وَٱلۡعَٰدِيَٰتِ ضَبۡحًا ١Ант етемін, қатты ентігіп шабатынفَٱلۡمُورِيَٰتِ قَدۡحًا ٢әрі / тұяқтарынан / ұшқын шығаратынفَٱلۡمُغِيرَٰتِ صُبۡحًا ٣әрі таң ата шабуылдайтынفَأَثَرۡنَ بِهِۦ نَقۡعًا ٤онымен бұрқырата шаң көтеретінفَوَسَطۡنَ بِهِۦ جَمۡعًا ٥әрі онымен / жаудың / ортасына топ болып кіретіндерменإِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لِرَبِّهِۦ لَكَنُودٌ ٦Ақиқатында, адам Раббысына шүкірлік етпеуші / Оның берген игіліктерін мойындамаушыوَإِنَّهُۥ عَلَىٰ ذَٰلِكَ لَشَهِيدٌ ٧және анығында, ол осыған куәوَإِنَّهُۥ لِحُبِّ ٱلۡخَيۡرِ لَشَدِيدٌ ٨Әрі шын мәнінде, ол қайырлы нәрселерді сүюде тым қатты۞ أَفَلَا يَعۡلَمُ إِذَا بُعۡثِرَ مَا فِي ٱلۡقُبُورِ ٩Ал, сонда ол білмей ме, қабірдегілер шығарылған кездеوَحُصِّلَ مَا فِي ٱلصُّدُورِ ١٠және көкіректегі нәрселерәшкереленіп, жария болғандаإِنَّ رَبَّهُم بِهِمۡ يَوۡمَئِذٍ لَّخَبِيرُۢ ١١күмәнсіз, ол күні, Раббысының олар жайлы толық Хабардар / екенін