ملة الإسلام

السورة 37 · 182 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة الصافات باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة الصافات (1,203 قارئاً)
مكيةسورة الصافات١٨٢ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

وَٱلصَّٰٓفَّٰتِ صَفًّا ١Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен فَٱلزَّٰجِرَٰتِ زَجۡرًا ٢және айдаған айдаушылармен فَٱلتَّٰلِيَٰتِ ذِكۡرًا ٣және Еске салушыны / Құранды / оқитындармен إِنَّ إِلَٰهَكُمۡ لَوَٰحِدٌ ٤Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид / Бір, жалғыз رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ ٥Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ ٦Біз төменгі аспанды аспан денелерімен / жұлдыз, ғаламшарлармен / көріктендірдік وَحِفۡظًا مِّن كُلِّ شَيۡطَٰنٍ مَّارِدٍ ٧және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ ٨Олар жоғарыдағы топты тыңдай ал­майды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып دُحُورًاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ وَاصِبٌ ٩қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٌ ثَاقِبٌ ١٠Ал, кім / тыңдап / іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٍ لَّازِبِۭ ١١Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, олар­ды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ ١٢Негізінде, сен таңғалдың, ал олар / айтқандарыңды / келеке етеді وَإِذَا ذُكِّرُواْ لَا يَذۡكُرُونَ ١٣Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды وَإِذَا رَأَوۡاْ ءَايَةً يَسۡتَسۡخِرُونَ ١٤ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді وَقَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٌ مُّبِينٌ ١٥Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ ١٦Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ ١٧Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» - дейді قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ ١٨Ей, Мұхаммед! / Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», - деп فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٌ وَٰحِدَةٌ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ ١٩Шын мәнінде, ол - бір дыбыс қана. Сонда олар / қайта тіріліп / қарап тұрады وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ ٢٠Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл - Есеп күні»,- дейді هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ٢١Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні - осы», - делінеді ۞ ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ ٢٢Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ ٢٣Аллаһтан өзге / жалған құдайларын / . Сөйтіп оларды Жахимның / тозақтың / жолына салыңдар وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ ٢٤Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады مَا لَكُمۡ لَا تَنَاصَرُونَ ٢٥Оларға / : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» - делінеді بَلۡ هُمُ ٱلۡيَوۡمَ مُسۡتَسۡلِمُونَ ٢٦Әрине, олар бүгін бойсұнушы وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَسَآءَلُونَ ٢٧Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды قَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَأۡتُونَنَا عَنِ ٱلۡيَمِينِ ٢٨Ерушілер / : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді قَالُواْ بَل لَّمۡ تَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ ٢٩Бастаушылары / : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭۖ بَلۡ كُنتُمۡ قَوۡمًا طَٰغِينَ ٣٠Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер فَحَقَّ عَلَيۡنَا قَوۡلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ ٣١Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, / жазаны / татамыз فَأَغۡوَيۡنَٰكُمۡ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ ٣٢Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», - дейді فَإِنَّهُمۡ يَوۡمَئِذٍ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ ٣٣Әрі сол күні олар азапта бірге болады إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ ٣٤Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз إِنَّهُمۡ كَانُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسۡتَكۡبِرُونَ ٣٥Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓاْ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجۡنُونِۭ ٣٦әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін بَلۡ جَآءَ بِٱلۡحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٣٧Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және / алдыңғы / елшілердің хақтығын растады إِنَّكُمۡ لَذَآئِقُواْ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَلِيمِ ٣٨Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар وَمَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٣٩Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٤٠Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа أُوْلَٰٓئِكَ لَهُمۡ رِزۡقٌ مَّعۡلُومٌ ٤١Міне, соларға белгілі ризық бар فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكۡرَمُونَ ٤٢сан түрлі / жемістер, әрі олар құрметке бөленеді فِي جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ ٤٣Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَٰبِلِينَ ٤٤көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады يُطَافُ عَلَيۡهِم بِكَأۡسٍ مِّن مَّعِينِۭ ٤٥Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді بَيۡضَآءَ لَذَّةٍ لِّلشَّٰرِبِينَ ٤٦аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты لَا فِيهَا غَوۡلٌ وَلَا هُمۡ عَنۡهَا يُنزَفُونَ ٤٧Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ عِينٌ ٤٨Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен / қыздар / бар كَأَنَّهُنَّ بَيۡضٌ مَّكۡنُونٌ ٤٩Әрі олар бейне бір / аялап / қорғалған жұмыртқадай فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَسَآءَلُونَ ٥٠Олар / жәннаттықтар / бір-біріне қарап сұрасады قَالَ قَآئِلٌ مِّنۡهُمۡ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٌ ٥١Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُصَدِّقِينَ ٥٢Ол маған: «Сен / қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ ٥٣Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» - дейтін قَالَ هَلۡ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ ٥٤Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- / деп жанындағылардан сұрайды فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ ٥٥Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرۡدِينِ ٥٦Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың وَلَوۡلَا نِعۡمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ ٥٧Раббымның игілігі болмағанда, мен / тозаққа / келтірілгендерден болар едім», -дейді أَفَمَا نَحۡنُ بِمَيِّتِينَ ٥٨Жәннаттықтар / : «Біз өлмейміз бе إِلَّا مَوۡتَتَنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ ٥٩дүниедегі / бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» - дейді إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ ٦٠Шын мәнінде, бұл - ұлы табыс / жетістік, игілік لِمِثۡلِ هَٰذَا فَلۡيَعۡمَلِ ٱلۡعَٰمِلُونَ ٦١Амал етушілер, міне, осы секілді / ұлы игілік / үшін амал етсін أَذَٰلِكَ خَيۡرٌ نُّزُلًا أَمۡ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ ٦٢Сый-сияпат ретінде осы / Жәннат / жақсы ма, әлде / тозақтағы / заққұм ағашы ма إِنَّا جَعَلۡنَٰهَا فِتۡنَةً لِّلظَّٰلِمِينَ ٦٣Анығында, Біз оны / заққұмды / әділетсіздер үшін сынақ еттік إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخۡرُجُ فِيٓ أَصۡلِ ٱلۡجَحِيمِ ٦٤Ол - Жахим / тозағының / түбінен өсетін бір ағаш طَلۡعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ ٦٥Оның жемістері шайтандардың бастары секілді / өте ұсқынсыз فَإِنَّهُمۡ لَأٓكِلُونَ مِنۡهَا فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ ٦٦Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады ثُمَّ إِنَّ لَهُمۡ عَلَيۡهَا لَشَوۡبًا مِّنۡ حَمِيمٍ ٦٧Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі ثُمَّ إِنَّ مَرۡجِعَهُمۡ لَإِلَى ٱلۡجَحِيمِ ٦٨Кейін олардың / әділетсіздердің / қайтар жерлері - Жахим إِنَّهُمۡ أَلۡفَوۡاْ ءَابَآءَهُمۡ ضَآلِّينَ ٦٩Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты فَهُمۡ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ يُهۡرَعُونَ ٧٠әрі өздері де олардың / аталарының / іздерінен асығыс жүгіруде وَلَقَدۡ ضَلَّ قَبۡلَهُمۡ أَكۡثَرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٧١Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ ٧٢Біз оларға ескертетін ескертушілерді / пайғамбарлар / жібердік فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ ٧٣Ей, Мұхаммед! / Ал, енді ескертілгендердің соңы / қалай / болғанына назар сал إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٧٤тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының وَلَقَدۡ نَادَىٰنَا نُوحٌ فَلَنِعۡمَ ٱلۡمُجِيبُونَ ٧٥Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз وَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ ٧٦Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық وَجَعَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلۡبَاقِينَ ٧٧Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік / қалдырдық وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ٧٨Ол жайлы кейінгілердің арасында / ізгі сөз / қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِي ٱلۡعَٰلَمِينَ ٧٩Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ٨٠Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٨١Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ٨٢Кейін басқаларды суға батырдық ۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبۡرَٰهِيمَ ٨٣Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді إِذۡ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلۡبٍ سَلِيمٍ ٨٤Ол Раббысына сау жүрекпен келді إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَاذَا تَعۡبُدُونَ ٨٥Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар أَئِفۡكًا ءَالِهَةً دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ ٨٦Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٨٧Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» - деді فَنَظَرَ نَظۡرَةً فِي ٱلنُّجُومِ ٨٨Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٌ ٨٩«Мен ауырып тұрмын», - деді فَتَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ مُدۡبِرِينَ ٩٠Сонда олар одан бұрылып кетті فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمۡ فَقَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ ٩١Ал, ол олардың құдайларына / пұттарына / жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме مَا لَكُمۡ لَا