بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ وَقُرۡءَانٍ مُّبِينٍ ١Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары رُّبَمَا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡ كَانُواْ مُسۡلِمِينَ ٢Сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады ذَرۡهُمۡ يَأۡكُلُواْ وَيَتَمَتَّعُواْ وَيُلۡهِهِمُ ٱلۡأَمَلُۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ٣Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٌ مَّعۡلُومٌ ٤Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық مَّا تَسۡبِقُ مِنۡ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ ٥Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды وَقَالُواْ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِي نُزِّلَ عَلَيۡهِ ٱلذِّكۡرُ إِنَّكَ لَمَجۡنُونٌ ٦Олар / мүшріктер / : «Әй, өзіне Еске салу / Құран / түсірілген! Негізінде, сені жын соққан لَّوۡمَا تَأۡتِينَا بِٱلۡمَلَٰٓئِكَةِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ ٧Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді مَا نُنَزِّلُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَمَا كَانُوٓاْ إِذًا مُّنظَرِينَ ٨Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға / имансыздарға / мұрсат берілмейді إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا ٱلذِّكۡرَ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ ٩Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ فِي شِيَعِ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٠Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да / елшілер / жібергенбіз وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ١١Әрі өздеріне қандай да бір Елші келсе, олар / өткен қауымдар / сөзсіз оны келеке етті كَذَٰلِكَ نَسۡلُكُهُۥ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ١٢Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты / , міне, осылай ендіреміз لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ وَقَدۡ خَلَتۡ سُنَّةُ ٱلۡأَوَّلِينَ ١٣Олар оған / Елшіге / сенбейді. Әрі олардан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді وَلَوۡ فَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَابًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَظَلُّواْ فِيهِ يَعۡرُجُونَ ١٤Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де لَقَالُوٓاْ إِنَّمَا سُكِّرَتۡ أَبۡصَٰرُنَا بَلۡ نَحۡنُ قَوۡمٌ مَّسۡحُورُونَ ١٥олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді وَلَقَدۡ جَعَلۡنَا فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجًا وَزَيَّنَّٰهَا لِلنَّٰظِرِينَ ١٦Біз аспанда жұлдыздар / аспан денелерін / жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік وَحَفِظۡنَٰهَا مِن كُلِّ شَيۡطَٰنٍ رَّجِيمٍ ١٧Әрі оны / аспанды / әрбір қуылған шайтаннан қорғадық إِلَّا مَنِ ٱسۡتَرَقَ ٱلسَّمۡعَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٌ مُّبِينٌ ١٨Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады وَٱلۡأَرۡضَ مَدَدۡنَٰهَا وَأَلۡقَيۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ شَيۡءٍ مَّوۡزُونٍ ١٩және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың / . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік وَجَعَلۡنَا لَكُمۡ فِيهَا مَعَٰيِشَ وَمَن لَّسۡتُمۡ لَهُۥ بِرَٰزِقِينَ ٢٠Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا عِندَنَا خَزَآئِنُهُۥ وَمَا نُنَزِّلُهُۥٓ إِلَّا بِقَدَرٍ مَّعۡلُومٍ ٢١Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз وَأَرۡسَلۡنَا ٱلرِّيَٰحَ لَوَٰقِحَ فَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَسۡقَيۡنَٰكُمُوهُ وَمَآ أَنتُمۡ لَهُۥ بِخَٰزِنِينَ ٢٢Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер وَإِنَّا لَنَحۡنُ نُحۡيِۦ وَنُمِيتُ وَنَحۡنُ ٱلۡوَٰرِثُونَ ٢٣Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі / барлығыжойылғанда / Біз / ие болып / қалушымыз وَلَقَدۡ عَلِمۡنَا ٱلۡمُسۡتَقۡدِمِينَ مِنكُمۡ وَلَقَدۡ عَلِمۡنَا ٱلۡمُسۡتَـٔۡخِرِينَ ٢٤Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحۡشُرُهُمۡۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمٌ ٢٥Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن صَلۡصَٰلٍ مِّنۡ حَمَإٍ مَّسۡنُونٍ ٢٦Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық وَٱلۡجَآنَّ خَلَقۡنَٰهُ مِن قَبۡلُ مِن نَّارِ ٱلسَّمُومِ ٢٧Ал, жынды / адамнан / алдын, қызуы қатты / түтінсіз / оттан жараттық وَإِذۡ قَالَ رَبُّكَ لِلۡمَلَٰٓئِكَةِ إِنِّي خَٰلِقُۢ بَشَرًا مِّن صَلۡصَٰلٍ مِّنۡ حَمَإٍ مَّسۡنُونٍ ٢٨Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын فَإِذَا سَوَّيۡتُهُۥ وَنَفَخۡتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُواْ لَهُۥ سَٰجِدِينَ ٢٩Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді فَسَجَدَ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ كُلُّهُمۡ أَجۡمَعُونَ ٣٠Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады إِلَّآ إِبۡلِيسَ أَبَىٰٓ أَن يَكُونَ مَعَ ٱلسَّٰجِدِينَ ٣١Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты قَالَ يَٰٓإِبۡلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ ٱلسَّٰجِدِينَ ٣٢Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді قَالَ لَمۡ أَكُن لِّأَسۡجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقۡتَهُۥ مِن صَلۡصَٰلٍ مِّنۡ حَمَإٍ مَّسۡنُونٍ ٣٣Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді قَالَ فَٱخۡرُجۡ مِنۡهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ ٣٤Аса ұлы Аллаһ / : «Ол жерден шық, сен енді қуылдың وَإِنَّ عَلَيۡكَ ٱللَّعۡنَةَ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلدِّينِ ٣٥Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді قَالَ رَبِّ فَأَنظِرۡنِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ ٣٦Ібіліс / : «Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلۡمُنظَرِينَ ٣٧Аса ұлы Аллаһ / : «Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡوَقۡتِ ٱلۡمَعۡلُومِ ٣٨Уақыты белгілі күнге дейін», деді قَالَ رَبِّ بِمَآ أَغۡوَيۡتَنِي لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَأُغۡوِيَنَّهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٣٩Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын إِلَّا عِبَادَكَ مِنۡهُمُ ٱلۡمُخۡلَصِينَ ٤٠Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді قَالَ هَٰذَا صِرَٰطٌ عَلَيَّ مُسۡتَقِيمٌ ٤١Аса ұлы Аллаһ / : «Осы тура жол - Менде إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٌ إِلَّا مَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡغَاوِينَ ٤٢Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوۡعِدُهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٤٣Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын - Жаһаннам (Тозақ) لَهَا سَبۡعَةُ أَبۡوَٰبٍ لِّكُلِّ بَابٍ مِّنۡهُمۡ جُزۡءٌ مَّقۡسُومٌ ٤٤Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٍ وَعُيُونٍ ٤٥Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында ٱدۡخُلُوهَا بِسَلَٰمٍ ءَامِنِينَ ٤٦Оларға / : «Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», - / делінеді وَنَزَعۡنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنۡ غِلٍّ إِخۡوَٰنًا عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَٰبِلِينَ ٤٧Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады لَا يَمَسُّهُمۡ فِيهَا نَصَبٌ وَمَا هُم مِّنۡهَا بِمُخۡرَجِينَ ٤٨Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды ۞ نَبِّئۡ عِبَادِيٓ أَنِّيٓ أَنَا ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ ٤٩Ей, Мұхаммед! / Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла ۞ وَأَنَّ عَذَابِي هُوَ ٱلۡعَذَابُ ٱلۡأَلِيمُ ٥٠әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін وَنَبِّئۡهُمۡ عَن ضَيۡفِ إِبۡرَٰهِيمَ ٥١Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمًا قَالَ إِنَّا مِنكُمۡ وَجِلُونَ ٥٢Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді قَالُواْ لَا تَوۡجَلۡ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٍ ٥٣Періштелер / : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді قَالَ أَبَشَّرۡتُمُونِي عَلَىٰٓ أَن مَّسَّنِيَ ٱلۡكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ ٥٤Ибраһим / : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді قَالُواْ بَشَّرۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلۡقَٰنِطِينَ ٥٥Олар / \ «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді قَالَ وَمَن يَقۡنَطُ مِن رَّحۡمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ ٥٦Ибраһим / '. «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ ٥٧Ол / : «Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٍ مُّجۡرِمِينَ ٥٨Олар / \ «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٥٩Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың / үй-ішінің / бәрін құтқарамыз إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ قَدَّرۡنَآ إِنَّهَا لَمِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ ٦٠тек оның әйелінен басқа»- / деді / . Біз оның қалуын үкім еттік فَلَمَّا جَآءَ ءَالَ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلُونَ ٦١Елшілер Лұттың үйіне келген кезде قَالَ إِنَّكُمۡ قَوۡمٌ مُّنكَرُونَ ٦٢ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді قَالُواْ بَلۡ جِئۡنَٰكَ بِمَا كَانُواْ فِيهِ يَمۡتَرُونَ ٦٣Періштелер / '. «Негізінде, біз саған олар / елің / күмән келтірген нәрсемен келдік وَأَتَيۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ ٦٤Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз فَأَسۡرِ بِأَهۡلِكَ بِقِطۡعٍ مِّنَ ٱلَّيۡلِ وَٱتَّبِعۡ أَدۡبَٰرَهُمۡ وَلَا يَلۡتَفِتۡ مِنكُمۡ أَحَدٌ وَٱمۡضُواْ حَيۡثُ تُؤۡمَرُونَ ٦٥Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді وَقَضَيۡنَآ إِلَيۡهِ ذَٰلِكَ ٱلۡأَمۡرَ أَنَّ دَابِرَ هَٰٓؤُلَآءِ مَقۡطُوعٌ مُّصۡبِحِينَ ٦٦Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін / жойылатынын / білдірдік وَجَآءَ أَهۡلُ ٱلۡمَدِينَةِ يَسۡتَبۡشِرُونَ ٦٧Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді قَالَ إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ ضَيۡفِي فَلَا تَفۡضَحُونِ ٦٨Лұт / : «Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُخۡزُونِ ٦٩Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / . Мені қорламаңдар», -деді قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ نَنۡهَكَ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٧٠Олар / : «Біз сені әлемдерден / бөгде адамдардан / тыймап па едік?»- деді قَالَ هَٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِيٓ إِن كُنتُمۡ فَٰعِلِينَ ٧١Лұт / : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді لَعَمۡرُكَ إِنَّهُمۡ لَفِي سَكۡرَتِهِمۡ يَعۡمَهُونَ ٧٢Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّيۡحَةُ مُشۡرِقِينَ ٧٣Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды فَجَعَلۡنَا عَٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِمۡ حِجَارَةً مِّن سِجِّيلٍ ٧٤Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍ لِّلۡمُتَوَسِّمِينَ ٧٥Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلٍ مُّقِيمٍ ٧٦Анығында, ол / ел / белгілі жолдың бойында еді إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّلۡمُؤۡمِنِينَ ٧٧Әлбетте, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-ғибраттар бар وَإِن كَانَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأَيۡكَةِ لَظَٰلِمِينَ ٧٨Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды فَٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامٍ مُّبِينٍ ٧٩Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді وَلَقَدۡ كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡحِجۡرِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ ٨٠Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады وَءَاتَيۡنَٰهُمۡ ءَايَٰتِنَا فَكَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ ٨١Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды وَكَانُواْ يَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتًا ءَامِنِينَ ٨٢Олар амандықта / жүріп / , таулардан үйлер қашайтын فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّيۡحَةُ مُصۡبِحِينَ ٨٣Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ ٨٤Сөйтіп, оларға / дүниеде / тапқандары пайда бермеді وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَأٓتِيَةٌۖ فَٱصۡفَحِ ٱلصَّفۡحَ ٱلۡجَمِيلَ ٨٥Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلۡخَلَّٰقُ ٱلۡعَلِيمُ ٨٦Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَٰكَ سَبۡعًا مِّنَ ٱلۡمَثَانِي وَٱلۡقُرۡءَانَ ٱلۡعَظِيمَ ٨٧Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құрандағы / қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік لَا تَمُدَّنَّ عَيۡنَيۡكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعۡنَا بِهِۦٓ أَزۡوَٰجًا مِّنۡهُمۡ وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِلۡمُؤۡمِنِينَ ٨٨Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін وَقُلۡ إِنِّيٓ أَنَا ٱلنَّذِيرُ ٱلۡمُبِينُ ٨٩Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», - де كَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَى ٱلۡمُقۡتَسِمِينَ ٩٠Серт бергендерге / азап / түсіргеніміз секілді ٱلَّذِينَ جَعَلُواْ ٱلۡقُرۡءَانَ عِضِينَ ٩١Құранды бөліктерге ажыратқандарға да / азап түсіреміз فَوَرَبِّكَ لَنَسۡـَٔلَنَّهُمۡ أَجۡمَعِينَ ٩٢Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз عَمَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٩٣не істегендері жайында فَٱصۡدَعۡ بِمَا تُؤۡمَرُ وَأَعۡرِضۡ عَنِ ٱلۡمُشۡرِكِينَ ٩٤Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл إِنَّا كَفَيۡنَٰكَ ٱلۡمُسۡتَهۡزِءِينَ ٩٥Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық ٱلَّذِينَ يَجۡعَلُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۚ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ٩٦сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі وَلَقَدۡ نَعۡلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدۡرُكَ بِمَا يَقُولُونَ ٩٧Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз فَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ وَكُن مِّنَ ٱلسَّٰجِدِينَ ٩٨Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол وَٱعۡبُدۡ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأۡتِيَكَ ٱلۡيَقِينُ ٩٩Өзіңе айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет