفٌ مُّرۡتَابٌ ٣٤Сендерге / Мұсадан / бұрын Йусуф те анық дәлелдермен келген еді, бірақ сендер оның өздеріңе әкелгеніне үнемі күмәнда болдыңдар. Ал, ол қайтыс болғанда, сендер: «Аллаһ одан кейін Елші жібермейді», - дедіңдер. Аллаһ осылай шектен шығушыны, күмәнданушыны адастырады ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ سُلۡطَٰنٍ أَتَىٰهُمۡۖ كَبُرَ مَقۡتًا عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۚ كَذَٰلِكَ يَطۡبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ قَلۡبِ مُتَكَبِّرٍ جَبَّارٍ ٣٥Өздеріне Аллаһтың белгілері жөнінде дәлел келмесе де тартысатындар Аллаһтың алдында және иманға келгендердің алдында өте жек көрінішті. Аллаһ әрбір өзін жоғары санаушының, өктемшілдің жүрегін осылай мөрлеп, жауып тастайды وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ يَٰهَٰمَٰنُ ٱبۡنِ لِي صَرۡحًا لَّعَلِّيٓ أَبۡلُغُ ٱلۡأَسۡبَٰبَ ٣٦Фиръаун: «Ей, Һаман! Маған биік бір мұнара тұрғыз. Бәлкімжолдарға жетермін أَسۡبَٰبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ فَأَطَّلِعَ إِلَىٰٓ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُۥ كَٰذِبًاۚ وَكَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِفِرۡعَوۡنَ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَصُدَّ عَنِ ٱلسَّبِيلِۚ وَمَا كَيۡدُ فِرۡعَوۡنَ إِلَّا فِي تَبَابٍ ٣٧аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», - деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы / жаман істері / көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес وَقَالَ ٱلَّذِيٓ ءَامَنَ يَٰقَوۡمِ ٱتَّبِعُونِ أَهۡدِكُمۡ سَبِيلَ ٱلرَّشَادِ ٣٨Иманға келген кісі: «Әй, елім! Маған еріңдер, мен сендерді тура жолға бастаймын يَٰقَوۡمِ إِنَّمَا هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا مَتَٰعٌ وَإِنَّ ٱلۡأٓخِرَةَ هِيَ دَارُ ٱلۡقَرَارِ ٣٩Әй, елім! Бұл өмір - бар болғаны уақытша ғана пайдаланатын нәрсе, ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет /- түпкілікті тұрақтау мекені مَنۡ عَمِلَ سَيِّئَةً فَلَا يُجۡزَىٰٓ إِلَّا مِثۡلَهَاۖ وَمَنۡ عَمِلَ صَٰلِحًا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٌ فَأُوْلَٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ يُرۡزَقُونَ فِيهَا بِغَيۡرِ حِسَابٍ ٤٠Кім бір жамандық істесе, онда оған қайтарымы ретінде соның өзіндей ғана / жаза / беріледі. Иманға келген күйде ізгі амал жасаған ерлер мен әйелдер, міне солар жәннатқа кіреді әрі ол жерде есепсіз ризыққа бөленеді ۞ وَيَٰقَوۡمِ مَا لِيٓ أَدۡعُوكُمۡ إِلَى ٱلنَّجَوٰةِ وَتَدۡعُونَنِيٓ إِلَى ٱلنَّارِ ٤١Әй, елім! Мен қалайша сендерді құтылуға шақырмаймын, сендер мені тозаққа шақырғанда تَدۡعُونَنِي لِأَكۡفُرَ بِٱللَّهِ وَأُشۡرِكَ بِهِۦ مَا لَيۡسَ لِي بِهِۦ عِلۡمٌ وَأَنَا۠ أَدۡعُوكُمۡ إِلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡغَفَّٰرِ ٤٢Сендер мені Аллаһқа күпірлік етуге / қарсы келуге / және Оған, ол жайлы білімім болмаған нәрсені серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен сендерді бәрінен Үстем , көп Кешірушіге шақырамын لَا جَرَمَ أَنَّمَا تَدۡعُونَنِيٓ إِلَيۡهِ لَيۡسَ لَهُۥ دَعۡوَةٌ فِي ٱلدُّنۡيَا وَلَا فِي ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَنَّ مَرَدَّنَآ إِلَى ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلۡمُسۡرِفِينَ هُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ ٤٣Шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің / ойдан құрастырған құдайларың / дүниеде де, соңғы, мәңгілік өмірде де / ақиретте / бірнәрсе сұрауға лайықты емес. Әрі күмәнсіз, қайтуымыз -Аллаһқа. Әрі сөзсіз, шектен шыққандар, олар - Отқа түсетіндер فَسَتَذۡكُرُونَ مَآ أَقُولُ لَكُمۡۚ وَأُفَوِّضُ أَمۡرِيٓ إِلَى ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَصِيرُۢ بِٱلۡعِبَادِ ٤٤Жақында сендер осы айтқандарымды еске аласыңдар. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші»,- деді فَوَقَىٰهُ ٱللَّهُ سَيِّـَٔاتِ مَا مَكَرُواْۖ وَحَاقَ بِـَٔالِ فِرۡعَوۡنَ سُوٓءُ ٱلۡعَذَابِ ٤٥Аллаһ оны олардың айла-шарғыларының жамандықтарынан қорғады. Ал фиръаундықтарды жаман азап орап алды ٱلنَّارُ يُعۡرَضُونَ عَلَيۡهَا غُدُوًّا وَعَشِيًّاۚ وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ أَدۡخِلُوٓاْ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ أَشَدَّ ٱلۡعَذَابِ ٤٦Ол - от. Олар таңертең және кешке қа­рай оған кігізіледі. Ал, Сағат / Қайта тірілу / келген күні: «Фиръаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» - делінеді وَإِذۡ يَتَحَآجُّونَ فِي ٱلنَّارِ فَيَقُولُ ٱلضُّعَفَٰٓؤُاْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا كُنَّا لَكُمۡ تَبَعًا فَهَلۡ أَنتُم مُّغۡنُونَ عَنَّا نَصِيبًا مِّنَ ٱلنَّارِ ٤٧Әрі олар Оттың ішінде тартысып, әлсіз, нашарлары өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге еріп едік. Енді сендер бізден Оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» - дейді قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا كُلٌّ فِيهَآ إِنَّ ٱللَّهَ قَدۡ حَكَمَ بَيۡنَ ٱلۡعِبَادِ ٤٨Өздерін жоғары санағандар: «Біз бәріміз оның / тозақтың / ішіндеміз. Ақиқатында, Аллаһ құларының арасына үкім шығарып қойған», - дейді وَقَالَ ٱلَّذِينَ فِي ٱلنَّارِ لِخَزَنَةِ جَهَنَّمَ ٱدۡعُواْ رَبَّكُمۡ يُخَفِّفۡ عَنَّا يَوۡمًا مِّنَ ٱلۡعَذَابِ ٤٩Әрі Оттың / тозақтың / ішіңдегілер Жаһаннам күзетшілеріне: «Өздеріңнің Раббыңнан сұраңдаршы, бізге азаптан бір күн жеңілдетсін», - дейді قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ تَكُ تَأۡتِيكُمۡ رُسُلُكُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِۖ قَالُواْ بَلَىٰۚ قَالُواْ فَٱدۡعُواْۗ وَمَا دُعَٰٓؤُاْ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٍ ٥٠Олар / күзетші періштелер / : «Сендерге елшілерің анық дәлелдермен келген жоқ па еді?» дейді. / Тозақтағылар / : «Иә, / келген / », - дейді. Олар: «Онда өздерің тілеңдер. Бірақ кәпірлердің тілегі тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес», - дейді إِنَّا لَنَنصُرُ رُسُلَنَا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَيَوۡمَ يَقُومُ ٱلۡأَشۡهَٰدُ ٥١Ақиқатында, Біз елшілерімізге әрі иманға келгендерге осы өмірде де, әрі куәлар тұратын күні де жәрдем береміз يَوۡمَ لَا يَنفَعُ ٱلظَّٰلِمِينَ مَعۡذِرَتُهُمۡۖ وَلَهُمُ ٱللَّعۡنَةُ وَلَهُمۡ سُوٓءُ ٱلدَّارِ ٥٢Ол күні әділетсіздерге сылтау айтып, ақталулары пайда бермейді. Оларға лағнет болады әрі оларға тұрақтың жаманы / тозақ / болады وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡهُدَىٰ وَأَوۡرَثۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٱلۡكِتَٰبَ ٥٣Әрі Біз Мұсаға жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / бердік және Исраил ұрпақтарын Кітапқа мұрагер еттік هُدًى وَذِكۡرَىٰ لِأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ ٥٤ақыл иелеріне тура жол және еске салу / ескерту / етіп فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقٌّ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ بِٱلۡعَشِيِّ وَٱلۡإِبۡكَٰرِ ٥٥Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі хақ. күнәң үшін кешірім тіле әрі кешке және таңертең Раббыңа мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте إِنَّ ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بِغَيۡرِ سُلۡطَٰنٍ أَتَىٰهُمۡ إِن فِي صُدُورِهِمۡ إِلَّا كِبۡرٌ مَّا هُم بِبَٰلِغِيهِۚ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ ٥٦Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші لَخَلۡقُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ أَكۡبَرُ مِنۡ خَلۡقِ ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ ٥٧Аспандарды және жерді жарату адамдарды жаратуға қарағанда, сөзсіз, әлдеқайда үлкен. Алайда, адамдардың көбі білмейді وَمَا يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَلَا ٱلۡمُسِيٓءُۚ قَلِيلًا مَّا تَتَذَكَّرُونَ ٥٨Соқыр мен көре алатын тең бола алмайды. Сондай-ақ иманға келген және ізгі амал жасаушылар мен жамандық істеуші