ملة الإسلام

السورة 80 · 42 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة عبس باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة عبس (1,320 قارئاً)
مكيةسورة عبس٤٢ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

عَبَسَ وَتَوَلَّىٰٓ ١Ол қабағы түсіп, бұрылды أَن جَآءَهُ ٱلۡأَعۡمَىٰ ٢оған соқыр кісінің келгендігінен وَمَا يُدۡرِيكَ لَعَلَّهُۥ يَزَّكَّىٰٓ ٣Ей, Мұхаммед! / Сен қайдан білесің, мүмкін ол тазаратын шығар أَوۡ يَذَّكَّرُ فَتَنفَعَهُ ٱلذِّكۡرَىٰٓ ٤Немесе еске алар, сөйтіп еске салу оған пайда берер أَمَّا مَنِ ٱسۡتَغۡنَىٰ ٥Ал, қажетсінбейтін біреу болса فَأَنتَ لَهُۥ تَصَدَّىٰ ٦сен оған көңіл бөлесің وَمَا عَلَيۡكَ أَلَّا يَزَّكَّىٰ ٧Ал, оның тазармауында тұрған саған еш нәрсе жоқ وَأَمَّا مَن جَآءَكَ يَسۡعَىٰ ٨Ал біреу саған ынталанып келсе وَهُوَ يَخۡشَىٰ ٩әрі / Раббысынан / қорыққан халде فَأَنتَ عَنۡهُ تَلَهَّىٰ ١٠сен одан / басқаға / көңіл аударасың كـَلَّآ إِنَّهَا تَذۡكِرَةٌ ١١Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ ١٢Кім қаласа, оны есіне алады فِي صُحُفٍ مُّكَرَّمَةٍ ١٣құрметті жазбаларда / сухуфтарда مَّرۡفُوعَةٍ مُّطَهَّرَةِۭ ١٤жоғары бағаланған тап-таза بِأَيۡدِي سَفَرَةٍ ١٥елшілердің / періштелердің / қолында كِرَامِۭ بَرَرَةٍ ١٦қадірлі, игі قُتِلَ ٱلۡإِنسَٰنُ مَآ أَكۡفَرَهُۥ ١٧Сенбеген / адамның жаны шықсын! Күпірлік етуде / игіліктерді мойындамауда / ол қандай қатты مِنۡ أَيِّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥ ١٨Ол / Аллаһ / оны не нәрседен жаратты مِن نُّطۡفَةٍ خَلَقَهُۥ فَقَدَّرَهُۥ ١٩Бір тамшыдан жаратты, әрі белгіледі ثُمَّ ٱلسَّبِيلَ يَسَّرَهُۥ ٢٠Содан соң оған жолды оңайластырды ثُمَّ أَمَاتَهُۥ فَأَقۡبَرَهُۥ ٢١Одан кейін оның жанын алып, / мүрдесін / қабірге қойдырды ثُمَّ إِذَا شَآءَ أَنشَرَهُۥ ٢٢Кейін оны Өзі қалаған кезде қайта тірілтеді كـَلَّا لَمَّا يَقۡضِ مَآ أَمَرَهُۥ ٢٣Жоқ! Ол болса, Оның бұйрығын орындамады فَلۡيَنظُرِ ٱلۡإِنسَٰنُ إِلَىٰ طَعَامِهِۦٓ ٢٤Ал, енді адам өзінің тамағына, бір көз салып қарасын أَنَّا صَبَبۡنَا ٱلۡمَآءَ صَبًّا ٢٥Біз суды мол етіп құйдық / жаудырдық ثُمَّ شَقَقۡنَا ٱلۡأَرۡضَ شَقًّا ٢٦содан кейін жерді тілімдеп айырдық فَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا حَبًّا ٢٧Сөйтіп одан дәнді / дақылдар / өсірдік وَعِنَبًا وَقَضۡبًا ٢٨әрі жүзім мен жоңышқаны وَزَيۡتُونًا وَنَخۡلًا ٢٩және зәйтүн мен құрманы وَحَدَآئِقَ غُلۡبًا ٣٠және қалың бау-бақтарды وَفَٰكِهَةً وَأَبًّا ٣١сондай-ақ, жемістер мен шөптерді مَّتَٰعًا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ ٣٢сендердің пайдалануларыңа әрі малдарың үшін فَإِذَا جَآءَتِ ٱلصَّآخَّةُ ٣٣Ал енді Сохха келген кезде يَوۡمَ يَفِرُّ ٱلۡمَرۡءُ مِنۡ أَخِيهِ ٣٤сол күні адам, туған бауырынан қашады وَأُمِّهِۦ وَأَبِيهِ ٣٥және анасы мен әкесінен وَصَٰحِبَتِهِۦ وَبَنِيهِ ٣٦әрі әйелі мен балаларынан لِكُلِّ ٱمۡرِيٍٕ مِّنۡهُمۡ يَوۡمَئِذٍ شَأۡنٌ يُغۡنِيهِ ٣٧Ол күні әрбір адамды әлек ететін оз ісі бар وُجُوهٌ يَوۡمَئِذٍ مُّسۡفِرَةٌ ٣٨Ол күні / кейбір / жүздер жарқын ضَاحِكَةٌ مُّسۡتَبۡشِرَةٌ ٣٩күлімсіреген, қуанышты وَوُجُوهٌ يَوۡمَئِذٍ عَلَيۡهَا غَبَرَةٌ ٤٠Әрі ол күні / кейбір / жүздерді шаң басып تَرۡهَقُهَا قَتَرَةٌ ٤١олар қарайған болады أُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَفَرَةُ ٱلۡفَجَرَةُ ٤٢Міне, солар - кәпірлер, бұзықтар

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.