ملة الإسلام

السورة 50 · 45 آية · Khalifah Altai Charity Foundation

سورة ق باللغة الكازاخية

السورة بالعربية مع التفسير استمع إلى سورة ق (1,405 قارئاً)
مكيةسورة ق٤٥ آية

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

قٓۚ وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡمَجِيدِ ١Қаф. Ұлы дәрежелі Құранмен ант етемін بَلۡ عَجِبُوٓاْ أَن جَآءَهُم مُّنذِرٌ مِّنۡهُمۡ فَقَالَ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا شَيۡءٌ عَجِيبٌ ٢Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл - бір таңқаларлық нәрсе екен أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابًاۖ ذَٰلِكَ رَجۡعُۢ بَعِيدٌ ٣Біз өліп, топыраққа айналған кезімізде ме? Бұл қайту - ұзақ / мүмкін емес / », - деді قَدۡ عَلِمۡنَا مَا تَنقُصُ ٱلۡأَرۡضُ مِنۡهُمۡۖ وَعِندَنَا كِتَٰبٌ حَفِيظُۢ ٤Біз олардан / мүрделерінен / жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар بَلۡ كَذَّبُواْ بِٱلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ فَهُمۡ فِيٓ أَمۡرٍ مَّرِيجٍ ٥Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде оны өтірік деді, ал енді олар сасқалақтап абыржуда أَفَلَمۡ يَنظُرُوٓاْ إِلَى ٱلسَّمَآءِ فَوۡقَهُمۡ كَيۡفَ بَنَيۡنَٰهَا وَزَيَّنَّٰهَا وَمَا لَهَا مِن فُرُوجٍ ٦Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат / жарықшақ / жоқ وَٱلۡأَرۡضَ مَدَدۡنَٰهَا وَأَلۡقَيۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجِۭ بَهِيجٍ ٧Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды / тауларды / тастадық / орнаттық / , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік تَبۡصِرَةً وَذِكۡرَىٰ لِكُلِّ عَبۡدٍ مُّنِيبٍ ٨мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу / ғибрат / үшін істедік وَنَزَّلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً مُّبَٰرَكًا فَأَنۢبَتۡنَا بِهِۦ جَنَّٰتٍ وَحَبَّ ٱلۡحَصِيدِ ٩Аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік وَٱلنَّخۡلَ بَاسِقَٰتٍ لَّهَا طَلۡعٌ نَّضِيدٌ ١٠әрі қауашақтары шоғырланған ұзын құрмаағаштарын да رِّزۡقًا لِّلۡعِبَادِۖ وَأَحۡيَيۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةً مَّيۡتًاۚ كَذَٰلِكَ ٱلۡخُرُوجُ ١١құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. / Қабірлерден / шығу да осылай болады كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٍ وَأَصۡحَٰبُ ٱلرَّسِّ وَثَمُودُ ١٢Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары / құлық иелері / және Сәмұдтықтар / елшілерін / өтірікші санады وَعَادٌ وَفِرۡعَوۡنُ وَإِخۡوَٰنُ لُوطٍ ١٣Әрі Ад елі, Фиръаун және Лұттың ағайындары да وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡأَيۡكَةِ وَقَوۡمُ تُبَّعٍۚ كُلٌّ كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ وَعِيدِ ١٤Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің / жазамен / қорқытуым шындыққа айналды / орындалды أَفَعَيِينَا بِٱلۡخَلۡقِ ٱلۡأَوَّلِۚ بَلۡ هُمۡ فِي لَبۡسٍ مِّنۡ خَلۡقٍ جَدِيدٍ ١٥Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға / қайта тірілтуге / қатысты күмәндануда وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ وَنَعۡلَمُ مَا تُوَسۡوِسُ بِهِۦ نَفۡسُهُۥۖ وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنۡ حَبۡلِ ٱلۡوَرِيدِ ١٦Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын / уәсуәса еткенін / білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз إِذۡ يَتَلَقَّى ٱلۡمُتَلَقِّيَانِ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ قَعِيدٌ ١٧Міне, / әрбір адамның / оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп / жазып / алушы отыр مَّا يَلۡفِظُ مِن قَوۡلٍ إِلَّا لَدَيۡهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ ١٨Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар وَجَآءَتۡ سَكۡرَةُ ٱلۡمَوۡتِ بِٱلۡحَقِّۖ ذَٰلِكَ مَا كُنتَ مِنۡهُ تَحِيدُ ١٩Әрі өлім арпалысы / жан шығатын кездегі қиыншылық / ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең - міне осы وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡوَعِيدِ ٢٠Әрі Сүр үріледі. Бұл - уәде етілген / ескертілген / Күн وَجَآءَتۡ كُلُّ نَفۡسٍ مَّعَهَا سَآئِقٌ وَشَهِيدٌ ٢١Сонда әрбір жан бір айдаушымен және куәгермен бірге келеді لَّقَدۡ كُنتَ فِي غَفۡلَةٍ مِّنۡ هَٰذَا