بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرۡقًا ١Қатты тартып, суырып алушылармен وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشۡطًا ٢жеңіл етіп шығарып алушылармен وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبۡحًا ٣және жылдам жүзушілермен فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبۡقًا ٤солай, екпінді озушылармен فَٱلۡمُدَبِّرَٰتِ أَمۡرًا ٥бұйрықты орындаушылармен ант етемін يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ ٦Ол күні сілкінуші сілкінеді تَتۡبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ ٧оған артынан келесісі жалғасады قُلُوبٌ يَوۡمَئِذٍ وَاجِفَةٌ ٨Ол күні жүректер тітірейді أَبۡصَٰرُهَا خَٰشِعَةٌ ٩көздер қорлана бағынып, төмен қарайды يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرۡدُودُونَ فِي ٱلۡحَافِرَةِ ١٠Олар / сенбеушілер / : «Біз артқа қайтарыламыз ба أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمًا نَّخِرَةً ١١Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді قَالُواْ تِلۡكَ إِذًا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌ ١٢Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٌ وَٰحِدَةٌ ١٣Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ ١٤Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ ١٥Саған Мұсаның хабары келді ме إِذۡ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوًى ١٦Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ ١٧«Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты فَقُلۡ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ ١٨Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба وَأَهۡدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخۡشَىٰ ١٩Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп فَأَرَىٰهُ ٱلۡأٓيَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰ ٢٠Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ ٢١бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты ثُمَّ أَدۡبَرَ يَسۡعَىٰ ٢٢Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті فَحَشَرَ فَنَادَىٰ ٢٣Әрі / халқын / жинап, жар салды فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ ٢٤«Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلۡأٓخِرَةِ وَٱلۡأُولَىٰٓ ٢٥Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةً لِّمَن يَخۡشَىٰٓ ٢٦Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар ءَأَنتُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا ٢٧Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды رَفَعَ سَمۡكَهَا فَسَوَّىٰهَا ٢٨оның төбесін көтеріп, оны теңестірді وَأَغۡطَشَ لَيۡلَهَا وَأَخۡرَجَ ضُحَىٰهَا ٢٩және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды وَٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ ٣٠Әрі одан кейін жерді жайды أَخۡرَجَ مِنۡهَا مَآءَهَا وَمَرۡعَىٰهَا ٣١Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды وَٱلۡجِبَالَ أَرۡسَىٰهَا ٣٢және тауларды бекітіп орнықтырды مَتَٰعًا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ ٣٣сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلۡكُبۡرَىٰ ٣٤Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде يَوۡمَ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ ٣٥сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ ٣٦және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі فَأَمَّا مَن طَغَىٰ ٣٧Сонда кім шектен шыққан болса وَءَاثَرَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا ٣٨әрі бұл өмірді артық көрген болса فَإِنَّ ٱلۡجَحِيمَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ ٣٩онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ) وَأَمَّا مَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفۡسَ عَنِ ٱلۡهَوَىٰ ٤٠Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса فَإِنَّ ٱلۡجَنَّةَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ ٤١онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَا ٤٢Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды فِيمَ أَنتَ مِن ذِكۡرَىٰهَآ ٤٣Ол туралы сен не айта аласың إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ ٤٤Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخۡشَىٰهَا ٤٥сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَهَا لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا عَشِيَّةً أَوۡ ضُحَىٰهَا ٤٦Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады