ملة الإسلام

السورة 51 · 60 آية · Khalifah Altai

سورة الذاريات باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة الذاريات (1,260 قارئاً)
مكيةسورة الذاريات٦٠ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلذَّٰرِيَٰتِ ذَرۡوًا ١Соғып ұшырушы желдерге فَٱلۡحَٰمِلَٰتِ وِقۡرًا ٢Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға فَٱلۡجَٰرِيَٰتِ يُسۡرًا ٣Жеңіл жүруші кемелерге فَٱلۡمُقَسِّمَٰتِ أَمۡرًا ٤Істі бөлуші періштелерге серт إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَصَادِقٌ ٥Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас وَإِنَّ ٱلدِّينَ لَوَٰقِعٌ ٦Әлбетте қиямет болады وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡحُبُكِ ٧Жолдары бар аспанға серт إِنَّكُمۡ لَفِي قَوۡلٍ مُّخۡتَلِفٍ ٨Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер يُؤۡفَكُ عَنۡهُ مَنۡ أُفِكَ ٩Шындықтан бұрылған бұрылады قُتِلَ ٱلۡخَرَّٰصُونَ ١٠Ой жорушылар құрысын ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي غَمۡرَةٍ سَاهُونَ ١١Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда يَسۡـَٔلُونَ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلدِّينِ ١٢Олар: "Қиямет қашан" деп сұрайды يَوۡمَ هُمۡ عَلَى ٱلنَّارِ يُفۡتَنُونَ ١٣Ол, олардың отқа жағылатын күні ذُوقُواْ فِتۡنَتَكُمۡ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تَسۡتَعۡجِلُونَ ١٤Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы" (делінеді) إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٥Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады ءَاخِذِينَ مَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُحۡسِنِينَ ١٦Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді كَانُواْ قَلِيلًا مِّنَ ٱلَّيۡلِ مَا يَهۡجَعُونَ ١٧Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді وَبِٱلۡأَسۡحَارِ هُمۡ يَسۡتَغۡفِرُونَ ١٨Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді وَفِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقٌّ لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ ١٩Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар وَفِي ٱلۡأَرۡضِ ءَايَٰتٌ لِّلۡمُوقِنِينَ ٢٠Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар وَفِيٓ أَنفُسِكُمۡۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ ٢١Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме وَفِي ٱلسَّمَآءِ رِزۡقُكُمۡ وَمَا تُوعَدُونَ ٢٢Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте فَوَرَبِّ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ إِنَّهُۥ لَحَقٌّ مِّثۡلَ مَآ أَنَّكُمۡ تَنطِقُونَ ٢٣Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас) هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ضَيۡفِ إِبۡرَٰهِيمَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ ٢٤(Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمًاۖ قَالَ سَلَٰمٌ قَوۡمٌ مُّنكَرُونَ ٢٥Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (С. 69-А., 15-С. 50-А) فَرَاغَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ فَجَآءَ بِعِجۡلٍ سَمِينٍ ٢٦Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді فَقَرَّبَهُۥٓ إِلَيۡهِمۡ قَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ ٢٧Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді فَأَوۡجَسَ مِنۡهُمۡ خِيفَةًۖ قَالُواْ لَا تَخَفۡۖ وَبَشَّرُوهُ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٍ ٢٨Олардан тіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты فَأَقۡبَلَتِ ٱمۡرَأَتُهُۥ فِي صَرَّةٍ فَصَكَّتۡ وَجۡهَهَا وَقَالَتۡ عَجُوزٌ عَقِيمٌ ٢٩Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді قَالُواْ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡعَلِيمُ ٣٠Олар: "Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті

الجزء السابع والعشرون

۞ قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ ٣١(Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бұйымтайларың не?",- деді قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٍ مُّجۡرِمِينَ ٣٢Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік لِنُرۡسِلَ عَلَيۡهِمۡ حِجَارَةً مِّن طِينٍ ٣٣Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَ لِلۡمُسۡرِفِينَ ٣٤Раббық тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген" (деді) فَأَخۡرَجۡنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٣٥Ол жерден мүміндерді шығардық فَمَا وَجَدۡنَا فِيهَا غَيۡرَ بَيۡتٍ مِّنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ ٣٦Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лұт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (С. 30-А) وَتَرَكۡنَا فِيهَآ ءَايَةً لِّلَّذِينَ يَخَافُونَ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ ٣٧Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық وَفِي مُوسَىٰٓ إِذۡ أَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ بِسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ٣٨Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта فَتَوَلَّىٰ بِرُكۡنِهِۦ وَقَالَ سَٰحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٌ ٣٩Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді فَأَخَذۡنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّ وَهُوَ مُلِيمٌ ٤٠Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық وَفِي عَادٍ إِذۡ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلرِّيحَ ٱلۡعَقِيمَ ٤١Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік مَا تَذَرُ مِن شَيۡءٍ أَتَتۡ عَلَيۡهِ إِلَّا جَعَلَتۡهُ كَٱلرَّمِيمِ ٤٢Ол, тиген нәрсесін мұлде шіріген сүйектей етіп тастайды وَفِي ثَمُودَ إِذۡ قِيلَ لَهُمۡ تَمَتَّعُواْ حَتَّىٰ حِينٍ ٤٣Сәмұд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар" делінді فَعَتَوۡاْ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَهُمۡ يَنظُرُونَ ٤٤Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда нажағай түсті فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مِن قِيَامٍ وَمَا كَانُواْ مُنتَصِرِينَ ٤٥Сонда олардың тұруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді وَقَوۡمَ نُوحٍ مِّن قَبۡلُۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمًا فَٰسِقِينَ ٤٦Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді وَٱلسَّمَآءَ بَنَيۡنَٰهَا بِأَيۡيْدٍ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ ٤٧Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді وَٱلۡأَرۡضَ فَرَشۡنَٰهَا فَنِعۡمَ ٱلۡمَٰهِدُونَ ٤٨Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз وَمِن كُلِّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَا زَوۡجَيۡنِ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ ٤٩Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (С. 36-А) فَفِرُّوٓاْ إِلَى ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ ٥٠(Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де) وَلَا تَجۡعَلُواْ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ ٥١Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де) كَذَٰلِكَ مَآ أَتَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا قَالُواْ سَاحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٌ ٥٢Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мұлде жады немесе жынды" деген أَتَوَاصَوۡاْ بِهِۦۚ بَلۡ هُمۡ قَوۡمٌ طَاغُونَ ٥٣Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ فَمَآ أَنتَ بِمَلُومٍ ٥٤(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың وَذَكِّرۡ فَإِنَّ ٱلذِّكۡرَىٰ تَنفَعُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٥٥Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ ٥٦Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым مَآ أُرِيدُ مِنۡهُم مِّن رِّزۡقٍ وَمَآ أُرِيدُ أَن يُطۡعِمُونِ ٥٧Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلۡقُوَّةِ ٱلۡمَتِينُ ٥٨Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие فَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذَنُوبًا مِّثۡلَ ذَنُوبِ أَصۡحَٰبِهِمۡ فَلَا يَسۡتَعۡجِلُونِ ٥٩Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін فَوَيۡلٌ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن يَوۡمِهِمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ ٦٠Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш

الترجمة: Khalifah Altai.