ملة الإسلام

السورة 16 · 128 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة النحل باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة النحل (1,197 قارئاً)
مكيةسورة النحل١٢٨ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

أَتَىٰٓ أَمۡرُ ٱللَّهِ فَلَا تَسۡتَعۡجِلُوهُۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ ١Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез болуын сұрамаңдар. Ол - пәк әрі олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары يُنَزِّلُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةَ بِٱلرُّوحِ مِنۡ أَمۡرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦٓ أَنۡ أَنذِرُوٓاْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱتَّقُونِ ٢Ол періштелерді рухпен / уахимен / Өз әмірімен, құлдарынан қалағандарына / пайғамбарларға / : «Менен басқа ешбір құдай жоқ екенін ескертіңдер. Әрі Менен қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / »,- деп түсіреді خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ تَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ ٣Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол - олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُّبِينٌ ٤Ол адам баласын бір тамшы / ұрық / судан жаратты. Міне, / енді /ол - анық қарсыласушы وَٱلۡأَنۡعَٰمَ خَلَقَهَاۖ لَكُمۡ فِيهَا دِفۡءٌ وَمَنَٰفِعُ وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ ٥Әрі Ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу / беретін / және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар وَلَكُمۡ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسۡرَحُونَ ٦Сендер үшін оларда - кешке / өрістен алып / қайтқан кездеріңде және ертемен шығарған кездеріңде бір ұнамды көрік бар وَتَحۡمِلُ أَثۡقَالَكُمۡ إِلَىٰ بَلَدٍ لَّمۡ تَكُونُواْ بَٰلِغِيهِ إِلَّا بِشِقِّ ٱلۡأَنفُسِۚ إِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٌ رَّحِيمٌ ٧Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббың аса Мейірбан, ерекше Мейірімді وَٱلۡخَيۡلَ وَٱلۡبِغَالَ وَٱلۡحَمِيرَ لِتَرۡكَبُوهَا وَزِينَةًۚ وَيَخۡلُقُ مَا لَا تَعۡلَمُونَ ٨Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге зейнет ретінде де / жаратты / . Сондай-ақ Ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады وَعَلَى ٱللَّهِ قَصۡدُ ٱلسَّبِيلِ وَمِنۡهَا جَآئِرٌۚ وَلَوۡ شَآءَ لَهَدَىٰكُمۡ أَجۡمَعِينَ ٩Тура жолды - / жолдың мақсатын / түсіндіру Аллаһқа тән. Әрі ол жолдан ауытқитын / жолдар / бар. Егер де Ол қалағанда сендердің барлығыңды да тура жолмен жүргізер еді هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءًۖ لَّكُم مِّنۡهُ شَرَابٌ وَمِنۡهُ شَجَرٌ فِيهِ تُسِيمُونَ ١٠Ол, / Аллаһ / аспаннан су түсірді. Сендер үшін одан сусын бар және одан мал жаятын өсімдіктер өседі يُنۢبِتُ لَكُم بِهِ ٱلزَّرۡعَ وَٱلزَّيۡتُونَ وَٱلنَّخِيلَ وَٱلۡأَعۡنَٰبَ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّقَوۡمٍ يَتَفَكَّرُونَ ١١Онымен / сумен / сендерге егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және барлық жемістерді өсіреді. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ وَٱلنُّجُومُ مُسَخَّرَٰتُۢ بِأَمۡرِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍ لِّقَوۡمٍ يَعۡقِلُونَ ١٢Әрі Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты. Ақиқатында, Мұнда ақылдарын істететін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар وَمَا ذَرَأَ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهُۥٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّقَوۡمٍ يَذَّكَّرُونَ ١٣Сондай-ақ, Ол сендерге жерде алуан түсті етіп жаратқан нәрселерін де бағындырды. Міне, осы нәрседе еске алатын / ғибраттанатын / адамдар үшін белгі-дәлел бар وَهُوَ ٱلَّذِي سَخَّرَ ٱلۡبَحۡرَ لِتَأۡكُلُواْ مِنۡهُ لَحۡمًا طَرِيًّا وَتَسۡتَخۡرِجُواْ مِنۡهُ حِلۡيَةً تَلۡبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلۡفُلۡكَ مَوَاخِرَ فِيهِ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ ١٤Әрі Ол / Аллаһ / сондай жас ет жеулерің үшін және одан / теңізден / өздерің тағынатын әшекейлер шығарып алуларың үшін теңізді / пайдалануларыңа / бағындырды. Оның кеңшілігін / игіліктерін / іздеулерің және шүкір етулерің / бергендеріне алғыс білдірулерің / үшін кемелердің суды жарып бара жатқанын көресің وَأَلۡقَىٰ فِي ٱلۡأَرۡضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمۡ وَأَنۡهَٰرًا وَسُبُلًا لَّعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ ١٥Әрі Ол жерде, оның сендерді шайқалтпауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / тастады / орнатты / және бағыт-бағдар / жол / табуларың үшін өзендерді және жолдарды وَعَلَٰمَٰتٍۚ وَبِٱلنَّجۡمِ هُمۡ يَهۡتَدُونَ ١٦Сондай-ақ, / басқа да! белгілерді жасады. Әрі олар жұлдыздар арқылы да бағыт-бағдар / жол / табады أَفَمَن يَخۡلُقُ كَمَن لَّا يَخۡلُقُۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ ١٧Жаратушы жарата алмайтын біреу сияқты ма? Неге еске алмайсыңдар / ғибрат алмайсыңдар وَإِن تَعُدُّواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ لَا تُحۡصُوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَفُورٌ رَّحِيمٌ ١٨Аллаһтың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعۡلِنُونَ ١٩Әрі Аллаһ сендердің нені жасырғандарыңды және нені жария еткендеріңді біледі وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَخۡلُقُونَ شَيۡـًٔا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ ٢٠Ал олардың Аллаһтан өзге шақыратындары / табынатындары / еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған أَمۡوَٰتٌ غَيۡرُ أَحۡيَآءٍۖ وَمَا يَشۡعُرُونَ أَيَّانَ يُبۡعَثُونَ ٢١Олар! тірі емес, өлілер. Олар қашан қайта тірілетіндерін де білмейді إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٌ وَٰحِدٌۚ فَٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ قُلُوبُهُم مُّنكِرَةٌ وَهُم مُّسۡتَكۡبِرُونَ ٢٢Сендердің құдайларың - жалғыз құдай. Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері / мұны / теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар لَا جَرَمَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡتَكۡبِرِينَ ٢٣Ақиқатында, Аллаһ олардың жасыратындары мен жария істейтіндерін біледі. Ол өздерін жоғары қоятындарды жақсы көрмейді وَإِذَا قِيلَ لَهُم مَّاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡ قَالُوٓاْ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ ٢٤Ал Оларға: «Сендердің Раббың не түсірді?» - делінсе, олар: «Бұрынғылардың аңыз-ертегілері»,- дейді لِيَحۡمِلُوٓاْ أَوۡزَارَهُمۡ كَامِلَةً يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَمِنۡ أَوۡزَارِ ٱلَّذِينَ يُضِلُّونَهُم بِغَيۡرِ عِلۡمٍۗ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ ٢٥Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман قَدۡ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَأَتَى ٱللَّهُ بُنۡيَٰنَهُم مِّنَ ٱلۡقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّقۡفُ مِن فَوۡقِهِمۡ وَأَتَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ ٢٦Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді ثُمَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يُخۡزِيهِمۡ وَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تُشَٰٓقُّونَ فِيهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ إِنَّ ٱلۡخِزۡيَ ٱلۡيَوۡمَ وَٱلسُّوٓءَ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ ٢٧Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол / Аллаһ / оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне / түседі / / » - деп айтады ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡۖ فَأَلۡقَوُاْ ٱلسَّلَمَ مَا كُنَّا نَعۡمَلُ مِن سُوٓءِۭۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٢٨Солар, өздеріне әділетсіздік еткен күйде жандарын періштелер алатындар. / Олар сонда!: «Біз ешқандай жамандық істеген жоқпыз»,- деп, бойсұна қалады. / Оларға / :«Олай емес! Ақиқатында, Аллаһ - сендердің не істегендеріңді жақсы Білуші فَٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَلَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ ٢٩Енді Жаһаннамның қақпаларынан кіріңдер, ол жерде мәңгі қаласыңдар!»- делінеді. Өздерін жоғары санағандардың / тәкаппарлардың / орны қандай жаман ۞ وَقِيلَ لِلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ مَاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡۚ قَالُواْ خَيۡرًاۗ لِّلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٌۚ وَلَدَارُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرٌۚ وَلَنِعۡمَ دَارُ ٱلۡمُتَّقِينَ ٣٠Ал, тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / : «Сендердің Раббың не түсірді?»- делінеді. Олар: «Жақсылық»,- дейді. Жақсылықты ықыласпен істегендерге осы өмірде жақсылық бар. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / мекені одан да қайырлы. Тақуалық еткендердің / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / соңғы тұрағы қандай жақсы جَنَّٰتُ عَدۡنٍ يَدۡخُلُونَهَا تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ لَهُمۡ فِيهَا مَا يَشَآءُونَۚ كَذَٰلِكَ يَجۡزِي ٱللَّهُ ٱلۡمُتَّقِينَ ٣١Олар астынан өзендер ағып жататын ’Адн жәннатының бақтарына кіреді. Ол жерде оларға қалағандары бар. Аллаһ тақуалық еткендердің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардың/ қайтарым сыйын осылай береді ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ طَيِّبِينَ يَقُولُونَ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمُ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٣٢Періштелер олардың жандарын таза күйлерінде алып: «Сәләмун алейкум! / Сен­дерге амандық болсын! / Істеген амалдарың үшін жәннатқа кіріңдер», -дейді هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن تَأۡتِيَهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ أَوۡ يَأۡتِيَ أَمۡرُ رَبِّكَۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ ٱللَّهُ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ ٣٣Олар / мүшріктер / өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның әмірі келуін күте ме? Олардан бұрынғылар да осылай жасаған еді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, керісінше олар өздеріне өздері әділетсіздік етті فَأَصَابَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ٣٤Сөйтіп, оларға істеген амалдарының жамандығы жетті. Әрі олардың келеке етіп күлген нәрселері өздеріне тиді وَقَالَ ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ لَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا عَبَدۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٍ نَّحۡنُ وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٍۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ فَهَلۡ عَلَى ٱلرُّسُلِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ ٣٥Сондай-ақ, Аллаһпен қатар өзгеге табынғандар / серік қосушылар / : «Егер де Аллаһ қалағанда біз де, әкелеріміз де Одан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік әрі Онсыз / Оның рұқсатынсыз / еш нәрсеге тыйым салмас едік»,- деді. Олардан бұрынғылар / серік қатушылар / да осылай жасаған еді. Елшілерге анық түрде жеткізуден басқа міндет жүктелген бе وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ هَدَى ٱللَّهُ وَمِنۡهُم مَّنۡ حَقَّتۡ عَلَيۡهِ ٱلضَّلَٰلَةُۚ فَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٣٦Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік. Сонда Аллаһ олардың кейбірін тура жолмен жүргізді, ал кейбірі адасуға лайық болды. Сендер жер жүзін аралап, өтірікке шығарушылардың соңы қандай болғанына назар салыңдар إِن تَحۡرِصۡ عَلَىٰ هُدَىٰهُمۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَن يُضِلُّۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ ٣٧Ей, Мұхаммед / / Оларды тура жолға салуға қанша ұмтылсаң да, анығында Аллаһ Өзі адастыратын құлын тура жолға салмайды. Әрі оларға ешбір жәрдем беруші жоқ وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَا يَبۡعَثُ ٱللَّهُ مَن يَمُوتُۚ بَلَىٰ وَعۡدًا عَلَيۡهِ حَقًّا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ ٣٨Әрі олар: «Аллаһ өлгенді қайта тірілтпейді», -деп, анттарының күштісі -Аллаһпен ант ішті. Жоқ! бұл, Оның хақ уәдесі. Бірақ, адамдардың көбі білмейді لِيُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي يَخۡتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعۡلَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰذِبِينَ ٣٩Аллаһ / оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіру және сондай күпірлік еткендер / Ақиретті теріске шығарғандар / өздерінің өтірікші болғандарын білулері үшін / қайта тірілтіледі إِنَّمَا قَوۡلُنَا لِشَيۡءٍ إِذَآ أَرَدۡنَٰهُ أَن نَّقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ ٤٠Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда оған тек «Бол» дейміз, сонда ол бола қалады وَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ فِي ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْ لَنُبَوِّئَنَّهُمۡ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةًۖ وَلَأَجۡرُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ ٤١Ал, өздеріне әділетсіздік жасалғаннан кейін, Аллаһ үшін қоныс аударғандарды осы дүниеде жақсылыққа / жайлы қонысқа / жайғастырамыз әрі соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы одан да үлкен, егер білетін болса ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ ٤٢Солар / қоныс аударғандар / сабыр қылған әрі өздерінің Раббысына жүгініп, істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالًا نُّوحِيٓ إِلَيۡهِمۡۖ فَسۡـَٔلُوٓاْ أَهۡلَ ٱلذِّكۡرِ إِن كُنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ ٤٣Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын / Тәурат, Інжіл / түсірілгендерден сұраңдар بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلزُّبُرِۗ وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلذِّكۡرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَعَلَّهُمۡ يَتَفَكَّرُونَ ٤٤Елшілерді / анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен / жібердік / . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды / Құранды / түсірдік أَفَأَمِنَ ٱلَّذِينَ مَكَرُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَخۡسِفَ ٱللَّهُ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضَ أَوۡ يَأۡتِيَهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ ٤٥Айлакерлікпен жамандықты ойластырғандар өздерін Аллаһтың жерге жұттырып жіберуінен немесе өздеріне азаптың сезбеген жақтан келуінен қауіпсіз болды ма أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ فِي تَقَلُّبِهِمۡ فَمَا هُم بِمُعۡجِزِينَ ٤٦Немесе ол / азап / өздерін тіршілік әрекеті үстінде ұстап, Одан қашып құтыла алмай қалуларынан أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ عَلَىٰ تَخَوُّفٍ فَإِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٌ رَّحِيمٌ ٤٧немесе оларды қауіптеніп тұрғанда тұтуынан / қауіпсіз болды ма / ? Ақиқатында, сендердің Раббың өте Мейірбан, ерекше Мейірімді أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَىٰ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيۡءٍ يَتَفَيَّؤُاْ ظِلَٰلُهُۥ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَٱلشَّمَآئِلِ سُجَّدًا لِّلَّهِ وَهُمۡ دَٰخِرُونَ ٤٨Әрі олар / қарсы келушілер / Аллаһ жаратқан әрбір нәрсенің көлеңкелері оңға және солға ауып, Аллаһқа сәжде етіп иілетіндерін көрмеді ме وَلِلَّهِۤ يَسۡجُدُۤ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ مِن دَآبَّةٍ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ ٤٩Әрі аспандардағы және жердегі барлық жаны бар және періштелер Аллаһқа сәжде етеді. Және олар / періштелер / өздерін жоғары санап, менменсімейді يَخَافُونَ رَبَّهُم مِّن فَوۡقِهِمۡ وَيَفۡعَلُونَ مَا يُؤۡمَرُونَ ۩ ٥٠Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды ۞ وَقَالَ ٱللَّهُ لَا تَتَّخِذُوٓاْ إِلَٰهَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِۖ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهٌ وَٰحِدٌ فَإِيَّٰيَ فَٱرۡهَبُونِ ٥١Әрі Аллаһ: «Екі құдай жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол жалғыз құдай! Тек Менен ғана қорқыңдар!» деді وَلَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَهُ ٱلدِّينُ وَاصِبًاۚ أَفَغَيۡرَ ٱللَّهِ تَتَّقُونَ ٥٢Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. құлшылық та әрдайым Оған арналып жасалынады. Сонда Аллаһтан өзгеден қорқып, сақтанасыңдар ма وَمَا بِكُم مِّن نِّعۡمَةٍ فَمِنَ ٱللَّهِۖ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فَإِلَيۡهِ تَجۡـَٔرُونَ ٥٣Әрі сендердегі кез келген / барлық / игілік - Аллаһтан. Кейін өздеріңе бір зиян келсе, Оған ғана жалбарынасыңдар ثُمَّ إِذَا كَشَفَ ٱلضُّرَّ عَنكُمۡ إِذَا فَرِيقٌ مِّنكُم بِرَبِّهِمۡ يُشۡرِكُونَ ٥٤Ал, ол сендерден зиянды айықтырған кезде, араларыңнан бір бөлік өздерінің Раббысына серік қосады لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡۚ فَتَمَتَّعُواْ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ ٥٥сөйтіп, өздеріне бергенімізді мойындамау үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақында білесіңдер وَيَجۡعَلُونَ لِمَا لَا يَعۡلَمُونَ نَصِيبًا مِّمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡۗ تَٱللَّهِ لَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَفۡتَرُونَ ٥٦Әрі олар Біздің ризық етіп бергенімізден өздері білмейтін нәрселерге үлес белгілейді. Аллаһпен ант, сендер сөзсіз ойдан шығарған өтіріктерің жайлы сұраққа тартыласындар وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ ٱلۡبَنَٰتِ سُبۡحَٰنَهُۥ وَلَهُم مَّا يَشۡتَهُونَ ٥٧Сондай-ақ, олар «қыздары бар» деп Аллаһқа өтірікті телиді. Ол / бұдан / пәк. Ал, өздеріне қалағандарын қалдырады وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِٱلۡأُنثَىٰ ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدًّا وَهُوَ كَظِيمٌ ٥٨Ал, олардың біреуі қыз перзентпен сүйіншіленген кезде, жүзі қарайып, ашу-ызасын ішінде сақтайды يَتَوَٰرَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ مِن سُوٓءِ مَا بُشِّرَ بِهِۦٓۚ أَيُمۡسِكُهُۥ عَلَىٰ هُونٍ أَمۡ يَدُسُّهُۥ فِي ٱلتُّرَابِۗ أَلَا سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ ٥٩Ол өзіне жеткізілген хабардың салдарынан елден жасырынады. Ол оны / қызын / қорлыққа шыдап қалдыра ма, әлде жерге көміп тастай ма? Біліңдер! Олардың берген үкімдері қандай жаман لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ مَثَلُ ٱلسَّوۡءِۖ وَلِلَّهِ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ ٦٠Соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің сипаты өте нашар, ал Аллаһ ең жоғарғы сипатқа ие. Ол өте Үстем, аса Дана وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِظُلۡمِهِم مَّا تَرَكَ عَلَيۡهَا مِن دَآبَّةٍ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٍ مُّسَمًّىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ سَاعَةً وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ ٦١Аллаһ адамдарды әділетсіздіктері үшін жазалайтын болғанда, жер бетінде ешбір жандыны / жаны барды / қалдырмас еді. Алайда, оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан мерзімдері келсе, олар оны бір сәтке артқа да, ілгері де жылжыта алмайды وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ مَا يَكۡرَهُونَۚ وَتَصِفُ أَلۡسِنَتُهُمُ ٱلۡكَذِبَ أَنَّ لَهُمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ لَا جَرَمَ أَنَّ لَهُمُ ٱلنَّارَ وَأَنَّهُم مُّفۡرَطُونَ ٦٢Олар / мүшріктер / Аллаһқа өздері ұнатпайтынды таңады. Ал, олардың тілдері болса өздеріне жақсылық болады деп өтірікті айтады. Ақиқатында, оларға От / тозақ / болады әрі олар онда тасталып, ұмытылады تَٱللَّهِ لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰٓ أُمَمٍ مِّن قَبۡلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ ٱلۡيَوۡمَ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ ٦٣Аллаһпен ант етемін! / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да үмметтерге / елшілер / жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол / шайтан / бүгін / осы өмірде / олардың жақыны, досы әрі олар үшін / ақиретте / қинаушы азап бар وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ وَهُدًى وَرَحۡمَةً لِّقَوۡمٍ يُؤۡمِنُونَ ٦٤Біз саған Кітапты оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіруің және имандылар / мүміндер / үшін / тура жолды ұстануға / басшылық әрі мейірім етіп түсірдік وَٱللَّهُ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّقَوۡمٍ يَسۡمَعُونَ ٦٥Аллаһ аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оған жан бітірді. Міне, мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар وَإِنَّ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَنۡعَٰمِ لَعِبۡرَةًۖ نُّسۡقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهِۦ مِنۢ بَيۡنِ فَرۡثٍ وَدَمٍ لَّبَنًا خَالِصًا سَآئِغًا لِّلشَّٰرِبِينَ ٦٦Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сіңімді болған таза сүтті ішкіземіз وَمِن ثَمَرَٰتِ ٱلنَّخِيلِ وَٱلۡأَعۡنَٰبِ تَتَّخِذُونَ مِنۡهُ سَكَرًا وَرِزۡقًا حَسَنًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّقَوۡمٍ يَعۡقِلُونَ ٦٧Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар وَأَوۡحَىٰ رَبُّكَ إِلَى ٱلنَّحۡلِ أَنِ ٱتَّخِذِي مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتًا وَمِنَ ٱلشَّجَرِ وَمِمَّا يَعۡرِشُونَ ٦٨Әрі Раббың бал арасына білдіріп: «Таулардан, ағаштардан және олардың / адамдардың / тұрғызғандарынан ұя жасап ал ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ فَٱسۡلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلًاۚ يَخۡرُجُ مِنۢ بُطُونِهَا شَرَابٌ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ فِيهِ شِفَآءٌ لِّلنَّاسِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةً لِّقَوۡمٍ يَتَفَكَّرُونَ ٦٩Содан кейін әрбір жемістерден жеп, Раббыңның бағындырған жолдарымен жүр», деді. Олардың іштерінен алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ ثُمَّ يَتَوَفَّىٰكُمۡۚ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرۡذَلِ ٱلۡعُمُرِ لِكَيۡ لَا يَعۡلَمَ بَعۡدَ عِلۡمٍ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ قَدِيرٌ ٧٠Аллаһ сендерді жаратты. Кейін жандарыңды алады. Сендерден кейбіреулер білгеннен кейін өмірдің ең нашарына / кәрілікке / , ешнәрсе білмей қалатын / кезеңіне / қайтарылады. Анығында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Құдіретті , Оның «Бол!» дегенінің бәрі болады وَٱللَّهُ فَضَّلَ بَعۡضَكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ فِي ٱلرِّزۡقِۚ فَمَا ٱلَّذِينَ فُضِّلُواْ بِرَآدِّي رِزۡقِهِمۡ عَلَىٰ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَهُمۡ فِيهِ سَوَآءٌۚ أَفَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ ٧١Аллаһ ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етті. Бірақ / ризықта / артықшылық берілгендер қол астындағыларын өздерімен тең ету үшін оларға өз үлестерінен бермейді. Сонда олар Аллаһтың берген игілігін жоққа шығара ма وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجًا وَجَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُم بَنِينَ وَحَفَدَةً وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَتِ ٱللَّهِ هُمۡ يَكۡفُرُونَ ٧٢Аллаһ сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады әрі жұбайларыңнан сен­дерге балалар мен немерелер беріп, сондай-ақ сендерді жақсы нәрселерінен ризықтандырды. Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігіне күпірлік ете ме / теріске шығара ма وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَمۡلِكُ لَهُمۡ رِزۡقًا مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ شَيۡـًٔا وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ ٧٣Әрі олар / мүшріктер / Аллаһтан өзге өздері үшін аспандардан және жерден ешқандай ризыққа ие емес әрі бұған шамалары да келмейтін - біреулерге табынады فَلَا تَضۡرِبُواْ لِلَّهِ ٱلۡأَمۡثَالَۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ ٧٤Аллаһқа ұқсастар келтірмеңдер / Аса ұлы Аллаһқа ешкімді ұқсатпаңдар / .Анығында, Аллаһ біледі, - сендер білмейсіңдер ۞ ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا عَبۡدًا مَّمۡلُوكًا لَّا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٍ وَمَن رَّزَقۡنَٰهُ مِنَّا رِزۡقًا حَسَنًا فَهُوَ يُنفِقُ مِنۡهُ سِرًّا وَجَهۡرًاۖ هَلۡ يَسۡتَوُۥنَۚ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ٧٥Аллаһ, біреудің иелігінде болып, еш нәрсеге шамасы келмейтін бір құлды және Біз жақсы ризық беріп, ол одан жасырын әрі ашық түрде жұмсайтын бір адамды мысалға келтірді. Бұлар тең бола ма? Барлық мақтау - Аллаһқа! Алайда, олардың көбі білмейді وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا رَّجُلَيۡنِ أَحَدُهُمَآ أَبۡكَمُ لَا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٍ وَهُوَ كَلٌّ عَلَىٰ مَوۡلَىٰهُ أَيۡنَمَا يُوَجِّههُّ لَا يَأۡتِ بِخَيۡرٍ هَلۡ يَسۡتَوِي هُوَ وَمَن يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَهُوَ عَلَىٰ صِرَٰطٍ مُّسۡتَقِيمٍ ٧٦Аллаһ және екі кісіні мысалға келтірді: олардың біреуі мылқау, сондай еш нәрсеге күші жетпейтін әрі иесіне масыл. Оны қай жаққа жіберсе де одан қайыр жоқ. Сонда ол тура жолда болып, әділдікке бұйырған кісімен тең бола ма وَلِلَّهِ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَمَآ أَمۡرُ ٱلسَّاعَةِ إِلَّا كَلَمۡحِ ٱلۡبَصَرِ أَوۡ هُوَ أَقۡرَبُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ قَدِيرٌ ٧٧Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Ал Сағаттың / қайта тірілу күнінің / келуі бір көз салу сәтіндей ғана немесе одан да жақын. Ақиқатында, Аллаһ – әрбір нәрсені Жасай алушы وَٱللَّهُ أَخۡرَجَكُم مِّنۢ بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ شَيۡـًٔا وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ ٧٨Әрі Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан / құрсағынан / еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді أَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلطَّيۡرِ مُسَخَّرَٰتٍ فِي جَوِّ ٱلسَّمَآءِ مَا يُمۡسِكُهُنَّ إِلَّا ٱللَّهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍ لِّقَوۡمٍ يُؤۡمِنُونَ ٧٩Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, Мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибраттар бар وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۢ بُيُوتِكُمۡ سَكَنًا وَجَعَلَ لَكُم مِّن جُلُودِ ٱلۡأَنۡعَٰمِ بُيُوتًا تَسۡتَخِفُّونَهَا يَوۡمَ ظَعۡنِكُمۡ وَيَوۡمَ إِقَامَتِكُمۡ وَمِنۡ أَصۡوَافِهَا وَأَوۡبَارِهَا وَأَشۡعَارِهَآ أَثَٰثًا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٍ ٨٠Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да / пайда етті وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّمَّا خَلَقَ ظِلَٰلًا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡجِبَالِ أَكۡنَٰنًا وَجَعَلَ لَكُمۡ سَرَٰبِيلَ تَقِيكُمُ ٱلۡحَرَّ وَسَرَٰبِيلَ تَقِيكُم بَأۡسَكُمۡۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعۡمَتَهُۥ عَلَيۡكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُسۡلِمُونَ ٨١Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер / сауыттар / жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّمَا عَلَيۡكَ ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ ٨٢Ей, Мұхаммед! / Егер олар / әділетсіз күнәһарлар / теріс бұрылса, шын мәнінде саған анық түрде жеткізу ғана міндет يَعۡرِفُونَ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُنكِرُونَهَا وَأَكۡثَرُهُمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ ٨٣Олар Аллаһтың игілігін таниды / мойындайды / , ал кейін оны теріске шығарады. Сондай-ақ олардың / әділетсіз күнәһарлардың / көбі -кәпірлер وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ مِن كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا ثُمَّ لَا يُؤۡذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ ٨٤Әрі сол / қайта тірілу / күні әрбір үмметтен куә жібереміз. Кейін, сондай, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / рұқсат берілмейді және талап етілмейді وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ ٱلۡعَذَابَ فَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ ٨٥Ал, әділетсіздер азапты көрген кезде оларға жеңілдетілмейді әрі Оларға мұрсат та берілмейді وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ شُرَكَآءَهُمۡ قَالُواْ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ شُرَكَآؤُنَا ٱلَّذِينَ كُنَّا نَدۡعُواْ مِن دُونِكَۖ فَأَلۡقَوۡاْ إِلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلَ إِنَّكُمۡ لَكَٰذِبُونَ ٨٦Аллаһқа серік қосқандар, сол қосқан серіктерін / қайта тірілу күні / көрген кез­де: «Раббымыз! Біздің Сенен өзге тілеп-табыңғандарымыз осылар», дейді. Сонда олар бұларға: «Шындығында, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», -деп тіл қатады وَأَلۡقَوۡاْ إِلَى ٱللَّهِ يَوۡمَئِذٍ ٱلسَّلَمَۖ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ ٨٧Әрі ол / қайта тірілу / күні олар Аллаһқа бойсұна қалады. Ал олардың ой­дан шығарған нәрселері жоқ болып кетеді ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ زِدۡنَٰهُمۡ عَذَابًا فَوۡقَ ٱلۡعَذَابِ بِمَا كَانُواْ يُفۡسِدُونَ ٨٨Сондай күпірлік еткендерге / Аллаһтың бірлігін мойындамағандарға / әрі Аллаһтың жолынан тосқандарға бұзу-бүлдірушіліктері үшін азап үстіне азап арттырдық وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا عَلَيۡهِم مِّنۡ أَنفُسِهِمۡۖ وَجِئۡنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَٰٓؤُلَآءِۚ وَنَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ تِبۡيَٰنًا لِّكُلِّ شَيۡءٍ وَهُدًى وَرَحۡمَةً وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ ٨٩Ол күні әрбір үмметтің ішіне, оларға қарсы өз араларынан куә / елшілерді / жібереміз. / Ей, Мұхаммед! / Әрі сені мыналарға қарсы куә етіп келтіреміз. Біз саған Кітапты / Құранды / әрбір нәрсенің түсіндірмесі және Мұсылмандар / бойсұнушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / ,мейірім әрі қуанышты хабар етіп түсірдік ۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَٱلۡإِحۡسَٰنِ وَإِيتَآيِٕ ذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَيَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِ وَٱلۡبَغۡيِۚ يَعِظُكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ ٩٠Ақиқатында, Аллаһ әділдікті, ықыласпен жақсылық етуді және туысқандарға / жақсылық істеуді / пъбұйырады. Әрі Ол жиіркенішті істерден және қайтарылған нәрселерден әрі зиян келтіруден тыяды. Ол сендерге осыларды еске алуларың үшін насихат етеді وَأَوۡفُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ إِذَا عَٰهَدتُّمۡ وَلَا تَنقُضُواْ ٱلۡأَيۡمَٰنَ بَعۡدَ تَوۡكِيدِهَا وَقَدۡ جَعَلۡتُمُ ٱللَّهَ عَلَيۡكُمۡ كَفِيلًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا تَفۡعَلُونَ ٩١Серт берсеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар. Әрі анттарыңды бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Сендер Аллаһты өздеріне кепіл еткенсіңдер. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды біледі وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّتِي نَقَضَتۡ غَزۡلَهَا مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٍ أَنكَٰثًا تَتَّخِذُونَ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ أَن تَكُونَ أُمَّةٌ هِيَ أَرۡبَىٰ مِنۡ أُمَّةٍۚ إِنَّمَا يَبۡلُوكُمُ ٱللَّهُ بِهِۦۚ وَلَيُبَيِّنَنَّ لَكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَا كُنتُمۡ فِيهِ تَخۡتَلِفُونَ ٩٢Сендер жібін мықтап иіргеннен кейін оны тарқатқан бір әйел сияқты болмаңдар. Сол сияқты бір топ басқа топтан көп болғаны үшін анттарыңды өзара алдау етпеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ сендерді осы арқылы сынайды әрі Қайта тірілу күні, Ол сендерге қайшылыққа түскендеріңді түсіндіріп береді وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَكُمۡ أُمَّةً وَٰحِدَةً وَلَٰكِن يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَلَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ٩٣Егер де Аллаһ қалағанда сендерді бір ғана үммет етер еді. Бірақ Ол қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Сендер істеген амалдарың жайлы міндетті түрде сұраққа тартыласыңдар وَلَا تَتَّخِذُوٓاْ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ فَتَزِلَّ قَدَمُۢ بَعۡدَ ثُبُوتِهَا وَتَذُوقُواْ ٱلسُّوٓءَ بِمَا صَدَدتُّمۡ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَكُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٌ ٩٤Анттарыңды өзара алдау етпеңдер, әйтпесе, табандарың орныққаннан кейін сүрініп, Аллаһтың жолынан