بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
طسٓمٓ ١Та. Син. Мим تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ ٢Бұл - анық Кітаптың аяттары لَعَلَّكَ بَٰخِعٌ نَّفۡسَكَ أَلَّا يَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ ٣Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың إِن نَّشَأۡ نُنَزِّلۡ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ءَايَةً فَظَلَّتۡ أَعۡنَٰقُهُمۡ لَهَا خَٰضِعِينَ ٤Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن ذِكۡرٍ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ مُحۡدَثٍ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهُ مُعۡرِضِينَ ٥Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды فَقَدۡ كَذَّبُواْ فَسَيَأۡتِيهِمۡ أَنۢبَٰٓؤُاْ مَا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ٦Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَمۡ أَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجٍ كَرِيمٍ ٧Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ٨Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٩Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді وَإِذۡ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱئۡتِ ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ ١٠Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَۚ أَلَا يَتَّقُونَ ١١Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ ١٢Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын وَيَضِيقُ صَدۡرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرۡسِلۡ إِلَىٰ هَٰرُونَ ١٣әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер وَلَهُمۡ عَلَيَّ ذَنۢبٌ فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ ١٤Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді قَالَ كـَلَّاۖ فَٱذۡهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسۡتَمِعُونَ ١٥Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз فَأۡتِيَا فِرۡعَوۡنَ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз أَنۡ أَرۡسِلۡ مَعَنَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ١٧Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді قَالَ أَلَمۡ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثۡتَ فِينَا مِنۡ عُمُرِكَ سِنِينَ ١٨Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой وَفَعَلۡتَ فَعۡلَتَكَ ٱلَّتِي فَعَلۡتَ وَأَنتَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ ١٩Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді قَالَ فَعَلۡتُهَآ إِذًا وَأَنَا۠ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ ٢٠Мұса / : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім فَفَرَرۡتُ مِنكُمۡ لَمَّا خِفۡتُكُمۡ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكۡمًا وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٢١Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті وَتِلۡكَ نِعۡمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنۡ عَبَّدتَّ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٢٢Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді قَالَ فِرۡعَوۡنُ وَمَا رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٢٣Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді قَالَ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ ٢٤Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббысы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді قَالَ لِمَنۡ حَوۡلَهُۥٓ أَلَا تَسۡتَمِعُونَ ٢٥Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді قَالَ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٢٦Мұса / : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ ٱلَّذِيٓ أُرۡسِلَ إِلَيۡكُمۡ لَمَجۡنُونٌ ٢٧Фиръаун / : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді قَالَ رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُمۡ تَعۡقِلُونَ ٢٨Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді قَالَ لَئِنِ ٱتَّخَذۡتَ إِلَٰهًا غَيۡرِي لَأَجۡعَلَنَّكَ مِنَ ٱلۡمَسۡجُونِينَ ٢٩Фиръаун / : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді قَالَ أَوَلَوۡ جِئۡتُكَ بِشَيۡءٍ مُّبِينٍ ٣٠Мұса / : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді قَالَ فَأۡتِ بِهِۦٓ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ٣١Фиръаун / : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٌ مُّبِينٌ ٣٢Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ ٣٣Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды قَالَ لِلۡمَلَإِ حَوۡلَهُۥٓ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٌ ٣٤Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُم بِسِحۡرِهِۦ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ ٣٥Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَٱبۡعَثۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ ٣٦Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٍ ٣٧Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді فَجُمِعَ ٱلسَّحَرَةُ لِمِيقَٰتِ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ٣٨Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلۡ أَنتُم مُّجۡتَمِعُونَ ٣٩Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ ٱلسَّحَرَةَ إِن كَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ٤٠Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالُواْ لِفِرۡعَوۡنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ ٤١Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ إِذًا لَّمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ ٤٢Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلۡقُواْ مَآ أَنتُم مُّلۡقُونَ ٤٣Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді فَأَلۡقَوۡاْ حِبَالَهُمۡ وَعِصِيَّهُمۡ وَقَالُواْ بِعِزَّةِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبُونَ ٤٤Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді فَأَلۡقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ ٤٥Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ ٤٦Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٤٧Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ ٤٨Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَ فَلَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ ٤٩Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді قَالُواْ لَا ضَيۡرَۖ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ ٥٠Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз إِنَّا نَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَٰيَٰنَآ أَن كُنَّآ أَوَّلَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٥١Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді ۞ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَسۡرِ بِعِبَادِيٓ إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ ٥٢Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік فَأَرۡسَلَ فِرۡعَوۡنُ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ ٥٣Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ لَشِرۡذِمَةٌ قَلِيلُونَ ٥٤Ол / : «Негізінде олар аз ғана топ وَإِنَّهُمۡ لَنَا لَغَآئِظُونَ ٥٥Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَٰذِرُونَ ٥٦және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді فَأَخۡرَجۡنَٰهُم مِّن جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٥٧Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық وَكُنُوزٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ ٥٨әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ٥٩Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік فَأَتۡبَعُوهُم مُّشۡرِقِينَ ٦٠Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді فَلَمَّا تَرَٰٓءَا ٱلۡجَمۡعَانِ قَالَ أَصۡحَٰبُ مُوسَىٰٓ إِنَّا لَمُدۡرَكُونَ ٦١Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді قَالَ كـَلَّآۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهۡدِينِ ٦٢Мұса / : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡبَحۡرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرۡقٍ كَٱلطَّوۡدِ ٱلۡعَظِيمِ ٦٣Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды وَأَزۡلَفۡنَا ثَمَّ ٱلۡأٓخَرِينَ ٦٤Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық وَأَنجَيۡنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ٦٥Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ٦٦Содан кейін басқаларды суға батырдық إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ٦٧Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ٦٨Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ إِبۡرَٰهِيمَ ٦٩Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَا تَعۡبُدُونَ ٧٠Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді قَالُواْ نَعۡبُدُ أَصۡنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَٰكِفِينَ ٧١Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді قَالَ هَلۡ يَسۡمَعُونَكُمۡ إِذۡ تَدۡعُونَ ٧٢Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме أَوۡ يَنفَعُونَكُمۡ أَوۡ يَضُرُّونَ ٧٣Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді قَالُواْ بَلۡ وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا كَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ ٧٤Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді قَالَ أَفَرَءَيۡتُم مَّا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ ٧٥Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُمُ ٱلۡأَقۡدَمُونَ ٧٦өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның فَإِنَّهُمۡ عَدُوٌّ لِّيٓ إِلَّا رَبَّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٧٧Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым ٱلَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهۡدِينِ ٧٨Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді وَٱلَّذِي هُوَ يُطۡعِمُنِي وَيَسۡقِينِ ٧٩және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады وَإِذَا مَرِضۡتُ فَهُوَ يَشۡفِينِ ٨٠Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحۡيِينِ ٨١Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді وَٱلَّذِيٓ أَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لِي خَطِيٓـَٔتِي يَوۡمَ ٱلدِّينِ ٨٢Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін رَبِّ هَبۡ لِي حُكۡمًا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ ٨٣Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет وَٱجۡعَل لِّي لِسَانَ صِدۡقٍ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ ٨٤Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет وَٱجۡعَلۡنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ ٱلنَّعِيمِ ٨٥және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр وَٱغۡفِرۡ لِأَبِيٓ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ ٨٦Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды وَلَا تُخۡزِنِي يَوۡمَ يُبۡعَثُونَ ٨٧және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді يَوۡمَ لَا يَنفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ ٨٨Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді إِلَّا مَنۡ أَتَى ٱللَّهَ بِقَلۡبٍ سَلِيمٍ ٨٩тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ ٩٠Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِلۡغَاوِينَ ٩١Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі وَقِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ ٩٢Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда مِن دُونِ ٱللَّهِ هَلۡ يَنصُرُونَكُمۡ أَوۡ يَنتَصِرُونَ ٩٣Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді فَكُبۡكِبُواْ فِيهَا هُمۡ وَٱلۡغَاوُۥنَ ٩٤Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады وَجُنُودُ إِبۡلِيسَ أَجۡمَعُونَ ٩٥әрі Ібілістің / жын мен адамнан болганШ / әскерлерінің барлығы да قَالُواْ وَهُمۡ فِيهَا يَخۡتَصِمُونَ ٩٦Олар онда тартысқан күйлерінде تَٱللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَٰلٍ مُّبِينٍ ٩٧«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз إِذۡ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٩٨сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде وَمَآ أَضَلَّنَآ إِلَّا ٱلۡمُجۡرِمُونَ ٩٩Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды فَمَا لَنَا مِن شَٰفِعِينَ ١٠٠Енді бізге ара түсушілер жоқ وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٍ ١٠١жанашыр дос та жоқ فَلَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١٠٢Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٠٣Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٠٤Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді كَذَّبَتۡ قَوۡمُ نُوحٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٠٥Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٠٦Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٠٧Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٠٨енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٠٩Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١١٠Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді ۞ قَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ لَكَ وَٱتَّبَعَكَ ٱلۡأَرۡذَلُونَ ١١١Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді قَالَ وَمَا عِلۡمِي بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ١١٢Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ إِنۡ حِسَابُهُمۡ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّيۖ لَوۡ تَشۡعُرُونَ ١١٣Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١٤Әрі мен иманға келгендерді қумаймын إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٌ مُّبِينٌ ١١٥Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰنُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمَرۡجُومِينَ ١١٦Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوۡمِي كَذَّبُونِ ١١٧Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады فَٱفۡتَحۡ بَيۡنِي وَبَيۡنَهُمۡ فَتۡحًا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ١١٨Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді فَأَنجَيۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ ١١٩Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا بَعۡدُ ٱلۡبَاقِينَ ١٢٠Содан кейін қалғандарды суға батырдық إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٢١Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٢٢Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді كَذَّبَتۡ عَادٌ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٢٣Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٢٤Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٢٥Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٢٦енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٢٧Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында أَتَبۡنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ ءَايَةً تَعۡبَثُونَ ١٢٨Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمۡ تَخۡلُدُونَ ١٢٩Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар وَإِذَا بَطَشۡتُم بَطَشۡتُمۡ جَبَّارِينَ ١٣٠Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٣١Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِيٓ أَمَدَّكُم بِمَا تَعۡلَمُونَ ١٣٢Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар أَمَدَّكُم بِأَنۡعَٰمٍ وَبَنِينَ ١٣٣Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді وَجَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٣٤бақтар мен бұлақтарды إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٣٥Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді قَالُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡنَآ أَوَعَظۡتَ أَمۡ لَمۡ تَكُن مِّنَ ٱلۡوَٰعِظِينَ ١٣٦Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا خُلُقُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٣٧Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ ١٣٨әрі біз азапталмаймыз», - деді فَكَذَّبُوهُ فَأَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٣٩Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٤٠Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді كَذَّبَتۡ ثَمُودُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٤١Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ صَٰلِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٤٢Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٤٣Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٤٤енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٤٥Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында أَتُتۡرَكُونَ فِي مَا هَٰهُنَآ ءَامِنِينَ ١٤٦Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ١٤٧бақтар мен бұлақтардың وَزُرُوعٍ وَنَخۡلٍ طَلۡعُهَا هَضِيمٌ ١٤٨және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында وَتَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتًا فَٰرِهِينَ ١٤٩Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٥٠Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَلَا تُطِيعُوٓاْ أَمۡرَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ ١٥١Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар ٱلَّذِينَ يُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا يُصۡلِحُونَ ١٥٢сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ ١٥٣Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің مَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثۡلُنَا فَأۡتِ بِـَٔايَةٍ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ١٥٤Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді قَالَ هَٰذِهِۦ نَاقَةٌ لَّهَا شِرۡبٌ وَلَكُمۡ شِرۡبُ يَوۡمٍ مَّعۡلُومٍ ١٥٥Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٍ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابُ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٥٦Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді فَعَقَرُوهَا فَأَصۡبَحُواْ نَٰدِمِينَ ١٥٧Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٥٨Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٥٩Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٦٠Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٦١Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٦٢Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٦٣енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦٤Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында أَتَأۡتُونَ ٱلذُّكۡرَانَ مِنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٦٥Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٌ عَادُونَ ١٦٦өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُخۡرَجِينَ ١٦٧Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلۡقَالِينَ ١٦٨Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін رَبِّ نَجِّنِي وَأَهۡلِي مِمَّا يَعۡمَلُونَ ١٦٩Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді فَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ ١٧٠Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық إِلَّا عَجُوزًا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ ١٧١тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ ١٧٢Содан кейін, басқаларын жойып жібердік وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرًاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلۡمُنذَرِينَ ١٧٣Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٧٤Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٧٥Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ لۡـَٔيۡكَةِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ١٧٦Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды إِذۡ قَالَ لَهُمۡ شُعَيۡبٌ أَلَا تَتَّقُونَ ١٧٧Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٌ ١٧٨Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ ١٧٩енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٨٠Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында ۞ أَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَلَا تَكُونُواْ مِنَ ٱلۡمُخۡسِرِينَ ١٨١Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِ ١٨٢әрі тура таразымен тартыңдар وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ ١٨٣және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلۡجِبِلَّةَ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٨٤Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ ١٨٥Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің وَمَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثۡلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ ١٨٦Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз فَأَسۡقِطۡ عَلَيۡنَا كِسَفًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ١٨٧Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді قَالَ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَا تَعۡمَلُونَ ١٨٨Ол / Шұғайып / : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمۡ عَذَابُ يَوۡمِ ٱلظُّلَّةِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ ١٨٩Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةًۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ ١٩٠Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ ١٩١Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді وَإِنَّهُۥ لَتَنزِيلُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ١٩٢Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені نَزَلَ بِهِ ٱلرُّوحُ ٱلۡأَمِينُ ١٩٣Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді عَلَىٰ قَلۡبِكَ لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُنذِرِينَ ١٩٤ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُّبِينٍ ١٩٥анық араб тілінде / түсірді وَإِنَّهُۥ لَفِي زُبُرِ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٩٦Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар أَوَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ ءَايَةً أَن يَعۡلَمَهُۥ عُلَمَٰٓؤُاْ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ ١٩٧Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма وَلَوۡ نَزَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ بَعۡضِ ٱلۡأَعۡجَمِينَ ١٩٨Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп فَقَرَأَهُۥ عَلَيۡهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ مُؤۡمِنِينَ ١٩٩ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді كَذَٰلِكَ سَلَكۡنَٰهُ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ٢٠٠Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ ٢٠١Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді فَيَأۡتِيَهُم بَغۡتَةً وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ ٢٠٢Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді فَيَقُولُواْ هَلۡ نَحۡنُ مُنظَرُونَ ٢٠٣Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ ٢٠٤Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма أَفَرَءَيۡتَ إِن مَّتَّعۡنَٰهُمۡ سِنِينَ ٢٠٥Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер оларды жылдар бойы пайдаландырсақ ثُمَّ جَآءَهُم مَّا كَانُواْ يُوعَدُونَ ٢٠٦содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يُمَتَّعُونَ ٢٠٧сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ ٢٠٨Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз ذِكۡرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَٰلِمِينَ ٢٠٩Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз / . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз وَمَا تَنَزَّلَتۡ بِهِ ٱلشَّيَٰطِينُ ٢١٠Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ وَمَا يَنۢبَغِي لَهُمۡ وَمَا يَسۡتَطِيعُونَ ٢١١Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды إِنَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّمۡعِ لَمَعۡزُولُونَ ٢١٢Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген فَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُعَذَّبِينَ ٢١٣Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың وَأَنذِرۡ عَشِيرَتَكَ ٱلۡأَقۡرَبِينَ ٢١٤Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٢١٥Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін فَإِنۡ عَصَوۡكَ فَقُلۡ إِنِّي بَرِيٓءٌ مِّمَّا تَعۡمَلُونَ ٢١٦Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ ٢١٧Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ ٢١٨Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ ٢١٩әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ ٢٢٠Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші هَلۡ أُنَبِّئُكُمۡ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ ٱلشَّيَٰطِينُ ٢٢١Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٍ ٢٢٢Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі يُلۡقُونَ ٱلسَّمۡعَ وَأَكۡثَرُهُمۡ كَٰذِبُونَ ٢٢٣Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші وَٱلشُّعَرَآءُ يَتَّبِعُهُمُ ٱلۡغَاوُۥنَ ٢٢٤Әрі ақындарға адасушылар ереді أَلَمۡ تَرَ أَنَّهُمۡ فِي كُلِّ وَادٍ يَهِيمُونَ ٢٢٥Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін وَأَنَّهُمۡ يَقُولُونَ مَا لَا يَفۡعَلُونَ ٢٢٦әрі өздері істемейтінді айтатындарын إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَذَكَرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرًا وَٱنتَصَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَيَّ مُنقَلَبٍ يَنقَلِبُونَ ٢٢٧Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі