Millat al-Islam

Chapter 92 · 21 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Lail in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Lail (1283 reciters)
Meccanسورة الليل21 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰ ١Ант етемін, / қараңғылығы / жапқан кездегі түнмен وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ ٢және жарық болған кездегі күндізбен وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ ٣әрі ер мен әйелді Жаратқанмен إِنَّ سَعۡيَكُمۡ لَشَتَّىٰ ٤Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ ٥Ал, кім берсе және тақуалық етсе / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса وَصَدَّقَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ ٦әрі ең жақсыны шын деп білсе فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡيُسۡرَىٰ ٧жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسۡتَغۡنَىٰ ٨Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе وَكَذَّبَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ ٩және ең жақсыны өтірік деп білсе فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡعُسۡرَىٰ ١٠жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз وَمَا يُغۡنِي عَنۡهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ ١١Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді إِنَّ عَلَيۡنَا لَلۡهُدَىٰ ١٢Анығында, тура жолмен жүргізу - Бізге тән وَإِنَّ لَنَا لَلۡأٓخِرَةَ وَٱلۡأُولَىٰ ١٣Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / және алғашқысы да / осы өмір де / Біздікі فَأَنذَرۡتُكُمۡ نَارًا تَلَظَّىٰ ١٤Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан / сақтандырып / ескерттім لَا يَصۡلَىٰهَآ إِلَّا ٱلۡأَشۡقَى ١٥оған ең бақытсыз ғана кіреді ٱلَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ ١٦сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلۡأَتۡقَى ١٧Одан тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар / ғана алыстатылады ٱلَّذِي يُؤۡتِي مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ ١٨сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعۡمَةٍ تُجۡزَىٰٓ ١٩біреулерге беруге міндетті болмасада إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِ ٱلۡأَعۡلَىٰ ٢٠ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана / береді وَلَسَوۡفَ يَرۡضَىٰ ٢١Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.