بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَٱلطُّورِ ١Турмен ант етемін وَكِتَٰبٍ مَّسۡطُورٍ ٢әрі жазылған Кітаппен فِي رَقٍّ مَّنشُورٍ ٣жайылған жұқа нәрсеге / жұқа теріге, қағазға وَٱلۡبَيۡتِ ٱلۡمَعۡمُورِ ٤Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді) وَٱلسَّقۡفِ ٱلۡمَرۡفُوعِ ٥және биік көтерілген шатырмен وَٱلۡبَحۡرِ ٱلۡمَسۡجُورِ ٦және көтерілген теңізбен ант етемін إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَٰقِعٌ ٧Раббыңның жазасы / азабы / міндетті түрде түседі مَّا لَهُۥ مِن دَافِعٍ ٨оны қайтарушы жоқ يَوۡمَ تَمُورُ ٱلسَّمَآءُ مَوۡرًا ٩Ол күні аспан теңселіп шайқалады وَتَسِيرُ ٱلۡجِبَالُ سَيۡرًا ١٠ал таулар қозғалып жылжиды فَوَيۡلٌ يَوۡمَئِذٍ لِّلۡمُكَذِّبِينَ ١١Сол күні / Аллаһты әрі Оның Елшісін / өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي خَوۡضٍ يَلۡعَبُونَ ١٢сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге يَوۡمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا ١٣Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі هَٰذِهِ ٱلنَّارُ ٱلَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ ١٤Оларға / : «Міне, осы - сендер өтірік санап келген От أَفَسِحۡرٌ هَٰذَآ أَمۡ أَنتُمۡ لَا تُبۡصِرُونَ ١٥Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма ٱصۡلَوۡهَا فَٱصۡبِرُوٓاْ أَوۡ لَا تَصۡبِرُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡكُمۡۖ إِنَّمَا تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ١٦Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да - сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», - делінеді إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتٍ وَنَعِيمٍ ١٧Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді فَٰكِهِينَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ وَوَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ ١٨олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ ١٩Оларға: / «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» - делінеді مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ سُرُرٍ مَّصۡفُوفَةٍۖ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٍ ٢٠Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді / хурларды / қосамыз وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱتَّبَعَتۡهُمۡ ذُرِّيَّتُهُم بِإِيمَٰنٍ أَلۡحَقۡنَا بِهِمۡ ذُرِّيَّتَهُمۡ وَمَآ أَلَتۡنَٰهُم مِّنۡ عَمَلِهِم مِّن شَيۡءٍۚ كُلُّ ٱمۡرِيِٕۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ ٢١Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының / амалының / тұтқыны وَأَمۡدَدۡنَٰهُم بِفَٰكِهَةٍ وَلَحۡمٍ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ ٢٢Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді / ет тағамдарын / қосамыз يَتَنَٰزَعُونَ فِيهَا كَأۡسًا لَّا لَغۡوٌ فِيهَا وَلَا تَأۡثِيمٌ ٢٣Ол жерде олар / сусын / толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды ۞ وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ غِلۡمَانٌ لَّهُمۡ كَأَنَّهُمۡ لُؤۡلُؤٌ مَّكۡنُونٌ ٢٤Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ يَتَسَآءَلُونَ ٢٥Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады قَالُوٓاْ إِنَّا كُنَّا قَبۡلُ فِيٓ أَهۡلِنَا مُشۡفِقِينَ ٢٦Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا وَوَقَىٰنَا عَذَابَ ٱلسَّمُومِ ٢٧Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلُ نَدۡعُوهُۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡبَرُّ ٱلرَّحِيمُ ٢٨Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр / аса Игі / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / »,- дейді فَذَكِّرۡ فَمَآ أَنتَ بِنِعۡمَتِ رَبِّكَ بِكَاهِنٍ وَلَا مَجۡنُونٍ ٢٩Ей, Мұхаммед! / Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің أَمۡ يَقُولُونَ شَاعِرٌ نَّتَرَبَّصُ بِهِۦ رَيۡبَ ٱلۡمَنُونِ ٣٠Не болмаса олар: «Ол - ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», - дейді قُلۡ تَرَبَّصُواْ فَإِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُتَرَبِّصِينَ ٣١Ей, Мұхаммед! / Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», - деп أَمۡ تَأۡمُرُهُمۡ أَحۡلَٰمُهُم بِهَٰذَآۚ أَمۡ هُمۡ قَوۡمٌ طَاغُونَ ٣٢Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма أَمۡ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُۥۚ بَل لَّا يُؤۡمِنُونَ ٣٣Әлде олар: «Ол оны / Құранды / ойдан шығарды», - дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді فَلۡيَأۡتُواْ بِحَدِيثٍ مِّثۡلِهِۦٓ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ ٣٤Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас / Құран секілді / хабар келтірсін أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ ٣٥Немесе олар еш нәрсесіз / өздігінен / жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма أَمۡ خَلَقُواْ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ ٣٦Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты / айқын / сенбейді أَمۡ عِندَهُمۡ خَزَآئِنُ رَبِّكَ أَمۡ هُمُ ٱلۡمُصَۜيۡطِرُونَ ٣٧Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма أَمۡ لَهُمۡ سُلَّمٌ يَسۡتَمِعُونَ فِيهِۖ فَلۡيَأۡتِ مُسۡتَمِعُهُم بِسُلۡطَٰنٍ مُّبِينٍ ٣٨Әлде олардың / көтеріліп / тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін أَمۡ لَهُ ٱلۡبَنَٰتُ وَلَكُمُ ٱلۡبَنُونَ ٣٩Немесе қыздар - Аллаһтікі, ал ұлдар - сендердікі ме أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرًا فَهُم مِّن مَّغۡرَمٍ مُّثۡقَلُونَ ٤٠Ей, Мұхаммед! / әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ ٤١Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма أَمۡ يُرِيدُونَ كَيۡدًاۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ هُمُ ٱلۡمَكِيدُونَ ٤٢Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы шыққандардың / өздері ілінеді أَمۡ لَهُمۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشۡرِكُونَ ٤٣Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ - олардың қосқан серіктерінен пәк وَإِن يَرَوۡاْ كِسۡفًا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ سَاقِطًا يَقُولُواْ سَحَابٌ مَّرۡكُومٌ ٤٤Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл - шоғырланған бұлт», - дейді فَذَرۡهُمۡ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي فِيهِ يُصۡعَقُونَ ٤٥Ей, Мұхаммед! / Енді оларды, өздерінің жойылатын / қайта тірілу / күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр يَوۡمَ لَا يُغۡنِي عَنۡهُمۡ كَيۡدُهُمۡ شَيۡـًٔا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ ٤٦Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ عَذَابًا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ٤٧Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді وَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعۡيُنِنَاۖ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ ٤٨Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың / қорғауымыздасың / . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَإِدۡبَٰرَ ٱلنُّجُومِ ٤٩Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте