بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفًّا ١Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجۡرًا ٢Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт فَٱلتَّٰلِيَٰتِ ذِكۡرًا ٣Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ) إِنَّ إِلَٰهَكُمۡ لَوَٰحِدٌ ٤Тәңірлерің біреу رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ ٥Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (С. 40-А) إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ ٦Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік وَحِفۡظًا مِّن كُلِّ شَيۡطَٰنٍ مَّارِدٍ ٧Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ ٨Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады دُحُورًاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ وَاصِبٌ ٩Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٌ ثَاقِبٌ ١٠Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٍ لَّازِبِۭ ١١Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ ١٢(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды وَإِذَا ذُكِّرُواْ لَا يَذۡكُرُونَ ١٣Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді وَإِذَا رَأَوۡاْ ءَايَةً يَسۡتَسۡخِرُونَ ١٤Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады وَقَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٌ مُّبِينٌ ١٥Бұл мүлде ашық жады" деседі أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ ١٦Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ ١٧Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ ١٨Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٌ وَٰحِدَةٌ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ ١٩Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ ٢٠Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ٢١Бұл сендер жасынға шығарған билік күні ۞ ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ ٢٢Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ ٢٣Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ ٢٤Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді) مَا لَكُمۡ لَا تَنَاصَرُونَ ٢٥Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді) بَلۡ هُمُ ٱلۡيَوۡمَ مُسۡتَسۡلِمُونَ ٢٦Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَسَآءَلُونَ ٢٧Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады قَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَأۡتُونَنَا عَنِ ٱلۡيَمِينِ ٢٨(Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді قَالُواْ بَل لَّمۡ تَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ ٢٩Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭۖ بَلۡ كُنتُمۡ قَوۡمًا طَٰغِينَ ٣٠Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер فَحَقَّ عَلَيۡنَا قَوۡلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ ٣١Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз فَأَغۡوَيۡنَٰكُمۡ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ ٣٢Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік فَإِنَّهُمۡ يَوۡمَئِذٍ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ ٣٣Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ ٣٤Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз إِنَّهُمۡ كَانُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسۡتَكۡبِرُونَ ٣٥Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓاْ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجۡنُونِۭ ٣٦Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті بَلۡ جَآءَ بِٱلۡحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٣٧Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді إِنَّكُمۡ لَذَآئِقُواْ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَلِيمِ ٣٨Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар وَمَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٣٩Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٤٠Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ رِزۡقٌ مَّعۡلُومٌ ٤١Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكۡرَمُونَ ٤٢(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ٤٣Нығымет бақшаларында عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَٰبِلِينَ ٤٤Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады يُطَافُ عَلَيۡهِم بِكَأۡسٍ مِّن مَّعِينِۭ ٤٥Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады بَيۡضَآءَ لَذَّةٍ لِّلشَّٰرِبِينَ ٤٦Ішушілер үшін аппақ, тәтті لَا فِيهَا غَوۡلٌ وَلَا هُمۡ عَنۡهَا يُنزَفُونَ ٤٧Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ عِينٌ ٤٨Олардың қасында телмірген ботакөздер бар كَأَنَّهُنَّ بَيۡضٌ مَّكۡنُونٌ ٤٩Рас олар жарылмаған жұмыртқадай فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَسَآءَلُونَ ٥٠Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады قَالَ قَآئِلٌ مِّنۡهُمۡ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٌ ٥١Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُصَدِّقِينَ ٥٢(Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ ٥٣Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба قَالَ هَلۡ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ ٥٤(деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ ٥٥Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرۡدِينِ ٥٦Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді وَلَوۡلَا نِعۡمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ ٥٧Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім أَفَمَا نَحۡنُ بِمَيِّتِينَ ٥٨Біз өлмейміз бе إِلَّا مَوۡتَتَنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ ٥٩Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ ٦٠Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К) لِمِثۡلِ هَٰذَا فَلۡيَعۡمَلِ ٱلۡعَٰمِلُونَ ٦١Ғамал қылуға тиісті أَذَٰلِكَ خَيۡرٌ نُّزُلًا أَمۡ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ ٦٢Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит) إِنَّا جَعَلۡنَٰهَا فِتۡنَةً لِّلظَّٰلِمِينَ ٦٣Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخۡرُجُ فِيٓ أَصۡلِ ٱلۡجَحِيمِ ٦٤Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш طَلۡعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ ٦٥Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р) فَإِنَّهُمۡ لَأٓكِلُونَ مِنۡهَا فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ ٦٦Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады ثُمَّ إِنَّ لَهُمۡ عَلَيۡهَا لَشَوۡبًا مِّنۡ حَمِيمٍ ٦٧Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі ثُمَّ إِنَّ مَرۡجِعَهُمۡ لَإِلَى ٱلۡجَحِيمِ ٦٨Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады إِنَّهُمۡ أَلۡفَوۡاْ ءَابَآءَهُمۡ ضَآلِّينَ ٦٩Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын فَهُمۡ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ يُهۡرَعُونَ ٧٠Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді وَلَقَدۡ ضَلَّ قَبۡلَهُمۡ أَكۡثَرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٧١Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ ٧٢Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ ٧٣Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٧٤Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа وَلَقَدۡ نَادَىٰنَا نُوحٌ فَلَنِعۡمَ ٱلۡمُجِيبُونَ ٧٥Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз وَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ ٧٦Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық وَجَعَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلۡبَاقِينَ ٧٧Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік) وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ٧٨Оны кейінгілерге дәріптеттік سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِي ٱلۡعَٰلَمِينَ ٧٩Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٨٠Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٨١Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ٨٢Сосын басқаларын суға батырдық ۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبۡرَٰهِيمَ ٨٣Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында إِذۡ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلۡبٍ سَلِيمٍ ٨٤Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَاذَا تَعۡبُدُونَ ٨٥Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді أَئِفۡكًا ءَالِهَةً دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ ٨٦Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٨٧Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар فَنَظَرَ نَظۡرَةً فِي ٱلنُّجُومِ ٨٨Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٌ ٨٩Мен науқаспын" деді فَتَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ مُدۡبِرِينَ ٩٠Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمۡ فَقَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ ٩١(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді مَا لَكُمۡ لَا تَنطِقُونَ ٩٢Неге сөйлемейсіңдер فَرَاغَ عَلَيۡهِمۡ ضَرۡبَۢا بِٱلۡيَمِينِ ٩٣Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды فَأَقۡبَلُوٓاْ إِلَيۡهِ يَزِفُّونَ ٩٤Олар, оған жүгірісіп келді قَالَ أَتَعۡبُدُونَ مَا تَنۡحِتُونَ ٩٥(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ ٩٦Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты قَالُواْ ٱبۡنُواْ لَهُۥ بُنۡيَٰنًا فَأَلۡقُوهُ فِي ٱلۡجَحِيمِ ٩٧Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті فَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدًا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَسۡفَلِينَ ٩٨Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهۡدِينِ ٩٩(Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді رَبِّ هَبۡ لِي مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ١٠٠Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер فَبَشَّرۡنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٍ ١٠١Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعۡيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلۡمَنَامِ أَنِّيٓ أَذۡبَحُكَ فَٱنظُرۡ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفۡعَلۡ مَا تُؤۡمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ ١٠٢Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді فَلَمَّآ أَسۡلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلۡجَبِينِ ١٠٣(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М) وَنَٰدَيۡنَٰهُ أَن يَٰٓإِبۡرَٰهِيمُ ١٠٤Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық قَدۡ صَدَّقۡتَ ٱلرُّءۡيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٠٥Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік) إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡبَلَٰٓؤُاْ ٱلۡمُبِينُ ١٠٦Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді وَفَدَيۡنَٰهُ بِذِبۡحٍ عَظِيمٍ ١٠٧Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К) وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١٠٨Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ ١٠٩Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١١٠Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١١Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді وَبَشَّرۡنَٰهُ بِإِسۡحَٰقَ نَبِيًّا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ١١٢Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік وَبَٰرَكۡنَا عَلَيۡهِ وَعَلَىٰٓ إِسۡحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحۡسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفۡسِهِۦ مُبِينٌ ١١٣Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ١١٤Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік وَنَجَّيۡنَٰهُمَا وَقَوۡمَهُمَا مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ ١١٥Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық وَنَصَرۡنَٰهُمۡ فَكَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ١١٦Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды وَءَاتَيۡنَٰهُمَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلۡمُسۡتَبِينَ ١١٧Екеуіне түсінікті кітап бердік وَهَدَيۡنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ ١١٨Екеуіне тура жол көрсеттік وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِمَا فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١١٩Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ١٢٠Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٢١Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз إِنَّهُمَا مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٢٢Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді وَإِنَّ إِلۡيَاسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٢٣Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ ١٢٤Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді أَتَدۡعُونَ بَعۡلًا وَتَذَرُونَ أَحۡسَنَ ٱلۡخَٰلِقِينَ ١٢٥Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма ٱللَّهَ رَبَّكُمۡ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٢٦Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ ١٢٧Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٢٨Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١٢٩Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلۡ يَاسِينَ ١٣٠Іляс (Ғ.С.) қа сәлем إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٣١Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٣٢Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٣٣Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді إِذۡ نَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ١٣٤Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық إِلَّا عَجُوزًا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ ١٣٥Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ١٣٦Сосын өзгелерін жоқ еттік وَإِنَّكُمۡ لَتَمُرُّونَ عَلَيۡهِم مُّصۡبِحِينَ ١٣٧Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер وَبِٱلَّيۡلِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ ١٣٨Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٣٩Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді إِذۡ أَبَقَ إِلَى ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ ١٤٠Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М) فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُدۡحَضِينَ ١٤١Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті) فَٱلۡتَقَمَهُ ٱلۡحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ ١٤٢Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді فَلَوۡلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُسَبِّحِينَ ١٤٣Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді لَلَبِثَ فِي بَطۡنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ ١٤٤Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді ۞ فَنَبَذۡنَٰهُ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٌ ١٤٥Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді وَأَنۢبَتۡنَا عَلَيۡهِ شَجَرَةً مِّن يَقۡطِينٍ ١٤٦Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік وَأَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ مِاْئَةِ أَلۡفٍ أَوۡ يَزِيدُونَ ١٤٧Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік فَـَٔامَنُواْ فَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٍ ١٤٨Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَلِرَبِّكَ ٱلۡبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلۡبَنُونَ ١٤٩Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме أَمۡ خَلَقۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ إِنَٰثًا وَهُمۡ شَٰهِدُونَ ١٥٠Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме أَلَآ إِنَّهُم مِّنۡ إِفۡكِهِمۡ لَيَقُولُونَ ١٥١Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ ١٥٢Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады أَصۡطَفَى ٱلۡبَنَاتِ عَلَى ٱلۡبَنِينَ ١٥٣Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ ١٥٤Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ١٥٥Түсінбейсіқдер ме أَمۡ لَكُمۡ سُلۡطَٰنٌ مُّبِينٌ ١٥٦Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма فَأۡتُواْ بِكِتَٰبِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ١٥٧Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер وَجَعَلُواْ بَيۡنَهُۥ وَبَيۡنَ ٱلۡجِنَّةِ نَسَبًاۚ وَلَقَدۡ عَلِمَتِ ٱلۡجِنَّةُ إِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ ١٥٨Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды) سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ ١٥٩Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٦٠Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды فَإِنَّكُمۡ وَمَا تَعۡبُدُونَ ١٦١Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп) مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ بِفَٰتِنِينَ ١٦٢Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар إِلَّا مَنۡ هُوَ صَالِ ٱلۡجَحِيمِ ١٦٣Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٌ مَّعۡلُومٌ ١٦٤Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلصَّآفُّونَ ١٦٥Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡمُسَبِّحُونَ ١٦٦Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз وَإِن كَانُواْ لَيَقُولُونَ ١٦٧Олар былай дейтін еді لَوۡ أَنَّ عِندَنَا ذِكۡرًا مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٦٨Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٦٩Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік فَكَفَرُواْ بِهِۦۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ١٧٠Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі وَلَقَدۡ سَبَقَتۡ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٧١Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын إِنَّهُمۡ لَهُمُ ٱلۡمَنصُورُونَ ١٧٢Сөз жоқ, оларға жәрдем болады وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ ١٧٣Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٍ ١٧٤(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр وَأَبۡصِرۡهُمۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ ١٧٥Оларды көре тұр, олар да жақында көреді أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ ١٧٦Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمۡ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلۡمُنذَرِينَ ١٧٧Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман وَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٍ ١٧٨Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол وَأَبۡصِرۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ ١٧٩Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді سُبۡحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلۡعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ ١٨٠Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٨١Елшілерге сәлем وَٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٨٢Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық