ٱلۡقَارِعَةُ ١Әл-Қариъа / үлкен апатمَا ٱلۡقَارِعَةُ ٢Әл-Қариъа деген неوَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡقَارِعَةُ ٣Әл-Қариъа не екенін саған не білдірдіيَوۡمَ يَكُونُ ٱلنَّاسُ كَٱلۡفَرَاشِ ٱلۡمَبۡثُوثِ ٤Ол күні адам баласы бытырап таралған көбелектей боладыوَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ ٱلۡمَنفُوشِ ٥әрі таулар түтілген жүндей боладыفَأَمَّا مَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ ٦Сонда кімнің таразысы ауыр тартсаفَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَّاضِيَةٍ ٧онда ол -разы болатын бір өмірде боладыوَأَمَّا مَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ ٨Ал, кімнің таразысы жеңіл тартсаفَأُمُّهُۥ هَاوِيَةٌ ٩онда оның «анасы» / баратын орнының негізі / Һауия боладыوَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا هِيَهۡ ١٠Ал оның не екенін саған не білдірдіنَارٌ حَامِيَةُۢ ١١Ол - жалындаған от