Millat al-Islam

Chapter 75 · 40 verses · Khalifah Altai Charity Foundation

Surah Al-Qiyama in Kazakh

Arabic with tafsir Listen to Surah Al-Qiyama (1375 reciters)

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

لَآ أُقۡسِمُ بِيَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ ١Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін وَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلنَّفۡسِ ٱللَّوَّامَةِ ٢Әрі жазғырушы жанмен ант етемін أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَلَّن نَّجۡمَعَ عِظَامَهُۥ ٣Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме بَلَىٰ قَٰدِرِينَ عَلَىٰٓ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُۥ ٤Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді بَلۡ يُرِيدُ ٱلۡإِنسَٰنُ لِيَفۡجُرَ أَمَامَهُۥ ٥Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды يَسۡـَٔلُ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلۡقِيَٰمَةِ ٦Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» - деп сұрайды فَإِذَا بَرِقَ ٱلۡبَصَرُ ٧Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда وَخَسَفَ ٱلۡقَمَرُ ٨және ай тұтылған / сәулесі өшкен وَجُمِعَ ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ ٩әрі күн мен ай біріктірілген кезде يَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذٍ أَيۡنَ ٱلۡمَفَرُّ ١٠сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді كـَلَّا لَا وَزَرَ ١١Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمُسۡتَقَرُّ ١٢Ол күні тұрақтар орын - сенің Раббыңда يُنَبَّؤُاْ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذِۭ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ ١٣Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі بَلِ ٱلۡإِنسَٰنُ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦ بَصِيرَةٌ ١٤Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді وَلَوۡ أَلۡقَىٰ مَعَاذِيرَهُۥ ١٥тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да لَا تُحَرِّكۡ بِهِۦ لِسَانَكَ لِتَعۡجَلَ بِهِۦٓ ١٦Ей, Мұхаммед! / Оған / уахиды жаттауға / асығып, тіліңді қимылдатпа إِنَّ عَلَيۡنَا جَمۡعَهُۥ وَقُرۡءَانَهُۥ ١٧Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде فَإِذَا قَرَأۡنَٰهُ فَٱتَّبِعۡ قُرۡءَانَهُۥ ١٨Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا بَيَانَهُۥ ١٩содан кейін оны түсіндіру - Біздің міндетімізде كـَلَّا بَلۡ تُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ ٢٠Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар وَتَذَرُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ ٢١ал, соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / тастап, қалдырып қоясыңдар وُجُوهٌ يَوۡمَئِذٍ نَّاضِرَةٌ ٢٢Ол күні кейбір жүздер жайнап إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٌ ٢٣Раббысына қарайды وَوُجُوهٌ يَوۡمَئِذِۭ بَاسِرَةٌ ٢٤Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп تَظُنُّ أَن يُفۡعَلَ بِهَا فَاقِرَةٌ ٢٥Омыртқа үзілетіндей іс / азап / болатынына көздері жетеді كـَلَّآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلتَّرَاقِيَ ٢٦Жоқ, олай емес! Қашан ол / жан / алқымға жеткен кезде وَقِيلَ مَنۡۜ رَاقٍ ٢٧әрі «Кім шара көреді», - делінгенде وَظَنَّ أَنَّهُ ٱلۡفِرَاقُ ٢٨және ол, шын мәнінде, бұл - айрылу екенін сезгенде وَٱلۡتَفَّتِ ٱلسَّاقُ بِٱلسَّاقِ ٢٩балтыр - балтырға қосылған кезде إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمَسَاقُ ٣٠сол күні сенің Раббыңа айдалады فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ ٣١Өйткені ол шын деп білмеді / сенбеді / және намаз оқымады وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ ٣٢Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ يَتَمَطَّىٰٓ ٣٣кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰ ٣٤Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр ثُمَّ أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰٓ ٣٥Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَن يُتۡرَكَ سُدًى ٣٦Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма أَلَمۡ يَكُ نُطۡفَةً مِّن مَّنِيٍّ يُمۡنَىٰ ٣٧Ол төгілген мәниден / ұрық сұйығынан / бір тамшы емес пе еді ثُمَّ كَانَ عَلَقَةً فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ ٣٨Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып / тұла бойын үйлестіріп / теңестірді فَجَعَلَ مِنۡهُ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ ٣٩Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады أَلَيۡسَ ذَٰلِكَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحۡـِۧيَ ٱلۡمَوۡتَىٰ ٤٠Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме

Translation: Khalifah Altai Charity Foundation.