ملة الإسلام

السورة 26 · 227 آية · Khalifah Altai

سورة الشعراء باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة الشعراء (1,209 قارئاً)
مكيةسورة الشعراء٢٢٧ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

طسٓمٓ ١Та. Син. Мим تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ ٢Бұл айқын Құранның аяттары لَعَلَّكَ بَٰخِعٌ نَّفۡسَكَ أَلَّا يَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ ٣(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың إِن نَّشَأۡ نُنَزِّلۡ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ءَايَةً فَظَلَّتۡ أَعۡنَٰقُهُمۡ لَهَا خَٰضِعِينَ ٤Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن ذِكۡرٍ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ مُحۡدَثٍ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهُ مُعۡرِضِينَ ٥Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады فَقَدۡ كَذَّبُواْ فَسَيَأۡتِيهِمۡ أَنۢبَٰٓؤُاْ مَا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ٦Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَمۡ أَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجٍ كَرِيمٍ ٧Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ٨Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٩(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді وَإِذۡ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱئۡتِ ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ ١٠Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَۚ أَلَا يَتَّقُونَ ١١Перғауын еліне. Олар қорықпай ма قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ ١٢(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді وَيَضِيقُ صَدۡرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرۡسِلۡ إِلَىٰ هَٰرُونَ ١٣Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер وَلَهُمۡ عَلَيَّ ذَنۢبٌ فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ ١٤Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын قَالَ كـَلَّاۖ فَٱذۡهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسۡتَمِعُونَ ١٥(Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді فَأۡتِيَا فِرۡعَوۡنَ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз أَنۡ أَرۡسِلۡ مَعَنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ١٧Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді) قَالَ أَلَمۡ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثۡتَ فِينَا مِنۡ عُمُرِكَ سِنِينَ ١٨Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба وَفَعَلۡتَ فَعۡلَتَكَ ٱلَّتِي فَعَلۡتَ وَأَنتَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ ١٩Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді قَالَ فَعَلۡتُهَآ إِذًا وَأَنَا۠ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ ٢٠(Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді فَفَرَرۡتُ مِنكُمۡ لَمَّا خِفۡتُكُمۡ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكۡمًا وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٢١Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды وَتِلۡكَ نِعۡمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنۡ عَبَّدتَّ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٢٢Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы قَالَ فِرۡعَوۡنُ وَمَا رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٢٣(Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді قَالَ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ ٢٤(Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді قَالَ لِمَنۡ حَوۡلَهُۥٓ أَلَا تَسۡتَمِعُونَ ٢٥(Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді قَالَ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٢٦(Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ ٱلَّذِيٓ أُرۡسِلَ إِلَيۡكُمۡ لَمَجۡنُونٌ ٢٧(Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді قَالَ رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُمۡ تَعۡقِلُونَ ٢٨(Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді قَالَ لَئِنِ ٱتَّخَذۡتَ إِلَٰهًا غَيۡرِي لَأَجۡعَلَنَّكَ مِنَ ٱلۡمَسۡجُونِينَ ٢٩(Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді قَالَ أَوَلَوۡ جِئۡتُكَ بِشَيۡءٍ مُّبِينٍ ٣٠(Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді قَالَ فَأۡتِ بِهِۦٓ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ٣١(Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٌ مُّبِينٌ ٣٢Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ ٣٣Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді قَالَ لِلۡمَلَإِ حَوۡلَهُۥٓ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٌ ٣٤(Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُم بِسِحۡرِهِۦ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ ٣٥Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَٱبۡعَثۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ ٣٦Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٍ ٣٧Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін فَجُمِعَ ٱلسَّحَرَةُ لِمِيقَٰتِ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ٣٨Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلۡ أَنتُم مُّجۡتَمِعُونَ ٣٩Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ ٱلسَّحَرَةَ إِن كَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ٤٠(Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті) فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالُواْ لِفِرۡعَوۡنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ٤١Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ إِذًا لَّمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ ٤٢(Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلۡقُواْ مَآ أَنتُم مُّلۡقُونَ ٤٣Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді فَأَلۡقَوۡاْ حِبَالَهُمۡ وَعِصِيَّهُمۡ وَقَالُواْ بِعِزَّةِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبُونَ ٤٤Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті فَأَلۡقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ ٤٥Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ ٤٦Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٤٧Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ٤٨Мұса мен Һарұнның Раббына قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَ فَلَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ ٤٩(Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді قَالُواْ لَا ضَيۡرَۖ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ ٥٠(Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді إِنَّا نَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَٰيَٰنَآ أَن كُنَّآ أَوَّلَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٥١Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз ۞ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَسۡرِ بِعِبَادِيٓ إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ ٥٢Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік فَأَرۡسَلَ فِرۡعَوۡنُ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ ٥٣Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَشِرۡذِمَةٌ قَلِيلُونَ ٥٤Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді) وَإِنَّهُمۡ لَنَا لَغَآئِظُونَ ٥٥Сонда да олар бізді ашуландыруда وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَٰذِرُونَ ٥٦Расында біз сақ бір топпыз فَأَخۡرَجۡنَٰهُم مِّن جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٥٧Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық وَكُنُوزٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ ٥٨Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٥٩Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық فَأَتۡبَعُوهُم مُّشۡرِقِينَ ٦٠Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды فَلَمَّا تَرَٰٓءَا ٱلۡجَمۡعَانِ قَالَ أَصۡحَٰبُ مُوسَىٰٓ إِنَّا لَمُدۡرَكُونَ ٦١Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді قَالَ كـَلَّآۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهۡدِينِ ٦٢(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡبَحۡرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرۡقٍ كَٱلطَّوۡدِ ٱلۡعَظِيمِ ٦٣Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды وَأَزۡلَفۡنَا ثَمَّ ٱلۡأٓخَرِينَ ٦٤Артқыларды да сол жерге жақындаттық وَأَنجَيۡنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ٦٥Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ٦٦Сосын басқаларды суға батырдық إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ٦٧Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٦٨Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ إِبۡرَٰهِيمَ ٦٩(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَا تَعۡبُدُونَ ٧٠Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді قَالُواْ نَعۡبُدُ أَصۡنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَٰكِفِينَ ٧١Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді قَالَ هَلۡ يَسۡمَعُونَكُمۡ إِذۡ تَدۡعُونَ ٧٢(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді أَوۡ يَنفَعُونَكُمۡ أَوۡ يَضُرُّونَ ٧٣Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма قَالُواْ بَلۡ وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا كَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ ٧٤Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді قَالَ أَفَرَءَيۡتُم مَّا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ ٧٥Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُمُ ٱلۡأَقۡدَمُونَ ٧٦Сендер де бұрынғы аталарың да فَإِنَّهُمۡ عَدُوٌّ لِّيٓ إِلَّا رَبَّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٧٧Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным ٱلَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهۡدِينِ ٧٨Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді وَٱلَّذِي هُوَ يُطۡعِمُنِي وَيَسۡقِينِ ٧٩Ол, маған жегізеді де ішкізеді وَإِذَا مَرِضۡتُ فَهُوَ يَشۡفِينِ ٨٠Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحۡيِينِ ٨١Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді وَٱلَّذِيٓ أَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لِي خَطِيٓـَٔتِي يَوۡمَ ٱلدِّينِ ٨٢Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін رَبِّ هَبۡ لِي حُكۡمًا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ ٨٣Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр وَٱجۡعَل لِّي لِسَانَ صِدۡقٍ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ٨٤Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр وَٱجۡعَلۡنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ ٱلنَّعِيمِ ٨٥Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл وَٱغۡفِرۡ لِأَبِيٓ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ ٨٦Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (С. 114-А) وَلَا تُخۡزِنِي يَوۡمَ يُبۡعَثُونَ ٨٧Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа يَوۡمَ لَا يَنفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ ٨٨Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді إِلَّا مَنۡ أَتَى ٱللَّهَ بِقَلۡبٍ سَلِيمٍ ٨٩Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді) وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ ٩٠Тақуаларға жаннат жақындатылады وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِلۡغَاوِينَ ٩١Азғындарға тозақ көрсетіледі وَقِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ ٩٢Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді مِن دُونِ ٱللَّهِ هَلۡ يَنصُرُونَكُمۡ أَوۡ يَنتَصِرُونَ ٩٣Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма فَكُبۡكِبُواْ فِيهَا هُمۡ وَٱلۡغَاوُۥنَ ٩٤Табынылғандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады وَجُنُودُ إِبۡلِيسَ أَجۡمَعُونَ ٩٥Ібілістің әскерлері де тұтас قَالُواْ وَهُمۡ فِيهَا يَخۡتَصِمُونَ ٩٦Олар онда былай деп таласады تَٱللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَٰلٍ مُّبِينٍ ٩٧Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой إِذۡ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٩٨Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік وَمَآ أَضَلَّنَآ إِلَّا ٱلۡمُجۡرِمُونَ ٩٩Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен فَمَا لَنَا مِن شَٰفِعِينَ ١٠٠Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٍ ١٠١Жан күйер достымыз да жоқ فَلَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٠٢Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٠٣Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٠٤(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді كَذَّبَتۡ قَوۡمُ نُوحٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٠٥Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٠٦Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٠٧Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٠٨Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٠٩Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١١٠Алладан қорқып, маған бағынындар ۞ قَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ لَكَ وَٱتَّبَعَكَ ٱلۡأَرۡذَلُونَ ١١١Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті قَالَ وَمَا عِلۡمِي بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ١١٢(Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді إِنۡ حِسَابُهُمۡ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّيۖ لَوۡ تَشۡعُرُونَ ١١٣Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١٤Иман келтіргендерді қумаймын إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٌ مُّبِينٌ ١١٥Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰنُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمَرۡجُومِينَ ١١٦Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوۡمِي كَذَّبُونِ ١١٧Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді فَٱفۡتَحۡ بَيۡنِي وَبَيۡنَهُمۡ فَتۡحًا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١٨Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар فَأَنجَيۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ ١١٩Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا بَعۡدُ ٱلۡبَاقِينَ ١٢٠Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٢١Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٢٢Рас Раббың үстем де мейірімді كَذَّبَتۡ عَادٌ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٢٣Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٢٤Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٢٥Рас сендерге сенімді Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٢٦Алладан қорқып, маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٢٧Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән أَتَبۡنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ ءَايَةً تَعۡبَثُونَ ١٢٨Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمۡ تَخۡلُدُونَ ١٢٩Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма وَإِذَا بَطَشۡتُم بَطَشۡتُمۡ جَبَّارِينَ ١٣٠Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М) فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٣١Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِيٓ أَمَدَّكُم بِمَا تَعۡلَمُونَ ١٣٢Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар أَمَدَّكُم بِأَنۡعَٰمٍ وَبَنِينَ ١٣٣Сендерге малдар, балалар берді وَجَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٣٤Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар) إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٣٥Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын قَالُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡنَآ أَوَعَظۡتَ أَمۡ لَمۡ تَكُن مِّنَ ٱلۡوَٰعِظِينَ ١٣٦Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا خُلُقُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٣٧Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан) وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ ١٣٨Біз азапқа душар болмаймыз فَكَذَّبُوهُ فَأَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٣٩Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٤٠(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді كَذَّبَتۡ ثَمُودُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٤١Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ صَٰلِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٤٢Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٤٣Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٤٤Алладан қорқып, маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٤٥Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті أَتُتۡرَكُونَ فِي مَا هَٰهُنَآ ءَامِنِينَ ١٤٦Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٤٧Бақшаларда, бұлақтарда وَزُرُوعٍ وَنَخۡلٍ طَلۡعُهَا هَضِيمٌ ١٤٨Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында وَتَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتًا فَٰرِهِينَ ١٤٩Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٥٠Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар وَلَا تُطِيعُوٓاْ أَمۡرَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ ١٥١Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар ٱلَّذِينَ يُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا يُصۡلِحُونَ ١٥٢Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ ١٥٣Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті مَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثۡلُنَا فَأۡتِ بِـَٔايَةٍ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ١٥٤Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел قَالَ هَٰذِهِۦ نَاقَةٌ لَّهَا شِرۡبٌ وَلَكُمۡ شِرۡبُ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ١٥٥(Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٍ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابُ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٥٦Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады فَعَقَرُوهَا فَأَصۡبَحُواْ نَٰدِمِينَ ١٥٧Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٥٨Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٥٩Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٦٠Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٦١Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٦٢Мен сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٦٣Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦٤Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті أَتَأۡتُونَ ٱلذُّكۡرَانَ مِنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦٥Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٌ عَادُونَ ١٦٦Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُخۡرَجِينَ ١٦٧Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلۡقَالِينَ ١٦٨Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді رَبِّ نَجِّنِي وَأَهۡلِي مِمَّا يَعۡمَلُونَ ١٦٩Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар فَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ١٧٠Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық إِلَّا