де. Сендер қандай аз еске аласыңдар إِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَأٓتِيَةٌ لَّا رَيۡبَ فِيهَا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤۡمِنُونَ ٥٩Ақиқатында, Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدۡعُونِيٓ أَسۡتَجِبۡ لَكُمۡۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِي سَيَدۡخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ ٦٠Сендердің Раббың: «Мені шақырыңдар / Менен сұраңдар / , жауап беремін / тілектеріңді қабыл етемін / . Ақиқатында, Маған Құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйлерінде Жаһаннамға кіреді», - деді ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ لِتَسۡكُنُواْ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبۡصِرًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ ٦١Сендерге түнді - онда тынығуларың үшін, ал күндізді жарық етіп жасаған - Сол Аллаһ. Ақиқатында Аллаһ, адамдар үшін кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс, ризалық білдірмейді ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٍ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَأَنَّىٰ تُؤۡفَكُونَ ٦٢Міне, осы Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы, сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда, сендер қайда бұрылып барасыңдар كَذَٰلِكَ يُؤۡفَكُ ٱلَّذِينَ كَانُواْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ ٦٣Аллаһтың аяттарын теріске шығарғандар да осылай кері бұрғызылады / адастырылады ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ قَرَارًا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءً وَصَوَّرَكُمۡ فَأَحۡسَنَ صُوَرَكُمۡ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبُّكُمۡۖ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٦٤Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі هُوَ ٱلۡحَيُّ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَٱدۡعُوهُ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۗ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٦٥Ол әл-Хайй / мәңгі Тірі / , Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Одан ғана тілеңдер. Барлық мақтау -әлемдердің Раббысы Аллаһқа ۞ قُلۡ إِنِّي نُهِيتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَمَّا جَآءَنِيَ ٱلۡبَيِّنَٰتُ مِن رَّبِّي وَأُمِرۡتُ أَنۡ أُسۡلِمَ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٦٦Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған Раббымнан анық дәлелдер келген кезде, сендердің Аллаһтан өзгеге шақырғандарыңа табынуым тыйым салынды. Әрі әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдым», - деп هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٍ ثُمَّ مِنۡ عَلَقَةٍ ثُمَّ يُخۡرِجُكُمۡ طِفۡلًا ثُمَّ لِتَبۡلُغُوٓاْ أَشُدَّكُمۡ ثُمَّ لِتَكُونُواْ شُيُوخًاۚ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ مِن قَبۡلُۖ وَلِتَبۡلُغُوٓاْ أَجَلًا مُّسَمًّى وَلَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ ٦٧Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар هُوَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَإِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ ٦٨Ол тірілтеді және өлтіреді. Қашан Ол бір іске шешім қабылдаса, оған: «Бол!» - десе, сонда ол болады أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ أَنَّىٰ يُصۡرَفُونَ ٦٩Ей, Мұхаммед! / Сен Аллаһтың аяттары жөнінде таласып-тартысқандарды көрмедің бе? Олар қайда бұрылып барады ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِٱلۡكِتَٰبِ وَبِمَآ أَرۡسَلۡنَا بِهِۦ رُسُلَنَاۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ٧٠Солар Кітапты және елшілеріміз арқылы жібергендерімізді өтірікке шығарғандар. Жақында олар біледі إِذِ ٱلۡأَغۡلَٰلُ فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ وَٱلسَّلَٰسِلُ يُسۡحَبُونَ ٧١мойындарына бұғаулар мен шынжырлар салынғанда. Оларды сүйретіп فِي ٱلۡحَمِيمِ ثُمَّ فِي ٱلنَّارِ يُسۡجَرُونَ ٧٢қайнап тұрған