қайтарғандықтарың үшін жамандық татасыңдар әрі сендерге орасан ауыр азап болады وَلَا تَشۡتَرُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ ثَمَنًا قَلِيلًاۚ إِنَّمَا عِندَ ٱللَّهِ هُوَ خَيۡرٌ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ ٩٥Аллаһқа берген серттеріңнің орнына болмашы бағаны / дүниелік нәрсені / сатып алмандар. Егер білген болсаңдар, Аллаһтағы нәрсе / қайтарым сый / сендер үшін қайырлы مَا عِندَكُمۡ يَنفَدُ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ بَاقٍۗ وَلَنَجۡزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوٓاْ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٩٦Сендердегі нәрселер таусылады, ал Аллаһтағы- мәңгілік. Біз сабырлық танытқандардың сыйын олардың істегендерінен артық етіп қайтарамыз مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحًا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٌ فَلَنُحۡيِيَنَّهُۥ حَيَوٰةً طَيِّبَةًۖ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٩٧Ер немесе әйелден кім иманды / мүмін / болған күйде ізгі амал істесе, онда оны жақсы өмірмен жандандырамыз / игілікті өмір сүргіземіз / .Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз فَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ ٱلرَّجِيمِ ٩٨Құранды оқыған кезіңде, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынып, Оның қорғауын сұра إِنَّهُۥ لَيۡسَ لَهُۥ سُلۡطَٰنٌ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ ٩٩Анығында, ол / шайтан / иманға келген және Раббысына жүгініп, істерін Оған тапсырғандарға / тәуекел еткендерге / билік жүргізе алмайды إِنَّمَا سُلۡطَٰنُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَوَلَّوۡنَهُۥ وَٱلَّذِينَ هُم بِهِۦ مُشۡرِكُونَ ١٠٠Ақиқатында, оның / шайтанның / билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және сондай онымен серік қосатындарға ғана жүреді وَإِذَا بَدَّلۡنَآ ءَايَةً مَّكَانَ ءَايَةٍ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا يُنَزِّلُ قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مُفۡتَرِۭۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ١٠١Ал, қашан Біз бір аятты басқа аятпен алмастырсақ, Аллаһ Өзінің не түсіретінін жақсы Білуші. Олар: «Сен бар болғаны ойдан шығарушысың / өтірікшісің / »,- деді. Олай емес. Олардың көбі білмейді قُلۡ نَزَّلَهُۥ رُوحُ ٱلۡقُدُسِ مِن رَّبِّكَ بِٱلۡحَقِّ لِيُثَبِّتَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهُدًى وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ ١٠٢Ей, Мұхаммед!Айт: «Оны / Құранды / қасиетті Рух / Жәбірейіл / Раббыңнан ақиқатпен - мүміндері / имандыларды / бекіту үшін және Мұсылмандарға / бойсұнушыларға / жолбасшы әрі қуанышты хабар етіп түсірді», деп وَلَقَدۡ نَعۡلَمُ أَنَّهُمۡ يَقُولُونَ إِنَّمَا يُعَلِّمُهُۥ بَشَرٌۗ لِّسَانُ ٱلَّذِي يُلۡحِدُونَ إِلَيۡهِ أَعۡجَمِيٌّ وَهَٰذَا لِسَانٌ عَرَبِيٌّ مُّبِينٌ ١٠٣Әрі Біз олардың: «Негізінде, оған оны / Құранды / бір адам үйретеді»,-деп айтатындарын білеміз. Олар меңзеген адамның тілі бөтен, ал бұл- анық араб тілі إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ لَا يَهۡدِيهِمُ ٱللَّهُ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ ١٠٤Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар إِنَّمَا يَفۡتَرِي ٱلۡكَذِبَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَٰذِبُونَ ١٠٥Өтірікті - Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар - нағыз өтірікші, суайттар مَن كَفَرَ بِٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ إِيمَٰنِهِۦٓ إِلَّا مَنۡ أُكۡرِهَ وَقَلۡبُهُۥ مُطۡمَئِنُّۢ بِٱلۡإِيمَٰنِ وَلَٰكِن مَّن شَرَحَ بِٱلۡكُفۡرِ صَدۡرًا فَعَلَيۡهِمۡ غَضَبٌ مِّنَ ٱللَّهِ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٌ ١٠٦Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе / қарсы шықса / , - ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке / имансыздыққа / көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱسۡتَحَبُّواْ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا عَلَى ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡكَٰفِرِينَ ١٠٧Мұның себебі - олардың осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көргендіктерінен. Әрі күмәнсіз, Аллаһ кәпір адамдарды тура жолға салмайды أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَسَمۡعِهِمۡ وَأَبۡصَٰرِهِمۡۖ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡغَٰفِلُونَ ١٠٨Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп / бітеп / тастағандар. Олар - нағыз қаперсіздер لَا جَرَمَ أَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ ١٠٩Күмәнсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / нағыз зиян көрушілер болады ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ هَاجَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا فُتِنُواْ ثُمَّ جَٰهَدُواْ وَصَبَرُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٌ رَّحِيمٌ ١١٠Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бүлікке ұшырағаннан кейін қоныс аударып, одан соң / Аллаһ жолында! күрескен және сабыр еткендерге - содан / бүліктен / кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді ۞ يَوۡمَ تَأۡتِي كُلُّ نَفۡسٍ تُجَٰدِلُ عَن نَّفۡسِهَا وَتُوَفَّىٰ كُلُّ نَفۡسٍ مَّا عَمِلَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ ١١١Ол / қайта тірілу / күні әрбір жан өзі үшін дауласады және әркімге істегені толық беріліп, оларға әділетсіздік жасалмайды وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا قَرۡيَةً كَانَتۡ ءَامِنَةً مُّطۡمَئِنَّةً يَأۡتِيهَا رِزۡقُهَا رَغَدًا مِّن كُلِّ مَكَانٍ فَكَفَرَتۡ بِأَنۡعُمِ ٱللَّهِ فَأَذَٰقَهَا ٱللَّهُ لِبَاسَ ٱلۡجُوعِ وَٱلۡخَوۡفِ بِمَا كَانُواْ يَصۡنَعُونَ ١١٢Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті / Раббысының бергендерін мойындамады / . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды وَلَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٌ مِّنۡهُمۡ فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَهُمۡ ظَٰلِمُونَ ١١٣Анығында, оларға өз іштерінен Елші келген еді. Алайда олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларға азап тиді әрі олар / өздері-өздеріне / әділетсіздік етті فَكُلُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلًا طَيِّبًا وَٱشۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ ١١٤Аллаһқа құлшылық ететін болсаңдар, Аллаһ сендерге ризық етіп берген халал / рұқсат етілген / , жақсы нәрселерден жендер әрі шүкір етіңдер / Оның игіліктеріне алғыс білдіріңдер إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَيۡتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحۡمَ ٱلۡخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيۡرِ ٱللَّهِ بِهِۦۖ فَمَنِ ٱضۡطُرَّ غَيۡرَ بَاغٍ وَلَا عَادٍ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ ١١٥Анығында, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан өзгеге арналып бауыздалғанды тыйым салды. Алайда кім қаламаса да жеуге мәжбүр болып, шектен шықпаса, онда Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді وَلَا تَقُولُواْ لِمَا تَصِفُ أَلۡسِنَتُكُمُ ٱلۡكَذِبَ هَٰذَا حَلَٰلٌ وَهَٰذَا حَرَامٌ لِّتَفۡتَرُواْ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَ لَا يُفۡلِحُونَ ١١٦Тілдеріңнің «бұл халал / рұқсат етілген / , бұл - харам / тыйым салынған / » -деп, өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Онда Аллаһқа жала жапқан боласыңдар. Ақиқатында, Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мұратына жетпейді مَتَٰعٌ قَلِيلٌ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ ١١٧Оларға дүниеде / аз ғана уақытша пайдалану бар. Әрі / ақиретте / оларға күйзелтуші азап болады وَعَلَى ٱلَّذِينَ هَادُواْ حَرَّمۡنَا مَا قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ مِن قَبۡلُۖ وَمَا ظَلَمۡنَٰهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ ١١٨Ей, Мұхаммед! / Ал, иудейлерге, Біз саған бұрын баян еткен нәрселерімізді ғана тыйым салдық. Біз оларға әділетсіздік етпедік, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسُّوٓءَ بِجَهَٰلَةٍ ثُمَّ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ وَأَصۡلَحُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٌ رَّحِيمٌ ١١٩Ақиқатында, / ғапылдықпен / білмей жамандық істеп қойып, артынан істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтатын / тәубеге келетін / және түзеткендерге Раббың содан кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді إِنَّ إِبۡرَٰهِيمَ كَانَ أُمَّةً قَانِتًا لِّلَّهِ حَنِيفًا وَلَمۡ يَكُ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ ١٢٠Ақиқатында, Ибраһим / үлгі тұтатын / жетекші, Аллаһқа беріле бойсұнушы, ханиф еді. Әрі ол серік қосушылардан / Аллаһпен қатар өзгелерге табынушы / болмады شَاكِرًا لِّأَنۡعُمِهِۚ ٱجۡتَبَىٰهُ وَهَدَىٰهُ إِلَىٰ صِرَٰطٍ مُّسۡتَقِيمٍ ١٢١Ол / Ибраһим / Оның игіліктеріне шүкір етуші / Раббысының бергендеріне алғыс білдіруші / еді. Ол / Аллаһ / оны таңдады әрі тура жолмен жүргізді وَءَاتَيۡنَٰهُ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةًۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ ١٢٢Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол ізгілерден болады ثُمَّ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ أَنِ ٱتَّبِعۡ مِلَّةَ إِبۡرَٰهِيمَ حَنِيفًاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ ١٢٣Ей, Мұхаммед! / Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған / Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған / Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік إِنَّمَا جُعِلَ ٱلسَّبۡتُ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ ١٢٤Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді ٱدۡعُ إِلَىٰ سَبِيلِ رَبِّكَ بِٱلۡحِكۡمَةِ وَٱلۡمَوۡعِظَةِ ٱلۡحَسَنَةِۖ وَجَٰدِلۡهُم بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ ١٢٥Ей, Мұхаммед! / Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс. Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқанды жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі وَإِنۡ عَاقَبۡتُمۡ فَعَاقِبُواْ بِمِثۡلِ مَا عُوقِبۡتُم بِهِۦۖ وَلَئِن صَبَرۡتُمۡ لَهُوَ خَيۡرٌ لِّلصَّٰبِرِينَ ١٢٦Сондай-ақ, егер / өздеріңе зиян келтіргенді / жазалайтын болсаңдар, өздеріңе зиян тигізгендей ғана жазалаңдар. Ал, егер сабырлық танытсаңдар, сабыр етушілер үшін бұл қайырлы وَٱصۡبِرۡ وَمَا صَبۡرُكَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَلَا تَكُ فِي ضَيۡقٍ مِّمَّا يَمۡكُرُونَ ١٢٧Ей, Мұхаммеді / Сабыр ет! Сенің сабыр етуің Аллаһ арқылы / Оның көмегімен / ғана. Оларға бола қайғырма және олардың жасаған қулық-сұмдықтарына қысылма إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحۡسِنُونَ ١٢٨Ақиқатында, Аллаһ тақуалармен / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / және жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.