Millat al-Islam

Chapter 74 · 56 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Muddathir in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Muddathir (1206 reciters)
Meccanسورة المدثر56 verses

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمُدَّثِّرُ ١Ей, бүркеніп алушы قُمۡ فَأَنذِرۡ ٢Орныңнан түр, ескерт وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ ٣Әрі Раббыңды ұлықта وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ ٤Әрі киіміңді тазала وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ ٥және лас нәрселерден аулақ бол وَلَا تَمۡنُن تَسۡتَكۡثِرُ ٦Әрі жақсылықты - көп болып қайтуы үшін жасама وَلِرَبِّكَ فَٱصۡبِرۡ ٧Әрі Раббың үшін сабыр ет فَإِذَا نُقِرَ فِي ٱلنَّاقُورِ ٨Ал, қашан сүр үрілсе فَذَٰلِكَ يَوۡمَئِذٍ يَوۡمٌ عَسِيرٌ ٩міне, сол күн - ауыр күн عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ غَيۡرُ يَسِيرٍ ١٠кәпірлер үшін оңай болмайтын ذَرۡنِي وَمَنۡ خَلَقۡتُ وَحِيدًا ١١Ей, Мұхаммед! / Жалғыз етіп жаратқанымды Өзіме қалдыр وَجَعَلۡتُ لَهُۥ مَالًا مَّمۡدُودًا ١٢Мен оған мол мал-дәулет бердім وَبَنِينَ شُهُودًا ١٣және жанында тұратын перзенттерді وَمَهَّدتُّ لَهُۥ تَمۡهِيدًا ١٤әрі оған / дүниені / жайып қойдым ثُمَّ يَطۡمَعُ أَنۡ أَزِيدَ ١٥Содан кейін де ол Менің арттыра түсуімді қалайды كـَلَّآۖ إِنَّهُۥ كَانَ لِأٓيَٰتِنَا عَنِيدًا ١٦Жоқ, олай болмайды! Ақиқатында, ол аяттарымызға қарсы қасарысушы еді سَأُرۡهِقُهُۥ صَعُودًا ١٧Таяуда оны «өрге» мәжбүрлеймін إِنَّهُۥ فَكَّرَ وَقَدَّرَ ١٨Анығында, ол ойлап, есептеді فَقُتِلَ كَيۡفَ قَدَّرَ ١٩Жойылып кеткір, ол қалай есептеді ثُمَّ قُتِلَ كَيۡفَ قَدَّرَ ٢٠Содан кейін тағы жойылғыр, ол қалай есептеді ثُمَّ نَظَرَ ٢١Сосын ол ойланып қарады ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ ٢٢Содан кейін қабағын шытып, бетін тыржитты ثُمَّ أَدۡبَرَ وَٱسۡتَكۡبَرَ ٢٣Одан соң теріс айналып, өзін жоғары санап, менменсіп فَقَالَ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٌ يُؤۡثَرُ ٢٤«Бұл - айтылып келе жатқан сиқырдан басқа ештеңе емес إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا قَوۡلُ ٱلۡبَشَرِ ٢٥Бұл - бар болғаны адамның сөзі», - деді سَأُصۡلِيهِ سَقَرَ ٢٦Жақында оны Сақарға кіргіземін وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا سَقَرُ ٢٧Сақардың не екенін саған не білдірді لَا تُبۡقِي وَلَا تَذَرُ ٢٨Ол қалдырмайды да, тастамайды لَوَّاحَةٌ لِّلۡبَشَرِ ٢٩теріні жандырып жіберуші عَلَيۡهَا تِسۡعَةَ عَشَرَ ٣٠Оның үстінде он тоғыз бар وَمَا جَعَلۡنَآ أَصۡحَٰبَ ٱلنَّارِ إِلَّا مَلَٰٓئِكَةًۖ وَمَا جَعَلۡنَا عِدَّتَهُمۡ إِلَّا فِتۡنَةً لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ لِيَسۡتَيۡقِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ وَيَزۡدَادَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِيمَٰنًا وَلَا يَرۡتَابَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ وَلِيَقُولَ ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَٱلۡكَٰفِرُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلًاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَمَا يَعۡلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَۚ وَمَا هِيَ إِلَّا ذِكۡرَىٰ لِلۡبَشَرِ ٣١Біз тозақ сақшыларын періштелерден ғана қылдық. Әрі олардың санын сондай күпірлік етушілер / имансыздар / үшін бір сынақ еттік. Бұл Кітап берілгендердің көздері жетуі, имандылардың иманы артуы үшін және Кітап берілгендер мен имандылардың күмәнданбауы үшін. Сондай-ақ жүректерінде дерті барлар мен кәпірлер: «Аллаһ бұл мысалмен нені қалады?!» - деп айтуы үшін. Осылай, Аллаһ кімді қаласа адастырып, кімді қаласа тура жолға салады. Раббыңның әскерін Одан басқа ешкім білмейді. бұл - адамзат үшін бір Еске салудан басқа еш нәрсе емес كـَلَّا وَٱلۡقَمَرِ ٣٢Иә, солай! Аймен ант етемін وَٱلَّيۡلِ إِذۡ أَدۡبَرَ ٣٣Әрі кейін қайтқан түнмен وَٱلصُّبۡحِ إِذَآ أَسۡفَرَ ٣٤және ағарып жатқан таңмен إِنَّهَا لَإِحۡدَى ٱلۡكُبَرِ ٣٥Ақиқатында, ол / тозақ / - өте үлкендердің / құбылыстардың / бірі نَذِيرًا لِّلۡبَشَرِ ٣٦адамзатты ескертуші ретінде لِمَن شَآءَ مِنكُمۡ أَن يَتَقَدَّمَ أَوۡ يَتَأَخَّرَ ٣٧сендерден алға жүруді немесе артқа шегінуді қалағандар үшін كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡ رَهِينَةٌ ٣٨Әрбір жан - істеп тапқанының / амалының / тұтқыны إِلَّآ أَصۡحَٰبَ ٱلۡيَمِينِ ٣٩Бірақ оң жақтағылар олай емес فِي جَنَّٰتٍ يَتَسَآءَلُونَ ٤٠Олар жәннаттарда бір-бірінен сұрасады عَنِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ٤١қылмыскерлер туралы مَا سَلَكَكُمۡ فِي سَقَرَ ٤٢Тозаққа түскендерге / : «Сендерді Сақарға / тозаққа / не кіргізді?» - дейді قَالُواْ لَمۡ نَكُ مِنَ ٱلۡمُصَلِّينَ ٤٣Олар: «Біз намаз оқушылардан болмадық وَلَمۡ نَكُ نُطۡعِمُ ٱلۡمِسۡكِينَ ٤٤әрі кедейді тамақтандырмайтын едік وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ ٱلۡخَآئِضِينَ ٤٥және / бос, өтірік сөздерге / батушылармен бірге батушы едік وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ ٤٦және Есеп / қиямет / күнін өтірік санауда болдық حَتَّىٰٓ أَتَىٰنَا ٱلۡيَقِينُ ٤٧бізге айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін», - дейді فَمَا تَنفَعُهُمۡ شَفَٰعَةُ ٱلشَّٰفِعِينَ ٤٨Сонда оларға араға түсушілердің / шапағат етушілердің / араға түсуі пайда бермейді فَمَا لَهُمۡ عَنِ ٱلتَّذۡكِرَةِ مُعۡرِضِينَ ٤٩Оларға не болды, Еске салатыннан / Құраннан / бет бұратындай كَأَنَّهُمۡ حُمُرٌ مُّسۡتَنفِرَةٌ ٥٠бейне бір үріккен жабайы есектер тәрізді فَرَّتۡ مِن قَسۡوَرَةِۭ ٥١Арыстаннан қашқан بَلۡ يُرِيدُ كُلُّ ٱمۡرِيٍٕ مِّنۡهُمۡ أَن يُؤۡتَىٰ صُحُفًا مُّنَشَّرَةً ٥٢Негізінде, олардың әрбірі өзіне ашық жазбалардың берілуін қалайды كـَلَّاۖ بَل لَّا يَخَافُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ ٥٣Жоқ, керісінше, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қорықпайды كـَلَّآ إِنَّهُۥ تَذۡكِرَةٌ ٥٤Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу, / ескерту فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ ٥٥кім қаласа, оны есіне алады وَمَا يَذۡكُرُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ هُوَ أَهۡلُ ٱلتَّقۡوَىٰ وَأَهۡلُ ٱلۡمَغۡفِرَةِ ٥٦Алайда олар Аллаһ қаламаса, есіне алмайды. Ол / жазасынан / қорқуға лайықты әрі кешірім Иесі

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.