суға / тартады / , ал кейін отта жандырады ثُمَّ قِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تُشۡرِكُونَ ٧٣Содан кейін оларға: «Сендердің серік етіп қосқандарың қайда مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُواْ ضَلُّواْ عَنَّا بَل لَّمۡ نَكُن نَّدۡعُواْ مِن قَبۡلُ شَيۡـًٔاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلۡكَٰفِرِينَ ٧٤Аллаһпен қатар?» - делінеді. / Серік қосушылар / : «Олар бізден жоқ болып кетті. Негізінде, біз бұрын ешнәрсеге табынған емеспіз», - дейді. Аллаһ кәпірлерді осылай адастырады ذَٰلِكُم بِمَا كُنتُمۡ تَفۡرَحُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَبِمَا كُنتُمۡ تَمۡرَحُونَ ٧٥Бұл сендердің жер бетінде орынсыз мәз болып, масайрап және өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін ٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ ٧٦Жаһаннам қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер. Өздерін жоғары санайтындардың орны неткен жаман فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقٌّۚ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيۡنَا يُرۡجَعُونَ ٧٧Ей, Мұхаммед / / Енді сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі - хақ. Біз саған Оларға уәде еткеніміздің кейбірін көрсетсек те немесе саған өлім берсек те, бәрібір олар Бізге қайтарылады وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلًا مِّن قَبۡلِكَ مِنۡهُم مَّن قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ وَمِنۡهُم مَّن لَّمۡ نَقۡصُصۡ عَلَيۡكَۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأۡتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ فَإِذَا جَآءَ أَمۡرُ ٱللَّهِ قُضِيَ بِٱلۡحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ ٧٨Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَنۡعَٰمَ لِتَرۡكَبُواْ مِنۡهَا وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ ٧٩Аллаһ сендерге малдарды жаратты. Олардың кейбірін мінулерің, ал кейбірін азықтануларың үшін وَلَكُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَلِتَبۡلُغُواْ عَلَيۡهَا حَاجَةً فِي صُدُورِكُمۡ وَعَلَيۡهَا وَعَلَى ٱلۡفُلۡكِ تُحۡمَلُونَ ٨٠Әрі сендер үшін оларда пайдалар бар және олармен көңілдеріңдегі қажеттеріңе жетулерің үшін. Сондай-ақ сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар وَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ فَأَيَّ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُنكِرُونَ ٨١Әрі Ол сендерге Өз белгілерін көрсетеді. Аллаһтың қай белгісін теріске шығарасыңдар أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُوٓاْ أَكۡثَرَ مِنۡهُمۡ وَأَشَدَّ قُوَّةً وَءَاثَارًا فِي ٱلۡأَرۡضِ فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ ٨٢Олар / иманға келмегендер / жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді فَلَمَّا جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَرِحُواْ بِمَا عِندَهُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ٨٣Оларға елшілер анық дәлелдермен келгенде, олар өздеріндегі бар білімге мәз болып, масаттанды. Сонда оларды, өздері мазақ етіп күлген нәрселері орап алды / бастарына жетті فَلَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَا قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَحۡدَهُۥ وَكَفَرۡنَا بِمَا كُنَّا بِهِۦ مُشۡرِكِينَ ٨٤Олар Біздің азабымызды көргенде: «Біз Аллаһтың жалғыз Өзіне сендік және Оған серік етіп таңғандарымыздан бас тартамыз», - деді فَلَمۡ يَكُ يَنفَعُهُمۡ إِيمَٰنُهُمۡ لَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَاۖ سُنَّتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي قَدۡ خَلَتۡ فِي عِبَادِهِۦۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡكَٰفِرُونَ ٨٥Алайда олардың азабымызды көрген кезде иманға келулері өздеріне пайда бермеді. Аллаһтың құлдарына қатысты бекіткен жолы / заңдылығы / осындай. Міне, сонда кәпірлер зиянға ұшырады

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.