تَنطِقُونَ ٩٢Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» - деді فَرَاغَ عَلَيۡهِمۡ ضَرۡبَۢا بِٱلۡيَمِينِ ٩٣Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті فَأَقۡبَلُوٓاْ إِلَيۡهِ يَزِفُّونَ ٩٤Сонда олар / қауымы / оған асығып келді قَالَ أَتَعۡبُدُونَ مَا تَنۡحِتُونَ ٩٥Ол / Ибраһим / : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ ٩٦Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», - деді قَالُواْ ٱبۡنُواْ لَهُۥ بُنۡيَٰنًا فَأَلۡقُوهُ فِي ٱلۡجَحِيمِ ٩٧Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», - деді فَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدًا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَسۡفَلِينَ ٩٨Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهۡدِينِ ٩٩Оттан аман шыққан соң Ибраһим / : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді رَبِّ هَبۡ لِي مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ١٠٠Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», - деді فَبَشَّرۡنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٍ ١٠١Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعۡيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلۡمَنَامِ أَنِّيٓ أَذۡبَحُكَ فَٱنظُرۡ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَٰٓأَبَتِ ٱفۡعَلۡ مَا تُؤۡمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّٰبِرِينَ ١٠٢Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді فَلَمَّآ أَسۡلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلۡجَبِينِ ١٠٣Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде وَنَٰدَيۡنَٰهُ أَن يَٰٓإِبۡرَٰهِيمُ ١٠٤Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим قَدۡ صَدَّقۡتَ ٱلرُّءۡيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٠٥Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡبَلَٰٓؤُاْ ٱلۡمُبِينُ ١٠٦Ақиқатында, бұл - анық сынақ وَفَدَيۡنَٰهُ بِذِبۡحٍ عَظِيمٍ ١٠٧Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١٠٨Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы / игі дұға-салауат / қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ ١٠٩Ибраһимге сәлем / амандық / болсын كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١١٠Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١١Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан وَبَشَّرۡنَٰهُ بِإِسۡحَٰقَ نَبِيًّا مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ١١٢Әрі Біз оны Исхақпен - ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік وَبَٰرَكۡنَا عَلَيۡهِ وَعَلَىٰٓ إِسۡحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحۡسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفۡسِهِۦ مُبِينٌ ١١٣Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ١١٤Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық وَنَجَّيۡنَٰهُمَا وَقَوۡمَهُمَا مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ ١١٥Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық وَنَصَرۡنَٰهُمۡ فَكَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ١١٦және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті وَءَاتَيۡنَٰهُمَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلۡمُسۡتَبِينَ ١١٧Әрі Біз екеуіне анық Кітапты / Тәуратты / бердік وَهَدَيۡنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ ١١٨және екеуін тура жолмен жүргіздік وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِمَا فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١١٩Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ١٢٠Мұса мен Һарұнға сәлем / амандық إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٢١Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз إِنَّهُمَا مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٢٢Күмәнсіз, ол екеуі - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан وَإِنَّ إِلۡيَاسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٢٣Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ ١٢٤Кезінде ол еліне: « / Аллаһтан / қорқып, сақтанбайсыңдар ма أَتَدۡعُونَ بَعۡلًا وَتَذَرُونَ أَحۡسَنَ ٱلۡخَٰلِقِينَ ١٢٥Сендер Бәълға / пұтқа / жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма ٱللَّهَ رَبَّكُمۡ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٢٦өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» - деді فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ ١٢٧Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде / тозаққа / келтіріледі إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٢٨тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ١٢٩Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلۡ يَاسِينَ ١٣٠Ілиясинге сәлем إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ ١٣١Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٣٢Шын мәнінде, ол Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٣٣Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден إِذۡ نَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ١٣٤Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық إِلَّا عَجُوزًا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ ١٣٥тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ١٣٦Содан кейін басқаларын жойып жібердік وَإِنَّكُمۡ لَتَمُرُّونَ عَلَيۡهِم مُّصۡبِحِينَ ١٣٧Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер وَبِٱلَّيۡلِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ ١٣٨және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٣٩Йунус та жіберілгендерден إِذۡ أَبَقَ إِلَى ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ ١٤٠Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُدۡحَضِينَ ١٤١Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды فَٱلۡتَقَمَهُ ٱلۡحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ ١٤٢Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты فَلَوۡلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُسَبِّحِينَ ١٤٣Егер де ол / Аллаһты кемшіліктен / пәк деп дәріптеушілерден болмағанда لَلَبِثَ فِي بَطۡنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ ١٤٤оның / киттің / ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді ۞ فَنَبَذۡنَٰهُ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٌ ١٤٥Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді وَأَنۢبَتۡنَا عَلَيۡهِ شَجَرَةً مِّن يَقۡطِينٍ ١٤٦Әрі Біз оның үстіне / оған / иақтийн өсімдігін өсірдік وَأَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ مِاْئَةِ أَلۡفٍ أَوۡ يَزِيدُونَ ١٤٧Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік فَـَٔامَنُواْ فَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٍ ١٤٨Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَلِرَبِّكَ ٱلۡبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلۡبَنُونَ ١٤٩Олардан / мүшріктерден / сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма أَمۡ خَلَقۡنَا ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ إِنَٰثًا وَهُمۡ شَٰهِدُونَ ١٥٠Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны / көріп / куә болды ма أَلَآ إِنَّهُم مِّنۡ إِفۡكِهِمۡ لَيَقُولُونَ ١٥١Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ ١٥٢«Аллаһ туды», - деп. Олар - сөзсіз, өтірік айтушылар أَصۡطَفَى ٱلۡبَنَاتِ عَلَى ٱلۡبَنِينَ ١٥٣Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ ١٥٤Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ١٥٥Естеріңе түсірмейсіңдер ме أَمۡ لَكُمۡ سُلۡطَٰنٌ مُّبِينٌ ١٥٦Әлде сендерде анық дәлел бар ма فَأۡتُواْ بِكِتَٰبِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ ١٥٧Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер وَجَعَلُواْ بَيۡنَهُۥ وَبَيۡنَ ٱلۡجِنَّةِ نَسَبًاۚ وَلَقَدۡ عَلِمَتِ ٱلۡجِنَّةُ إِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ ١٥٨Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ ١٥٩Аллаһ - олардың таңған сипаттарынан / жапқан жалаларынан / пәк إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٦٠тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа / ондайдан аулақ فَإِنَّكُمۡ وَمَا تَعۡبُدُونَ ١٦١Ал, сендер және сендердің табынғандарың مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ بِفَٰتِنِينَ ١٦٢Оған / Аллаһқа / қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар إِلَّا مَنۡ هُوَ صَالِ ٱلۡجَحِيمِ ١٦٣тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана / бүлікке түсіре аласыңдар وَمَا مِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٌ مَّعۡلُومٌ ١٦٤Періштелер / : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلصَّآفُّونَ ١٦٥Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡمُسَبِّحُونَ ١٦٦Әрі біз - / Аллаһты кемшіліктерден / пәк деп дәріптеушіміз», - дейді وَإِن كَانُواْ لَيَقُولُونَ ١٦٧Ал, олар / Мекке мүшріктері / кезінде لَوۡ أَنَّ عِندَنَا ذِكۡرًا مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٦٨«Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ١٦٩онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», - деп айтатын еді فَكَفَرُواْ بِهِۦۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ١٧٠Алайда, олар оған / Елшіге / күпірлік етті / сенбеді / . Енді олар жақын арада біледі وَلَقَدۡ سَبَقَتۡ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٧١Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған إِنَّهُمۡ لَهُمُ ٱلۡمَنصُورُونَ ١٧٢Оларға сөзсіз көмек берілетіні وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ ١٧٣және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٍ ١٧٤Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр وَأَبۡصِرۡهُمۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ ١٧٥әрі Оларға қара, жақында олар / азапты / көреді أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ ١٧٦Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمۡ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلۡمُنذَرِينَ ١٧٧Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады وَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٍ ١٧٨Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр وَأَبۡصِرۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ ١٧٩және қара, жақында олар / азапты / көреді سُبۡحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلۡعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ ١٨٠Сенің Раббың - үстемдік Раббысы / Иесі / олардың сипаттағандарынан пәк وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٨١Әрі елшілерге сәлем / амандық وَٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٨٢Барлық мақтау - Әлемдердің Раббысы Аллаһқа

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.