ملة الإسلام

السورة 51 · 60 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة الذاريات باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة الذاريات (1,260 قارئاً)
مكيةسورة الذاريات٦٠ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلذَّٰرِيَٰتِ ذَرۡوًا ١Ұшырып жіберушілермен ант етемін فَٱلۡحَٰمِلَٰتِ وِقۡرًا ٢Әрі жүкті көтерушілермен فَٱلۡجَٰرِيَٰتِ يُسۡرًا ٣және жеңіл жүзушілермен فَٱلۡمُقَسِّمَٰتِ أَمۡرًا ٤әрі / Аллаһтың / әмір еткендерін үлестірушілермен إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَصَادِقٌ ٥Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе - шындық وَإِنَّ ٱلدِّينَ لَوَٰقِعٌ ٦Әрі есепке тарту міндетті түрде болады وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡحُبُكِ ٧Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін إِنَّكُمۡ لَفِي قَوۡلٍ مُّخۡتَلِفٍ ٨Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер يُؤۡفَكُ عَنۡهُ مَنۡ أُفِكَ ٩Одан / Құраннан / бұрылғандар бұрып жіберіледі قُتِلَ ٱلۡخَرَّٰصُونَ ١٠Өтірікшілер / анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер / жойылсын ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي غَمۡرَةٍ سَاهُونَ ١١сондай, / имансыздық пен адасудың / ұйығында қаперсіздікте жүргендер يَسۡـَٔلُونَ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلدِّينِ ١٢Олар: «Есеп күні қашан болады», - деп сұрайды يَوۡمَ هُمۡ عَلَى ٱلنَّارِ يُفۡتَنُونَ ١٣Ол күні олар Отта азапталады ذُوقُواْ فِتۡنَتَكُمۡ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تَسۡتَعۡجِلُونَ ١٤«Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған / тез болуын сұраған / нәрсе - осы» إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٥Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында ءَاخِذِينَ مَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُحۡسِنِينَ ١٦өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді كَانُواْ قَلِيلًا مِّنَ ٱلَّيۡلِ مَا يَهۡجَعُونَ ١٧Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын وَبِٱلۡأَسۡحَارِ هُمۡ يَسۡتَغۡفِرُونَ ١٨ал сахарда кешірім тілейтін еді وَفِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقٌّ لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ ١٩Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар وَفِي ٱلۡأَرۡضِ ءَايَٰتٌ لِّلۡمُوقِنِينَ ٢٠Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар وَفِيٓ أَنفُسِكُمۡۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ ٢١және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме وَفِي ٱلسَّمَآءِ رِزۡقُكُمۡ وَمَا تُوعَدُونَ ٢٢Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар فَوَرَبِّ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ إِنَّهُۥ لَحَقٌّ مِّثۡلَ مَآ أَنَّكُمۡ تَنطِقُونَ ٢٣Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл - сендердің / сөз / сөйлеулерің секілді ақиқат هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ضَيۡفِ إِبۡرَٰهِيمَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ ٢٤Ей, Мұхаммед! / Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمًاۖ قَالَ سَلَٰمٌ قَوۡمٌ مُّنكَرُونَ ٢٥Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді فَرَاغَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ فَجَآءَ بِعِجۡلٍ سَمِينٍ ٢٦Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді فَقَرَّبَهُۥٓ إِلَيۡهِمۡ قَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ ٢٧Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» - деді فَأَوۡجَسَ مِنۡهُمۡ خِيفَةًۖ قَالُواْ لَا تَخَفۡۖ وَبَشَّرُوهُ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٍ ٢٨Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі فَأَقۡبَلَتِ ٱمۡرَأَتُهُۥ فِي صَرَّةٍ فَصَكَّتۡ وَجۡهَهَا وَقَالَتۡ عَجُوزٌ عَقِيمٌ ٢٩Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» - деді قَالُواْ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡعَلِيمُ ٣٠Олар / періштелер / : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді

الجزء السابع والعشرون

۞ قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ ٣١Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» - деді قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٍ مُّجۡرِمِينَ ٣٢Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік لِنُرۡسِلَ عَلَيۡهِمۡ حِجَارَةً مِّن طِينٍ ٣٣оларға лайдан / жасалған / тас жаудыру үшін مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَ لِلۡمُسۡرِفِينَ ٣٤шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», - деді فَأَخۡرَجۡنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٣٥Біз ол жерден имандыларды шығардық فَمَا وَجَدۡنَا فِيهَا غَيۡرَ بَيۡتٍ مِّنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ ٣٦Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды / бойсұнушыларды / таппадық وَتَرَكۡنَا فِيهَآ ءَايَةً لِّلَّذِينَ يَخَافُونَ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ ٣٧Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық وَفِي مُوسَىٰٓ إِذۡ أَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ بِسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ٣٨Мұсада да / белгілер бар /. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік فَتَوَلَّىٰ بِرُكۡنِهِۦ وَقَالَ سَٰحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٌ ٣٩Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл - сиқыршы не жын соққан», - деді فَأَخَذۡنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّ وَهُوَ مُلِيمٌ ٤٠Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды وَفِي عَادٍ إِذۡ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلرِّيحَ ٱلۡعَقِيمَ ٤١Ад елінде де. Сол кезде оларға / пайдасы жоқ / зиянды желді жібердік مَا تَذَرُ مِن شَيۡءٍ أَتَتۡ عَلَيۡهِ إِلَّا جَعَلَتۡهُ كَٱلرَّمِيمِ ٤٢Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады وَفِي ثَمُودَ إِذۡ قِيلَ لَهُمۡ تَمَتَّعُواْ حَتَّىٰ حِينٍ ٤٣Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», - делінді فَعَتَوۡاْ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَهُمۡ يَنظُرُونَ ٤٤Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مِن قِيَامٍ وَمَا كَانُواْ مُنتَصِرِينَ ٤٥Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады وَقَوۡمَ نُوحٍ مِّن قَبۡلُۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمًا فَٰسِقِينَ ٤٦Бұдан бұрын Нұхтың елін де / жойдық / . Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді وَٱلسَّمَآءَ بَنَيۡنَٰهَا بِأَيۡيْدٍ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ ٤٧Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз وَٱلۡأَرۡضَ فَرَشۡنَٰهَا فَنِعۡمَ ٱلۡمَٰهِدُونَ ٤٨Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз وَمِن كُلِّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَا زَوۡجَيۡنِ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ ٤٩Әрі сендердің еске алуларың / ғибраттануларың / үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық فَفِرُّوٓاْ إِلَى ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ ٥٠Ей, Мұхаммед! / : «Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар / . Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін وَلَا تَجۡعَلُواْ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ ٥١Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт كَذَٰلِكَ مَآ أَتَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا قَالُواْ سَاحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٌ ٥٢Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді أَتَوَاصَوۡاْ بِهِۦۚ بَلۡ هُمۡ قَوۡمٌ طَاغُونَ ٥٣Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ فَمَآ أَنتَ بِمَلُومٍ ٥٤Ей, Мұхаммед! / Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың وَذَكِّرۡ فَإِنَّ ٱلذِّكۡرَىٰ تَنفَعُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٥٥Алайда естеріне сал, өйткені еске салу - имандыларға пайдасын тигізеді وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ ٥٦Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым مَآ أُرِيدُ مِنۡهُم مِّن رِّزۡقٍ وَمَآ أُرِيدُ أَن يُطۡعِمُونِ ٥٧Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلۡقُوَّةِ ٱلۡمَتِينُ ٥٨Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты فَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذَنُوبًا مِّثۡلَ ذَنُوبِ أَصۡحَٰبِهِمۡ فَلَا يَسۡتَعۡجِلُونِ ٥٩Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын فَوَيۡلٌ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن يَوۡمِهِمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ ٦٠Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.