عَجُوزًا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ ١٧١Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ١٧٢Сосын қалғандарды да жоқ еттік وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرًاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلۡمُنذَرِينَ ١٧٣Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٧٤Рас бұнда бір ғибрат бар,Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٧٥(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ لۡـَٔيۡكَةِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٧٦Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ شُعَيۡبٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٧٧Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٧٨Рас мен сендерге сенімді бір елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٧٩Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٨٠Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті ۞ أَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَلَا تَكُونُواْ مِنَ ٱلۡمُخۡسِرِينَ ١٨١Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِ ١٨٢Тура таразымен тартыңдар وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ ١٨٣Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلۡجِبِلَّةَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٨٤Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ ١٨٥Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді وَمَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثۡلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ ١٨٦Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз فَأَسۡقِطۡ عَلَيۡنَا كِسَفًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ١٨٧Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір قَالَ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَا تَعۡمَلُونَ ١٨٨(Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمۡ عَذَابُ يَوۡمِ ٱلظُّلَّةِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٨٩Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٩٠Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٩١(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді وَإِنَّهُۥ لَتَنزِيلُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٩٢Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені نَزَلَ بِهِ ٱلرُّوحُ ٱلۡأَمِينُ ١٩٣Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді عَلَىٰ قَلۡبِكَ لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُنذِرِينَ ١٩٤Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُّبِينٍ ١٩٥Ап-ашық бір арап тілінде وَإِنَّهُۥ لَفِي زُبُرِ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٩٦Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді أَوَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ ءَايَةً أَن يَعۡلَمَهُۥ عُلَمَٰٓؤُاْ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ١٩٧Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (С. 52-55-А) وَلَوۡ نَزَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ بَعۡضِ ٱلۡأَعۡجَمِينَ ١٩٨Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те فَقَرَأَهُۥ عَلَيۡهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ مُؤۡمِنِينَ ١٩٩Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді كَذَٰلِكَ سَلَكۡنَٰهُ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ٢٠٠Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К) لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ ٢٠١Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді فَيَأۡتِيَهُم بَغۡتَةً وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ ٢٠٢Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді فَيَقُولُواْ هَلۡ نَحۡنُ مُنظَرُونَ ٢٠٣Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ ٢٠٤Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме أَفَرَءَيۡتَ إِن مَّتَّعۡنَٰهُمۡ سِنِينَ ٢٠٥(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те ثُمَّ جَآءَهُم مَّا كَانُواْ يُوعَدُونَ ٢٠٦Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يُمَتَّعُونَ ٢٠٧Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ ٢٠٨Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған ذِكۡرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَٰلِمِينَ ٢٠٩Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз وَمَا تَنَزَّلَتۡ بِهِ ٱلشَّيَٰطِينُ ٢١٠Бұл Құранды шайтандар түсірмеді وَمَا يَنۢبَغِي لَهُمۡ وَمَا يَسۡتَطِيعُونَ ٢١١Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді إِنَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّمۡعِ لَمَعۡزُولُونَ ٢١٢Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (С. 17-18-А) فَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُعَذَّبِينَ ٢١٣(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың وَأَنذِرۡ عَشِيرَتَكَ ٱلۡأَقۡرَبِينَ ٢١٤Жақын ағайындарыңа ескерт وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٢١٥Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай فَإِنۡ عَصَوۡكَ فَقُلۡ إِنِّي بَرِيٓءٌ مِّمَّا تَعۡمَلُونَ ٢١٦Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ ٢١٧Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ ٢١٨Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ ٢١٩Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р) إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ ٢٢٠Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші هَلۡ أُنَبِّئُكُمۡ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ ٱلشَّيَٰطِينُ ٢٢١Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٍ ٢٢٢Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі يُلۡقُونَ ٱلسَّمۡعَ وَأَكۡثَرُهُمۡ كَٰذِبُونَ ٢٢٣Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші وَٱلشُّعَرَآءُ يَتَّبِعُهُمُ ٱلۡغَاوُۥنَ ٢٢٤Ақындарға азғындар ереді أَلَمۡ تَرَ أَنَّهُمۡ فِي كُلِّ وَادٍ يَهِيمُونَ ٢٢٥Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе وَأَنَّهُمۡ يَقُولُونَ مَا لَا يَفۡعَلُونَ ٢٢٦Рас олар істемеген істерін айтады إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَذَكَرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرًا وَٱنتَصَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَيَّ مُنقَلَبٍ يَنقَلِبُونَ ٢٢٧Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р)

الترجمة: Khalifah Altai.