Millat al-Islam

Chapter 93 · 11 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Ad-Dhuha in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Ad-Dhuha (1336 reciters)
Meccanسورة الضحى11 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلضُّحَىٰ ١Сәскемен ант етемін وَٱلَّيۡلِ إِذَا سَجَىٰ ٢және қоюланған түнмен ант етемін مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ ٣Ей, Мұхаммед! / Раббың сені тастап кетпеді және жеккөрген де жоқ وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٌ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ ٤Әрі күмәнсіз, сен үшін соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , алғашқысынан / осы өмірден / қайырлы وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ ٥Әрі сөзсіз, жақында Раббың саған береді де сен разы боласың أَلَمۡ يَجِدۡكَ يَتِيمًا فَـَٔاوَىٰ ٦Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма وَوَجَدَكَ ضَآلًّا فَهَدَىٰ ٧Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма وَوَجَدَكَ عَآئِلًا فَأَغۡنَىٰ ٨және кедей халде тауып, байытпады ма فَأَمَّا ٱلۡيَتِيمَ فَلَا تَقۡهَرۡ ٩Енді сен де жетімді қор санама وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنۡهَرۡ ١٠сұраушыны зекіп, қума وَأَمَّا بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثۡ ١١Әрі Раббыңның игілігі жайлы айт

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.