فَكَشَفۡنَا عَنكَ غِطَآءَكَ فَبَصَرُكَ ٱلۡيَوۡمَ حَدِيدٌ ٢٢«Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді وَقَالَ قَرِينُهُۥ هَٰذَا مَا لَدَيَّ عَتِيدٌ ٢٣Әрі оның қасында бірге болған / періште / : «Міне, мынау мендегі дайындағаны», -дейді أَلۡقِيَا فِي جَهَنَّمَ كُلَّ كَفَّارٍ عَنِيدٍ ٢٤«Екеуің ақиқатқа қасарысқан әрбір кәпірді Жаһаннамға тастаңдар مَّنَّاعٍ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٍ مُّرِيبٍ ٢٥жақсылыққа кедергі жасаған, шектен шыққан және күмән келтіргенді ٱلَّذِي جَعَلَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَأَلۡقِيَاهُ فِي ٱلۡعَذَابِ ٱلشَّدِيدِ ٢٦сондай, Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алғанды. Оны қатты азапқа тастаңдар», -делінеді ۞ قَالَ قَرِينُهُۥ رَبَّنَا مَآ أَطۡغَيۡتُهُۥ وَلَٰكِن كَانَ فِي ضَلَٰلِۭ بَعِيدٍ ٢٧Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», - дейді قَالَ لَا تَخۡتَصِمُواْ لَدَيَّ وَقَدۡ قَدَّمۡتُ إِلَيۡكُم بِٱلۡوَعِيدِ ٢٨Ол / Аллаһ / : «Менің алдымда дауласпаңдар. Мен сендерге алдын ала ескерткенмін مَا يُبَدَّلُ ٱلۡقَوۡلُ لَدَيَّ وَمَآ أَنَا۠ بِظَلَّٰمٍ لِّلۡعَبِيدِ ٢٩Менің алдымда сөз өзгертілмейді әрі Мен құлдарға әділетсіздік етуші емеспін», -дейді يَوۡمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ ٱمۡتَلَأۡتِ وَتَقُولُ هَلۡ مِن مَّزِيدٍ ٣٠Сол күні Біз Жаһаннамға: «Толдың ба?» - дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» - дейді وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ غَيۡرَ بَعِيدٍ ٣١Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жәннат жақындатылып, / олардан / алыс болмайды هَٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِكُلِّ أَوَّابٍ حَفِيظٍ ٣٢Міне, осы сендерге - әрбір әрдайым Раббысына қайтушыға, сақтаушыға уәде етілген нәрсе مَّنۡ خَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِ وَجَآءَ بِقَلۡبٍ مُّنِيبٍ ٣٣сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге ٱدۡخُلُوهَا بِسَلَٰمٍۖ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُلُودِ ٣٤«Оған / жәннатқа / амандықпен кіріңдер! Міне, бұл - мәңгілік Күні لَهُم مَّا يَشَآءُونَ فِيهَا وَلَدَيۡنَا مَزِيدٌ ٣٥Оларға ол жерде қалаған нәрселері бар, ал Бізде және қосатынымыз бар وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هُمۡ أَشَدُّ مِنۡهُم بَطۡشًا فَنَقَّبُواْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ هَلۡ مِن مَّحِيصٍ ٣٦Біз олардан / Мекке кәпірлерінен / бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын / құтылатын / жер болды ма إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكۡرَىٰ لِمَن كَانَ لَهُۥ قَلۡبٌ أَوۡ أَلۡقَى ٱلسَّمۡعَ وَهُوَ شَهِيدٌ ٣٧Ақиқатында, Мұнда жүрегі барға немесе естігенін қабылдағанға еске салу / ескерту / бар وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ وَمَا مَسَّنَا مِن لُّغُوبٍ ٣٨Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді فَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ قَبۡلَ طُلُوعِ ٱلشَّمۡسِ وَقَبۡلَ ٱلۡغُرُوبِ ٣٩Ей, Мұхаммед! / Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَأَدۡبَٰرَ ٱلسُّجُودِ ٤٠және түннің бір бөлігінде және сәжделердің / намаздардың / артында да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте وَٱسۡتَمِعۡ يَوۡمَ يُنَادِ ٱلۡمُنَادِ مِن مَّكَانٍ قَرِيبٍ ٤١Әрі шақырушы сол күні жақын жайдан шақырғанда тыңда يَوۡمَ يَسۡمَعُونَ ٱلصَّيۡحَةَ بِٱلۡحَقِّۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُرُوجِ ٤٢Сол күні олар сайханы анық естиді. Міне, бұл - Шығу күні إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِۦ وَنُمِيتُ وَإِلَيۡنَا ٱلۡمَصِيرُ ٤٣Анығында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз, әрі қайту - Бізге يَوۡمَ تَشَقَّقُ ٱلۡأَرۡضُ عَنۡهُمۡ سِرَاعًاۚ ذَٰلِكَ حَشۡرٌ عَلَيۡنَا يَسِيرٌ ٤٤Сол күні жер жарылып, олар асыққан күйде болады. Бүл жинау Бізге оңай نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَقُولُونَۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡهِم بِجَبَّارٍۖ فَذَكِّرۡ بِٱلۡقُرۡءَانِ مَن يَخَافُ وَعِيدِ ٤٥Ей, Мұхаммед! / Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал / насихат ет

الترجمة: Khalifah Altai Charity Foundation.