ملة الإسلام

السورة 78 · 40 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة النبأ باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة النبأ (1,427 قارئاً)
مكيةسورة النبأ٤٠ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ ١Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ ٢Ұлы хабар туралы ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ ٣өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта كـَلَّا سَيَعۡلَمُونَ ٤Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі ثُمَّ كـَلَّا سَيَعۡلَمُونَ ٥Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدًا ٦Біз жерді төсеніш етпедік пе وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادًا ٧ал тауларды қазық وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجًا ٨Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتًا ٩Ал ұйқыларыңды тынығу еттік وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسًا ١٠әрі түнді жамылғы етіп жасадық وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشًا ١١және күндізді тіршілік / уақыты / етіп жасадық وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعًا شِدَادًا ١٢Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық وَجَعَلۡنَا سِرَاجًا وَهَّاجًا ١٣және лаулаған шырақ жасадық وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءً ثَجَّاجًا ١٤Әрі сығылушылардан / бұлттардан / мол су түсірдік لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبًّا وَنَبَاتًا ١٥онымен дән және өсімдікті шығару үшін وَجَنَّٰتٍ أَلۡفَافًا ١٦және ну бақтарды да إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتًا ١٧Ақиқатында, Айыру күні - белгіленген бір мерзім يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجًا ١٨Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبًا ١٩Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا ٢٠ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادًا ٢١Ақиқатында, Жаһаннам - аңдып, күтіп тұрушы لِّلطَّٰغِينَ مَـَٔابًا ٢٢шектен шығушылар үшін қайтар орын لَّٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابًا ٢٣Олар онда ғасырлар бойы қалады لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدًا وَلَا شَرَابًا ٢٤Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды إِلَّا حَمِيمًا وَغَسَّاقًا ٢٥тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа جَزَآءً وِفَاقًا ٢٦істеріне лайықты қайтарым ретінде إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابًا ٢٧Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген / қорықпаған / еді وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابًا ٢٨әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبًا ٢٩Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا ٣٠Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا ٣١Күмәнсіз, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін - игілік мекені حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبًا ٣٢бақтар мен жүзімдіктер وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابًا ٣٣әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар وَكَأۡسًا دِهَاقًا ٣٤және толы кеселер لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا وَلَا كِذَّٰبًا ٣٥Олар онда / Жәннатта / бос сөзді де, өтірікті де естімейді جَزَآءً مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابًا ٣٦Бұл - Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابًا ٣٧аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы - ар-Рахманнан. Одан / рұқсатсыз / тіл қатуға ие болмайды يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ صَفًّاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابًا ٣٨Ол күні Рух / Жәбірейіл / және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі / рұқсат берілгенде / дұрысты ғана сөйлейді ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا ٣٩Сол күн - ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابًا قَرِيبًا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا ٤٠Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», - дейді

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.