بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا ٱلشَّمۡسُ كُوِّرَتۡ ١Күн оратылып бүктелген кезде وَإِذَا ٱلنُّجُومُ ٱنكَدَرَتۡ ٢әрі жұлдыздар төгілген кезде وَإِذَا ٱلۡجِبَالُ سُيِّرَتۡ ٣және таулар / орнынан / қозғалтылған кезде وَإِذَا ٱلۡعِشَارُ عُطِّلَتۡ ٤және он айлық буаз түйелер қараусыз қалған кезде وَإِذَا ٱلۡوُحُوشُ حُشِرَتۡ ٥әрі аңдар жиылған кезде وَإِذَا ٱلۡبِحَارُ سُجِّرَتۡ ٦және теңіздер отқа айналған кезде وَإِذَا ٱلنُّفُوسُ زُوِّجَتۡ ٧және жандар топтастырылған кезде وَإِذَا ٱلۡمَوۡءُۥدَةُ سُئِلَتۡ ٨әрі тірідей көмілген қыз сұралған кезде بِأَيِّ ذَنۢبٍ قُتِلَتۡ ٩«Қай күнәсі үшін өлтірілді?» - / деп وَإِذَا ٱلصُّحُفُ نُشِرَتۡ ١٠Аман / жазбалары таратылған кезде وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ كُشِطَتۡ ١١және аспан сыдырылып алынған кезде وَإِذَا ٱلۡجَحِيمُ سُعِّرَتۡ ١٢және Жахим (Тозақ) жандырылған кезде وَإِذَا ٱلۡجَنَّةُ أُزۡلِفَتۡ ١٣әрі Жәннат жақындатылған кезде عَلِمَتۡ نَفۡسٌ مَّآ أَحۡضَرَتۡ ١٤әрбір жан нені дайындап, алып келгенін біледі فَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلۡخُنَّسِ ١٥Жоқ! Қайтушылармен ант етемін ٱلۡجَوَارِ ٱلۡكُنَّسِ ١٦қозғалушы, жасырынушы وَٱلَّيۡلِ إِذَا عَسۡعَسَ ١٧әрі қараңғылығы түсе бастаған түнмен وَٱلصُّبۡحِ إِذَا تَنَفَّسَ ١٨және тыныс алып, ағарабастаған таңмен إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ ١٩Анығында, бұл - ардақты Елшінің сөзі ذِي قُوَّةٍ عِندَ ذِي ٱلۡعَرۡشِ مَكِينٍ ٢٠күшті және Аршы Иесінің алдында мәртебелі مُّطَاعٍ ثَمَّ أَمِينٍ ٢١оған ол жақта / періштелер / бағынатын, сенімді وَمَا صَاحِبُكُم بِمَجۡنُونٍ ٢٢Сендердің жолдастарың жынды емес وَلَقَدۡ رَءَاهُ بِٱلۡأُفُقِ ٱلۡمُبِينِ ٢٣Ол, оны анық көкжиекте көрді وَمَا هُوَ عَلَى ٱلۡغَيۡبِ بِضَنِينٍ ٢٤Әрі ол ғайыпты / уахиды / жеткізуде сараңдық / кемітушілік / істемеді وَمَا هُوَ بِقَوۡلِ شَيۡطَٰنٍ رَّجِيمٍ ٢٥және бұл - қуылған шайтанның сөзі емес فَأَيۡنَ تَذۡهَبُونَ ٢٦Сонда, қайда барасыңдар إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٌ لِّلۡعَٰلَمِينَ ٢٧Ол / Құран / - әлемдер үшін еске салу ғана لِمَن شَآءَ مِنكُمۡ أَن يَسۡتَقِيمَ ٢٨сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٢٩Әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар